Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы»



бет1/4
Дата27.02.2022
өлшемі22,24 Kb.
#133571
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
1-тақырып


1 Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, салалары, зерттелу жайы.
Жоспар:
1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы фонетикасының салалары.
3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы


Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы. Графика (гр. graphike — жазылған, өрнектелген) графемалар, тыныс, екпін белгілері т.б. жазу құралдар жиынтығы, фонемалық жазудағы графема мен фонема арасындағы қатынастар жүйесі және оларды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Қазіргі қазақ графикасы әріптерінің жазылуы тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы мен баспа графикасы болып бөлінеді. Қазақ жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
Графика. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгіні "әріп" дейді. Яғни әріп - дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.
Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынын "алфавит" (әліпби) дейді. Қазақ тілінің әліпбиі 42 әріптен тұрады. Оның тоғызы қазақ тілінің өзіне тән әріптер - ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, і, һ, қалған 33-і - орыс тілі мен қазақ тіліне ортақ әріптер. Тіл дыбыстары екі үлкен топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар.
1. Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет