Сабақтың тақырыбы: Қазақстан республикасының салық жүйесі құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама



бет1/5
Дата01.02.2022
өлшемі25,57 Kb.
#130418
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
05.02.21
Жалпы фармокология, Жалпы фармокология, Жалпы фармокология, Жалпы фармокология, вакцина-9, вакцина-9, 1 тақырып

05.02.2021

203 топ.

Пән «Салық және салық салу»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан республикасының салық жүйесі құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама.
Салық жүйесінің  мәнін түсіну үшін, біз ең алдымен  салық дегеніміз не екенін білуіміз қажет. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзат даму тарихында салықтар ежелден бері келе жатқан міндетті төлемдер.  Салықтар мемлекет өмір сүруінің негізі. Кейбір ғалымдар салық-өркениетті қоғам үшін ақы деп айтады.

Сонымен салық дегеніміз, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске» сәйкес,  мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген,  белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Осы салықтар түрлерін, оларды құру мен алудың нысандары  мен әдістерінің, принциптерінің, салық  заңдары мен нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Салықтар мемлекеттің  құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының  өзгеруі,өркендеуі қашан да болса  оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. 


        Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.

Экономикалық  жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет