Сабақтың тақырыбы: Қазақ ою-өрнектерінің тарихынан. Жалпы мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі48,7 Kb.
#27651
түріСабақ
Бекітемін:

Пәннің аты:Еңбекке баулу

Уақыты: 20.02.2017ж

Сынып: 2 а

Мұғалім:Тогимова А

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ ою-өрнектерінің тарихынан.

Жалпы мақсаты:

Танымдылық: Оқушыларға қазақ ою-өрнектерінің тарихын, олардың ерекшеліктерін меңгерту Қолөнерді игеру арқылы оқушыны еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге бағыттау.

Эмоциялық:Оқушылардың сөздік қорларын, өз ойынан шығармашылық жұмыс жасай білуге дамыту. Бастаған жұмысты тыңғылықты аяқтап өз деңгейінде орындай білуге дағдыландыру.

Әлеуметтік:.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Топтар арасында, жұмыс жасауға ,ой шапшаңдығына баулу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: мата, жіп, ине,түрлі түсті қағаз.

Оқушылар қазақ ою-өрнектерінің тарихын біледі, олардың ерекшеліктерін меңгерген ажыратып айтып орындап жасай алады.



Күтілетін нәтиже:

Мотивациялық кезең:

Амансың ба,Алтын күн!

Амансың ба,Көк аспан!

Амансың ба,достарым?

Сендерді көрсем қуанам!

Үй тапсырмасын тексеру.

Топтастыру



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту:

«Жұптас,ойлас,бөліс» әдісін қолдану арқылы Ою-өрнек түрлерін қалай пайда болғандығын көрсете отырып ажырату.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану:

Қауіпсіздік ережесі:


Сарамандық жұмыс:
Ой толғаныс:

Ой шақыру

-Ою- өрнектің қандай түрлерін білесіңдер?

-Олар не үшін қолданылады?

-Оюлар неге ұқсайды?

Ою-өрнектің атауы мен түрі өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Солардың ішінде ең көп таралғаны – мүйіз тектес ою.

Ою - өрнектің шығу тарихы


Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму тарихы бар. Өте ерте заманда ата - бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау - тасқа, белгілі бір мағынаны білдіріп отырған. Қазақ ою - өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталған. Мысалы: әрбір қазақтың үйінде сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері бар. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, тұскиізге, т. б қолөнер бұйымдарын кестелеп бейнеленетін бедер сол сияқты тоқылатын алашаға, қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу, сонымен ою - өрнек дегеніміз әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Ою - өрнек құрт - құмырсқаға, малдың денесіне, аңның дене мүшесіне, қару - құралдарға, құстарға, ай, күн, жұлдыздарға, көк әлемге, геометриялық фигура тектес, жер, су, өсімдік бейнелі болып бөлінеді.
Топтық жұмыс

1-топ. Ою - өрнектің шығу тарихы


2-топ Ою - өрнектің топтары
3-топ Ою - өрнектің жасалу жолдары

Жасаған жұмыстарын жинақтап, постер қорғау.

Оқулықпен жұмыс:

Қайшымен жұмыс жасағанда абай бол.


  • Ауызға салуға болмайды.

  • Инені ауызға салма.

  • Адамға ұсынғанда саб жағымен бер.

Қағазбен жұмыс жасау түрлерін таныстыру.
Сен білесің бе? Айша бибі оюының тарихын

Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді.


Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады.

Әрі қарата өзің ізденіп көр Не болады?



Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Зерделеу айдары:

«Қазақ кілемі» композициясын жасау


Үйге тапсырма:

Жұмысты аяқтау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс:

Рефлекция:






Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Таң ауылы

«№118 орта мектеп»КММ



Бастауыш сынып мұғалімі

Тогимова Ардақ
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет