Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында Мақсаты



бет2/7
Дата27.05.2018
өлшемі1,66 Mb.
#40822
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Өткізген:Сапар Г.Б.

2016-2017оқу жылы

Конец формы

Сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында 



 Мақсаты:  оқушылардың білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында  пәндер бойынша сұрақтарға жауап алу арқылы білімді,алғыр және үздік   топты анықтау.

Өтілу барысы:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Қазақстанның болашағы  – білімді ұрпағында» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!  Сәлеметсіздер, құрметті оқушылар,ұстаздар,келген қонақтар! 


Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық (Ду қол шапалақ) 
Ал келіңдер,келіңдер, 
Біріңе –бірің еріңдер 
Біліміңді тексеріп 
Ойынға қатысып көріңдер 

Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер,

Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.

Беріңіздер әділ бидей әділ баға,

Шындықты ұрпақтарың сонда көрер –дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Осы ойын барысында сендер осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, өлеңдермен, мақал – мәтелдермен өрнектеп, өнерлеріңді ортаға саласыңдар.Білімдеріңнің артып, саналарыңның өскенін,сөз байлықтарыңның молайғанын көрсетесіздер.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда  – деп бүгінгі ойынымызды  бастайық. 


Ойынымызды бастамас бұрын жоспарымен танысайық 
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

  1. кезең Таныстыру

/топтын атын,ұранын таныстырады, өздеріңізге және қарсыластарынызға не

тілер едіңіз?/



  1. кезең «Жұмбақтар әлеміне саяхат»

«Мақал сөздің мәйегі

/ орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.



  1. кезең «Кім білгір?»

4- кезең «Кім шапшаң?»

5- кезең «Қоллаж қорғау» 


«Болашақта Қазақстанды қалай елестетесіздер?» 
Тақырыбына қоллаж жасап келу және оны қорғау. 

  1. кезең Таныстыру

/топтын атын,ұранын таныстырады, өздеріңізге және қарсыластарынызға не тілер едіңіз?/

2. «Жұмбақтар әлеміне саяхат» 


1 жұмбақ 
Жер көрдім қаласы бар 
Үйлері жоқ мекендейтін 
Көл көрдім,өзен көрдім 
Сулары жоқ тереңдейтін Жауабы:Карта 
2-жұмбақ 
Ақ сандығым ашылды0ззю, 
Ішінен жібек шашылды. Жауабы: Күннің көзі 
3 жұмбақ 
Жылт –жылт еткен, 
Жырадан өткен Жауабы: Су 
4-жұмбақ 
Қыста ғана болады, 
Ұстасаң қолың тонады. Жауабы: Қар 
5 –жұмбақ 
Тал басында түндіксіз отау Жауабы :Ұя 
6-жұмбақ 
Сылдыр сұйық су емес . 

Ішсең сусын қанады. 


Ақ болса да қар емес 
Шешуін кім табады. Жауабы: Сүт 
7-жұмбақ 
Тұмсығымен қозғалар , 
Соңында аппақ із қалар Жауабы :Бор 
8-жұмбақ 
Аяғы біреу .қолы жоқ, 
Шиыр-шиыр жолы көп, 
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді. Жауабы: Қалам 

9- жұмбақ

Зоопаркке бардың ба?

Қандай аң көрдің,

Қалтасы қарнында.

                         (Кенгуру)

10-жұмбақ

Адамдай ақырады,

Тік жүріп отырады.

Ара ұясын бұзады,

Илеуді сапырады.

                         (Аю)

11-жұмбақ

Жолақ-жолақ ала,

Ат көрдің бе, бала?

                          (Зебра)

12-жұмбақ

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

3.Мақал-мәтелдер сайысы 
Жақсы сөз – жарым ырыс.

Айтылған сөз – атылған оқ.

Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле.

Өнер алды – қызыл тіл

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Тіл – тас жарады, тас жармаса бас жарады.


3. «Кім шапшаң?»

Екі топтың оқушыларына бір-бірден әріп таратылады. Қойылған сұрақтарға қолындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі керек.

Атың кім?

Жасың нешеде?

Аяқ киіміңнің өлшемін айт?

Қалтаңда не бар?

Үйіңде неше мал бар?

Қай мұғалім ұнайды?

Балмұздақ жақсы көресің бе?

Жердің астында не бар?

Қардың түсі қандай?

Қолыңда неше саусақ бар?

Қанша ақшаң бар?

Досың нешеу?

Мамаңа еркелейсің бе?

Қыста жаңбыр жауа ма?

Аспанда не бар?

Неше әріп танисың?

Шұлығыңның түсі қандай?

Күлгенде неше тісің көрінеді?

Нешінші сыныпта оқисың?

Қандай пән ұнайды?

«Болашақта Қазақстанды қалай елестетесіздер?» 
Тақырыбына қоллаж жасап келу және оны қорғау. 

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары әділ шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе, ойынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

« Өткенді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар» деген тілекпен бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз.








Каталог: uploads -> doc -> 0b35
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b35 -> Сабақ: №1 Сабақтың тақырыбы: Оқушыларға арналған сурет салу ережесі. Сабақтың мақсаты
0b35 -> Мектептегі тәжәрибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға рефлексивтік есеп
0b35 -> The Kazakhstan State Museum of Arts Қазақстан Мемлекеттік өнер музейі
0b35 -> Сабақтың тақырыбы Презентация. Мультимедиялық презентация конструкторы. Программа интерфейсімен танысу
0b35 -> Сабақтың тақырыбы: §10 Жұлдызды аспан және жұлдыздар арқылы бағдар жасаудың негізгі принциптері
0b35 -> Сабақтың тақырыбы: «Наурыз мерекесі»
0b35 -> Сабақтың әдісі «Ой қозғау»стратегиясы,топтастыру,топтық жұмыс. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет