Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы»



бет3/4
Дата27.02.2022
өлшемі22,24 Kb.
#133571
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1-тақырып

«Жеке фонетика» белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.
Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. Мысалы: қазақ – орыс, қазақ – ағылшын т.б.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған «Гармматикада» қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне­тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Қазан төңкерісіне дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден В. Катаринскийдің. «Грамматика кир­гизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Орен­бург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизско­му языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.
Аталған еңбектердің фонети­ка тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады.
Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Қ.Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заңы, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді. Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.Транскрипция - бұл әріптер немесе сөздердің дыбысталуын ерекше фонетикалық белгілер арқылы жүйелі түрде жазу, графикалық және орфографиялық нормаладың ескерілмей, айтылудың барлық ерекшеліктерін дәлірек көрсететін мәтіннің жазылуы.
Мүмкін транскрипция әркімге қызық емес шығар, дегенмен ол пайдалы екені күмәнсіз; транскрипцияны біле отырып, сіз бөгде адамның көмегінсіз белгісіз сөзді дұрыс оқи аласыз. Сабақ кезінде сіз сөздің транскрипциясын айналаңыздағы адамдардан қайталап сұрамай-ақ өзіңіз оқи аласыз, сонымен қатар сіз өзіңізге лексикалық материалды меңгеру процесін жеңілдетесіз. Айтылуда әрқашан әртүрлі ерекшеліктер болатындықтан, бастапқы кезеңде оқылуда қателіктер болады. Сәл кейінірек, керек жағдайда сіз өзіңіз сөздердің транскрипциясын жаза аласыз. Транскрипция оқу ережесімен тікелей байланысты, өйткені ағылшын тілінде сөздердің жазылуы мен оқылуы сәйкес келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет