Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі15.17 Kb.
түріСабақ
  • Ашық сабақ
  • Қазақстан тарихы
  • 10 “А” сынып
  • Тарих пәні мұғалімі: Таубаева Ұлболсын Сайынқызы
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.
  • Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының қалыптасу үдерісі, кезеңдері және оның зерттелуі туралы ғалымдар жазбаларына сүйене отырып, оқушылар бойында өзіндік көзқарас қалыптастыру.
  • Сабақтың міндеттері:
  • 1. СТО технологиясының элементтерін қолдана оқыту арқылы өз бетінше ізденеді.
  • 2. Сабаққа тұжырым жасап, сұрақтарға нақты жауап беру дағдылары дамиды.
  • Күтілетін нәтиже:
  • 1.Оқушылар қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы туралы білімдерін кеңейтеді және алған білімдерін бүгінгі өмірмен байланыстыра алады.
  • 2. Оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдер арқылы
  • оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы артады.
  • 3.Топпен ынтымақтастықта жұмыс жасай алады.
  • Әдіс- тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топтық жұмыс
  • Ресурстар: интербелсенді тақта, маркер, плифчарт, постерлер, дидактикалық таратпа материалдары.
  • Сабақтың барысы:
  • І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Топқа бөлу.
  • Психологиялық тұрақтылық орнату. «Тобыңды тап» Ойынның шарты: Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр түрлі патриоттық ән шумақтары жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар жазылған ән жолдарына дыбыстап, әнге салу арқылы өз жұптарын табады.
  • І- топ
  • ІІ- топ
  • ІІІ- топ
  • Топ ережесін еске түсіру.
  • 1. Топ мүшелерінің белсенді болуы.
  • 2. Пікір айту.
  • 3. Бір – бірінің пікірін тыңдау, құрметтеу.
  • 4. «Тоқта» ережесі т.б.
  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
  • «Миға шабуыл»
  • 1.Қазақ жүздерінің мәні неде?
  • 2.Олардың құрылуы жөнінде қандай пікірлерді білесіңдер?
  • 3.Этникалық сана дегеніміз не?
  • 4.Этникалық сананың қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
  • 5.Қазақтың руға бөліну дәстүрінің жағымды- жағымсыз жақтарын айтып беріңдер?
  • 6.Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақ халқы Ұлы, Орта және Кіші жүздерге неліктен бөлінген?
  • ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау:
  • Жүз
  • Аумағы
  • Тайпалар құрамы
  • ІV Жаңа сабақ:
  • 1.Сабақтың мақсатымен таныстыру, хабарлау, түсінік беру.
  • Қазақ хандарының тарихы 1465-1847 жылдар аралығын қамтиды.Қазақ ордасында қалыптасқан жөн-жораға байланысты хан болатын адам Шыңғыс хан әулетінен болы шарт. Елді басқаратын ханды ел ағалары ақылдасып,кеңесу арқылы белгілейді.Ханды ақ киізге орап, жұма күні ашық аспан астында хан сайлау рәсімін өткізеді.16 ғ Жәнібектің баласы Қасым қазақ хандығының аумағын кеңейтіп,хандықты іргелі мемлекетке айналдырды.Ол «Қасқа жол»атты тұңғыш заңдар жинағын шығарды.Қазақ ордасын ұзақ жылдар билеген хан Хақназар,Тәуекел,Есім хандар тұсында қазақ хандығының күш қуаты бұрынғыдан артып, толыға түсті.Салқам Жәңгір,Әз Тәуеке хандардың билік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұтас келеді.Әз Тәуекенің жанындағы «Жеті жарғы» заңдар жинағы қазақтың XVII-XVIII ғасырдағы әдет-ғұрып ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі.
  • Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуін халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы, ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулати 1465-1466 жылдар деп жазады.
  • 2. Электронды оқулықтан жаңа сабақты тыңдату.
  • 3.Мәтінмен, постермен жұмыс.
  • І- топ «Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары»
  • ІІ- топ «Қазақ хандығының құрылуы»
  • ІІІ- топ «Қазақ хандығының нығаюы»
  • 4.Топтарға суреттер беріледі.
  • Тақырыппен байланысын тауып,маңызын түсіндіру. (тарихи шығармалар)
  • Мәтін-тарихи қақпан.
  • Бұл мәтінде тарихи қателер жіберілген. Соларды табу керек.
  • Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидың айтуы бойынша Ордабасы мен Түркістан аумағы еді. Бұл аумақ Жетісудың шығысы , оған Жайық өзенінің төменгі ағысы мен ортағасырлық Отырар қаласы енеді, ал оңтүстік-батысында Алатаудың солтүстік-шығыс бөктерлері жатты. ХV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жері солтүстігінде Зайсан көлінің Қаратал өзені құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген. Батысында Ертістің оң жағындағы Түркістан, Сауран, Созақ, Сығанақ қалаларын қамтыған.
  • Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидың айтуы бойынша Ордабасы мен Түркістан /Қозыбасы мен Шу/ аумағы еді. Бұл аумақ Жетісудың шығысы /батысы/ , оған Жайық /Талас/ өзенінің төменгі ағысы мен ортағасырлық Отырар /Аспара/ қаласы енеді, ал оңтүстік-батысында Алатаудың /Қаратаудың/ солтүстік-шығыс бөктерлері жатты. ХV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жері солтүстігінде Зайсан /Балқаш/ көлінің Қаратал өзені құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген. Батысында Ертістің /Сырдарияның/оң жағындағы Түркістан, Сауран, Созақ, Сығанақ қалаларын қамтыған.
  • V. Жаңа сабақты қорытындылау:
  • Тест
  • 1.Орыс ханның ұрпақтары?
  • А)Қасым мен Тәуке
  • В) Керей мен Жәнібек
  • С)Хақназар мен Бұрындық
  • Д) Есім мен Тұрсын
  • 2.Қалмақтар Үз- темір тайшының басқаруымен Сығанақ түбінде Әбілқайырға қай жылы соққы берді?
  • А)1453
  • В) 1454
  • С)1455
  • Д) 1456
  • 3.Әбілқайыр қай жылы қайтыс болды?
  • А)1468ж
  • В) 1718ж
  • С)1522ж
  • Д) 1640ж
  • 4.Керей мен Жәнібек хандардың мұрагері?
  • А)Қасым
  • В) Хақназар
  • С) Бұрындық
  • Д) Тұрсын
  • 5. Сыр өңірінде қазақ жасақтары қай жылдары көріне бастайды?
  • А)1460
  • В) 1470
  • С)1465
  • Д) 1482
  • 6.Мауереннахр билеушісі қазақ жеріне қай жылдары жорықтар жасады?
  • А)1460-1503
  • В) 1470-1503
  • С)1503-1510
  • Д) 1482-1510
  • 7. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»
  • деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма:
  • A) «Тарих-и-Рашиди»
  • B) «Оғызнама»
  • C) «Кодекс куманикус»
  • D) «Шежірелер жинағы»

Бағалау

  • 7 сұраққа жауап бергендерге -“5”
  • 6-5 сұраққа жауап бергендер- “4”
  • 4- сұраққа жауап бергендер- “3”
  • 3-1 сұраққа жауап бергендер- “2”
  • Дұрыс жауаптар:
  • 1.В 2.Д 3. А 4.С 5.В 6.С 7.А
  • VI. Кері байланыс
  • Ойын сұрақ «Не үшін»
  • 1.Екі көзің не үшін керек?- жақсыларды көру үшін
  • 2.Екі қолың не үшін керек?- елге көмек беру үшін
  • 3.Құлақ не үшін керек?- ақыл кеңес тыңдау үшін
  • 4.Тіл мен жақ не үшін керек?- ақиқатты айту үшін
  • 5.Ал аяғың не үшін керек?- шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін
  • 6.Ал бүгінгі сабақ не үшін керек?- оқушы ойларын тыңдау
  • « Хаттар ұяшығы»
  • VII .Үйге тапсырма: & 34 оқу, қосымша мәліметтер жинау.
  • VIII.Бағалау, топ жеңімпазын шығару.

Каталог: uploads -> doc -> 0fe0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fe0 -> Сабақ жоспары Пән мұғалімі
0fe0 -> Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет