Сабақтың тақырыбы: Қазақстан республикасының салық жүйесі құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама



бет5/5
Дата01.02.2022
өлшемі25,57 Kb.
#130418
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
05.02.21
Жалпы фармокология, Жалпы фармокология, Жалпы фармокология, Жалпы фармокология, вакцина-9, вакцина-9, 1 тақырып
Төртінші кезең

2002-2008ж


Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруды кеңейту  мақсатында салық салу субъектілерінің капитализацияланған құ-нын ұлғайтуды ынта-ландыру жолымен бюджет-тің кірісін барынша көбейту

2002 ж Салық  кодексі бойынша 9 салық, 12 алым және  9 төлемақы болған.

Жоғары

Мемлекет пен  салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге  мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру

  • Бесінші кезең

2009 жылдан  басталады


Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және салық  есебін жетілдіру жолымен бюджеттің  кірісін барынша көбейту

13 салық ,6 алым  және 10 төлемақы бар

Жоғары

Мемлекет пен  салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру

ҚР салық  жүйесінің реформалану кезеңдеріне  келер болсақ, отандық әдебиеттерде 3 кезең көрсетілген.

  • Бірінші кезеңде- 1991 жылдың 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «Қаз КСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен Қаз КСР-дың басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16  жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілері пакеті қабылданды.

  • Екінші кезең- 1995 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығы өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45-тен 11 –ге дейін қысқартылды. Қосылған құн салығы енгізілді.

  • Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасы жаңа салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.

  • Төртінші кезең – 2002 жылдан бері қарай Салық кодексіне бірнеше толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

 ҚР салық жүйесінің даму кезеңдері келесілерден тұрады:

  • 1-кезең (1992-1995 ж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы. ҚР 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заңның қабылдануымен бастау алады.  Бұл кезеңде салықтар мен міндетті төлемдерді 3 топқа бөлген: жалпы мемлекеттік салық, жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар; жергілікті салықтар мен алымдар. Олардың жалпы саны 43-ке жеткен болатын. 

  • 2-кезең (1996-1998 ж) – нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды аяқтау.  Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға бағдарланған және экономикадағы және салықтық қатынастардағы тәртіпсіздікті реттейтін ұлттық салық жүйесін құру мақсатында жұмыс атқарды. Бұл кезеңде салықтарды 11 түрге дейін қысқартты және салықтарды екіге жіктей бастады: жалпымемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар. Кейінірек салықтар 18 түрге өзгерді.

  •        3-кезең (1998-2000 ж) – барлық қағидаларының ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыру және әлемдік салық тәжірибесі қызмет ететін тәртіп ескерілетін, салықтық реттеуді ұйымдастырудың жаңа принциптеріне көшуге байланысты экономикалық өсуге қол жеткізу мақсатында жүргізілген іс-шаралар жиынтығы ретінде көрініс табады.

  • 4-кезең (2001-2002 жылдан басталады) – Жаңа Салық Кодексі қабылданып іске қосылды. Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.  
    Жаңа Салық кодексіндегі 11 салықтардың, салық сипатындағы алымдардың 13, төлемақылардың 9 түрі болды.



1.Тапсырма дәрісті жазу дәрісті жазу

2. Тапсырма сұрақтарға жауап беру

1) Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар ата?

2)  ҚР салық жүйесінің даму кезеңдері?

3) ҚР салық  жүйесінің реформалану кезеңдері?



4) ҚР салық  жүйесінің  қанша кезеңнен тұрады

3.Тапсырма Сілтеме бойынша бейнені қарау https://youtu.be/N4TAYRRGezw
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР

1 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV

2 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы

3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты

4 Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР

5 Қосылған құн салығы бойынша Декларацияны құрастыру Ережелері

6 Корпорациялық салық бойынша Декларацияны құрастыру Ережелері

7 Бухгалтер бюллетені

8 Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР

1 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы: ҚР Кодексі 2008 ж. 10 желтоқсаннан № 100-IV

2 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңы

3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты

4 Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР

5 Қосылған құн салығы бойынша Декларацияны құрастыру Ережелері

6 Корпорациялық салық бойынша Декларацияны құрастыру Ережелері

7 Бухгалтер бюллетені



8 Бухгалтерский и налоговый учет в Казахстане

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет