Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар (4 с)
Күні:
Сынып: 7
Мектеп:№ 4 Х. Досмұхамедов атындағы ЖОМ
Мұғалімнің аты-жөні: М.А.Жиеналиева
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Атомдар мен молекулалар.
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме) Ойлау деңгейі: қолдану
7.1.2.1. – атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу;
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Атом - заттың ең кіші бөлшегі екендігін түсінеді, молекула – заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі екендігін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Атомдар мен молекуланың қасиеттерін оқи отырып айырмашылығын ажыратады, мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар: Атом мен молекула құрамын түсіндіріп, оны практикада қолдана алады.
Бағалау критерийі
Атом – заттың бөлінбейтін ең кіші бөлшегі, ал молекула – заттың бөлінетін кіші бөлшегі екенін біледі, қарапайым заттардың модельдерін құрастыра алады.
Атомдар мен молекулалардың қасиеттері арқылы, олардың айырмашылығын ажыратып, жай және күрделі заттарды анықтай біледі.
Атом теориясының даму тарихы туралы ой қорытады, күрделі заттардың модельдері арқылы құрылысын түсіндіре біледі.