Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



бет1/2
Дата08.11.2023
өлшемі60,66 Kb.
#190213
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Менің атым- Қожа, 5 сынып қмж
бағдарлама, кемел 6, www.ZHARAR.com- бб ару.docб.doc2, қмж жоспар қожа

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:



Күні: 06.02.2020

Мұғалім:

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет



Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығарманың сюжеттік дамуын сипаттайды, кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады.

Ресурстар

https://bilimland.kz/ru
https://imektepkz-luchshiy-detskiy-sayt-v-nominaciibalalarha-bazarlyq

https://www.youtube.com/watch?v=JQz1_Zi3JO0





Бағалау критерийлері:

  • Әдеби шығарманың сюжеттік дамуына болжау жасай алады;

  • Кейіпкерлердің портретін мен іс-әрекеті арқылы образын аша алады.

Дескриптор

  • Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Сюжеттік дамуына болжау жасайды;

  • Ойын көркем жеткізеді;

  • Кейіпкерлердің портретін жасайды;

  • Кейіпкер образын ашады.




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

 Портрет, ат қою, кейіпкер, образ, құбылыс, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтадан www.bilimland және www.imektep сайттарынан алынған тапсырмаларды орындау.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы
5мин

10 мин
Сабақтың ортасы


15мин

5 мин

5 мин

3мин


Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;

  2. Сергіту сәті: «Өз-өзіңді таныстыр» ( өз атының бастапқы әрпінен басталатын сын есім мен өз атын тіркестіріп таныстырады. Мысалы: Шырайлы Шынар).

  3. «Миға шабуыл». Берілген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ат қоюға байланысты ойлары тыңдалады.

  • Ат қою рәсімі туралы не білесіңіз?

  • Қойылған есімнің адам өміріне қаншалықты әсері бар?

https://imektep.kz/kz/berdibek-sokpakbaev


(00-2.35 уақыт аралығында)
Imektep.kz сайтынан балаларға анимациялық мультфильм көрсетемін. Б.Соқпақпаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу


Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
1-тапсырма. ТЖ. ЖИГСО әдісі. Әр топқа І тараудан үзінді таратылып беріледі. Әр топ өздеріне берілген үзіндіні оқып, басқа топтарға барып түсіндіреді. Өз топтарына келіп талқылайды.
1-топ:
Менің атым...
Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқандай, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығымды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өкембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді өзге қызу жұрт сол арада ду қостап, осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз дескен. Міне сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.
Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «кенжем», «сүйіктім», «жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?
2-топ:
— Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? — деп сұрады зоология пәнінің мұғалімі Оспанов.
— Мен әкелем, — дедім.
— Қадыров, сен әкелесің. Ұмытып кетпе бірақ.
— Ағай, неше бақа әкелейін?
— Бір... екеу әкелсең, жетеді.
Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға толтырып, бес бақа әкелдім. Оның біреуі ғана үлкендеу еді де, басқалары кішкентай ұсақ бақалар болатын.
Бірінші сабақ қазақ тілі. Класқа Майқанова кірді де, класс журналы мен сумкасын менің алдыма стол үстіне қалдырып, өзі тысқа шығып кетті. Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде сап етіп басыма бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім. Не болар екен?
Қоңырау соғылды, сабақ, басталды. Тізім шақырып болғаннан кейін, Майқанова сумкасын ашып, қол орамалын суырып алды. Сол кезде кішкентай қарасұр бақа қол орамалмен қоса секіріп шығып, секемшіл мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың шаңқ еткен дауысы бір-ақ шығып үлгерді. Өңі құп-қу болып, сылқ етіп құлап бара жатыр...


3-топ:
Майқанова содан сабаққа екі күн бойына келмеді. Шошынып, ауырып қалыпты. Жұмысқа бүгін ғана шығып отыр. Бүкіл мектепті даңғаза қылған бақа оқиғасының мән-жайы, міне, осындай.
...Көз байланып кетті. Жоңышқаның төбесінде дөңбекшіп әлі жатырмын. Не істеймін? Қалай көрінемін мамама. Мынау Қаратай деген... мұндай да жабысқақ пәле болады екен. Көлеңкеше еріп, мамамның соңынан бір қалар емес. Япыр-ай, мамам осыған шынымен-ақ күйеуге шықпақшы ма? Жоқ, мүмкін емес.
Бірсыпыра уақыттан кейін үйден Қаратай мен мамам шықты. Қаратай мотоциклін от алдырып, тұмсығын көшеге қарай бұрды. «Кет! Жоғал! Тезірек кет!» деп мен оны көңіліммен желкелеймін. Бірақ Қаратай кете қоймады, мамаммен сөйлесіп тұрып алды. Олардың сөздерін трт-трт еткен мотор үні маған жөндеп естіртпейді. Сөйлесе тұрып, Қаратайдың қалқиған денесі мамама біртін-біртін жақындап, тақала түсетін тәрізді. «Тоқта! Қайда кимелеп барасың?». — Мен Қаратайды желкеден бүріп ұстаймын да, бар күшіммен жұлқып, лақтырамын көшеге қарай. Өлген мысық тәрізденіп, көшенің май шаңына барып ол топ ете түседі. Бұл да менің ойымда болып жатқан құбылыс.
Қаратай әрең дегенде «қош, сау бол» айтысып, мотоцикліне отырып, зырғыта жөнелді. Мамам оның соңынан біраз үнсіз қарап тұрды да, үйге кіріп кетті.


4-топ:
Әр нәрсенің шегі бар, мен қашанғы жата берейін. Тәуекел деп, үйге кірмекші болдым. Қораның арт жағынан жерге түсіп, үстімнің шөбін қағып, бойымды тәртіпке келтіріп алдым. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады.
Есікті аша бергенімде тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі әруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін. Ауыз үйден әжем ұшырасып:
— Сен қайда қаңғып жүрсің? Шешең келді, — деп төр үйді нұсқады. Сонан соң құлағыма сыбырлап:— Байқа, шешең саған ашулы, — деді.
Төр үйге кірдім. Мамам киімшең күйі, өз төсегінде бір уыс болып, әрі қарап, бүк түсіп жатыр.
— Мама.
Мамам жауап қатпады. Мен жақындай түсіп, оның уысында көзіне басып алған қол орамалы бар екенін көрдім. Жүрегімді біреу ұстарамен тіліп жібергендей болды.
— Мама, сен жылап жатырмысың?
Мамам басын жайлап көтерді де, маған қарай бұрылды. Жасқа шыланған қоңыр көздері біртүрлі бөтен, суық.
— Иә, жылап жатырмын, — деді ол. Дауысы қарлығып, бітіп шықты. — Қайтейін жыламай. Құдай бағын ашпаған мен сорға жылаудан өзге не бұйырған. Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып өлетін болдым ғой. Осы сен не боп барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой. Ұялмайсың ба бір мезгіл елден-жұрттан. Қу жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды.
Ел бетіне қарағысыз қылдың ғой. Қайтем сені? Қайтем?.. Неге тыныш жүрмейсің? Осы саған не жетпейді?
— Маматай, қойшы. Ендігәрі...
Мамам менің жалбарына созған қолымды қағып жіберді:
— Жолама. Мама деуші болма мені. Құдайдың сендей бала беріп, азапқа сап қойғанынан да, қу бас тастағаны артық еді ғой.
— Қойшы, маматай... Ең соңғы рет кешірші. Ант етемін...
Мамамның тізесін құшақтай жығылған қалпым еңіреп жылап жібердім...
Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды, талқылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет