Сабақтың тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»



Дата19.12.2022
өлшемі57,73 Kb.
#163349
түріСабақ
Байланысты:
8 сынып бжб гео 14.12, 9 В 13.12.2023

Сынып: 10

БҚО, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылы. «ЖББ Ұзынкөл орта мектебі» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.С: Урахаева

Сабақтың тақырыбы:

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз - ата-ана. Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды: адамгершілік бауырмалдық татулық қайырымдылық әдептілік инабаттылық сезімін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз - ата-ана екенін ұғады. Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды: адамгершілік бауырмалдық татулық қайырымдылық әдептілік инабаттылық сезімі қалыптасады.

Түйінді түсінік:

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»

Керекті жабдықтар:

Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, стикерлер.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер:

Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Шарамызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.
Ойсергек: «Сәлемдесу»
Ортаға шеңбер жасап тұрғызу.
1 - кезең: «Шаттық шеңберіне шақыру» Өз қасында тұрған адамның бас әріпінен басталатын тілек сөз айтамыз.

Топқа бөлу: топқа бөлу.

Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.

Тұсаукесер

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» еңбекпен тәрбиелеу өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу оның үйренуіне көмектесу берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру Бала ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.



ойланады;
- естеріне түсіреді
-мысалдар келтіреді.

Негізгі бөлім

Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- әке мен шеше. Баланың жан дүниесіне үңілу сенген сырын жарияламай, сақтай білу мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білу әңгімелескенде олардың пікірімен санасу ашық сөйлесе алу «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» ӘКЕ мен ШЕШЕ
3 - кезең Оқушылар аналарына арнап өлең шумағын құрастырып көреді.

1._______________ өміріңіз,


________________ көңіліңіз.
________________________
_____________ құлпырыңыз!

2._______________ гүліміз,


________________ күніміз.
_______________________
________________ жүріңіз!

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Сондықтан баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру дұрыс білім алуына жағдай жасау. 


Ата-анаға ұсыныс:
Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата - ана тығыз байланыста болуы қажет. Бала үшін ата - ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе - көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру. Ата - ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек. Ата - ана өзін - өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар)

формативті: «басбармақ», «бағдаршам», «2 жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.

Қорытынды

Ой толғанысы ...

  • Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды

  • Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі

  • Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады

  • Балаға сенім артса, ол батыл болады

  • Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі

  • Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды

  • Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі

  • Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі

  • Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе,

  • Бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді.

«Жақсы тілек – менен» әр оқушы тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады.
Кері байланыс парағын толтыру.
Кері байланыс парағы:
Бүгін мен сабақта білдім (нені)?
Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)
Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)


«Тілек ағашына» оқушылар бір-біріне тілектер жазады немесе шығарған өлеңдерімен, байқаудан алған әсерлерімен бөліседі.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет