Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Беденова Гүлшырын Бектұрғанқызы
«Бала Тұрар»
Сабақтың тақырыбы: «Бала Тұрар»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автор туралы мәлімет беру. Мәтіннің мағынасын талдай отырып, Тұрар Рысқұловтың балалық шағы туралы білімін молайту.
Дамытушылығы. Оқып, ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге ойын тұжырымдай білуге қасиетін дамыту.
Тәрбиелігі. Оқушыларды отансүйгіштікке, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Автордың суреті, шығармалар көрмесі, Т.Рысқұловтың суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ. Үй жұмысын сұрау. Өткенді пысықтау.
«Ұяшық таңдау» Сұрақ-жауап.
1-ұяшық. Қария неге өзін қауіп-қатерге тікті?
2-ұяшық. Біз өтіп жатқан тарау қалай аталады?
3-ұяшық. Қазақ халқының қонақжайлылығы туралы айтылған тұстарын тауып оқы.
4-ұяшық. Мәтіндегі оқиға болған оқиға ма, әлде аңыз ба?
5-ұяшық. Шалдың бойынан қандай қасиетті байқадың?
6-ұяшық. «Қазан құлағын көтеру» тіркесінің мағынасын айт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Табиғатта мұңайып отырған баланың суреті көрсетіледі.
-
Суретте кімді көріп тұрмыз?
-
Балаға мінездеме беріп көрейік.
-
Иә, балалар, біз бұл суреттен жаз мезгілін және ойланып отырған баланы көріп тұрмыз. Бұл баланың есімі Тұрар.
-
Ал, Тұрар деген қандай бала екенін және мұңайып отырғанының себебін жаңа мәтінді оқу арқылы түсінетін боламыз.
-
Алдымен «Бала Тұрар» мәтінін жазған жазушымен танысайық.
Ш.Мұртаза Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылында дүниеге келген. Әкесі 1937 жылы «Халық жауы» болып ұсталып кеткендіктен жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып өскен. Ауылдағы мектептен соң Жамбылдағы (қазіргі Тараз) интернатта оқыған. 1955 жылы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін бітірген.
Қазақстанның халық жазушысы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Белгілі қоғам қайраткері.
Сондай-ақ, егеменді еліміздің көптеген наградаларының иегері. Бірнеше рет Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
Достарыңызбен бөлісу: |