Сабақтың тақырыбы: Ақуыздар. Ақуыздардың бірінші реттік құрылымы. Ақуыз молекуласының құрылымдық сипаты



бет3/11
Дата03.01.2022
өлшемі1,54 Mb.
#108845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5 ЗПС амин қышқылдары

Ақуыздың құрылымы


А.Я.Данилевскийдің полипептидтік теориясына (1888 ж.) сәйкес әрбіп ақуызға ерекше геометриялық құрылым тән. ақуыздардың құрылымдық құрылымын сипаттап жазуда негізіне төрт деңгейлік құрылымын бөліп қарастырады.

АҚУЫЗДЫҢ БІРІНШІ РЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ


Ақуыздың бірінші реттік құрылымы – амин қышқылдарының қалдықтарының кезектесіп орналасуы (барлық байланыстар ковалентті, берік болып келеді). Ақуыз молекуласының бірінші реттік деңгейдегі өмірі ұзаққа созылмайды, максимум 2 аптаны құрайды.

Полипептидтік тізбектің бір ұшында бос, пептидтік байланысқа қатыспаған NH2- тобы болады, оны N- ұшы деп белгілейді. қарама-қарсы ұшында бос, пептидтік байланысқа түспеген СООН- тобы болады, оны С- ұшы деп белгілейді. Амин қышқылының формуласын —NH—C(R1)H—C(О)— деп жазады, да амин қышқылының қалдығы деп атайды. Амин қышқылдары қалдықтарын нөмірлеу N- ұшынан басталады



Пептидтер тек амин қышқылдарының құрамымен ғана емес, сондай-ақ олардың саны мен орналасуы және полипептидтік тізбекте байланысуы арқылы ерекшеленеді.  

Инсулиннің бірінші реттік құрылымын 1944-1954 жылдары Ф. Сенгер анықтады.   Қазіргі уақытта бірнеше жүздеген ақуыздардың бірінші реттік құрылымы сипатталып жазылған. Амин қышқылдарының кезектесіп орналасуы ақуыздың биологиялық қызметін анықтайды, егер қандай да бір себеппен амин қышқылының қатары өзгерсе, ақуыздың қызметі де өзгереді. Бұл ақуыз екі полипептидтік тізбектен тұрады: біріншісі 21 амин қышқылы қалдығынан, ал екіншісі 30 амин қышқылының қалдығынан тұрады. Тізбекте екі дисульфидтік көпір түзіледі.

 

Инсулиннің бірінші реттік құрылымы

Осы ақуыздың бірінші реттік құрылымын анықтауға 10 жылдай уақыт жұмсалды. қазіргі уақытта ақуыздың бірінші реттік құрылымын анықтау автоматтандырылған, және зерттеушілерге көп қиындық туғызбайды.

Ақуыздың бірінші реттік құрылымы туралы ақпарат генде (ДНҚда) жазылған және транскрипция үрдісі кезінде олт ақпарат аРНҚ (мРНҚ) көшіріледі, ал трансляция үдерісі кезінде ақуыз молекуласына айналады. сондықтан ақуыздың бірінші реттік құрылымын анықтау үшін геннің құрылымын анықтау қажет.

Бірінші реттік құрылымы бойынша гомологиялық ақуыздарға қарап, түрлердің таксономиялық туыстығы жөнінде айтуға болады. гомологиялық ақуыздар дегеніміз, әртүрлі түрлерде бірдей қызмет атқаратын ақуыздарды айтады. Мұндай ақуыздар бірдей амин қышқылдары тізбегінен тұрады. мысалы, цитохром С ақуызының көптеген түрлерде салыстырмалы молекулалық салмағы 12500 және 100 жуық амин қышқылы қалдығынан тұрады. Цитохром С ақуызының бірінші реттік құрылымындағы айырмашылық екі түрдің арасында филогенетикалық айырмашылығына алып келеді. мысалы жылқы мен ашытқы ағзаларының арасында цитохром С ақуызы 48 амин қышылы қалдығы бойынша айырмашылығы бар, тауық пен үйректе - екі амин қышқылы қалдығы бойынша ерекшеленеді, ал тауық пен үндіктің цитохромдары бірдей, ешқандай айырмашылығы жоқ.     





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет