Мақала жазу критерийі: 1-ші қадам. Мақаланы дұрыс бастаңыз Мақалалар атауды қайталаумен және мақала бұйымына анықтама берумен басталады, мысалы: «Диалектикалық материализм — философиялық ілім ретінде...» немесе «„Хе́ллоуин“ — танымал қорқынышты фильм …». Жақша ішінде терминнің пайда болуы жайлы мәліметті атап кетуге болады 2-ші қадам. Мақаланың өзін жаза бастаңыз. Мақаланың орташа жалпы көлемін нақтылаңыз. Бір, екі сөйлемнен тұратын қысқа мақалалар жарамайды. Мақала ғылыми, бірақ бәріне түсінікті стильде жазылуы тиіс. 3-ші қадам. Ақпараттың дереккөзін көрсетіңіз Мақаланың соңында «Дерекөздер» бөлімін қосып, мақала жазу барысында қолданған басылым немесе сайт сілтемелірі дереккөздерін тізім ретінде жазыңыз (атауын, авторын, баспа, басылып шыққан жылы, беттер саны, ISBN).