Сабақтың тақырыбы: «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай». «Елім барда»


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



бет2/2
Дата02.07.2018
өлшемі307,5 Kb.
#46121
түріСабақ
1   2

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кусайнова Мугилсим Сатбековна

Сабақтың тақырыбы: «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай».

«Елім барда» өлеңі



Мақсаты: а) ақынның өмірбаяны, шығармалары туралы қысқаша

мағлұмат беру, оқыған шығармаларын, ой-пікірлерді

еске түсіру, қайталау, талдау, білімдерін

тереңдету, жырларының мәңгі жасай беретінін

айту, өлеңнің мағынасын аша отырып түсіндіру

ә) өз беттерімен жұмыс істеуге

дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс

істеуге баулу, сөйлеуге дағдыландыру

б) елі бар адамның бақытты екенін саналарына

жеткізу, елге, жерге, Отанға сүйіспеншіліктерін арттыру,

ақын өлеңдерінің мәңгілік екендігін ұғындыру

Сабақтың түрі: іздендіру сабағы

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, кестемен жұмыс

Пәнаралық байланыс: музыка

Көрнекілік: слайдтар, электрондық оқулық, бүктеме, қосымша деректер, кітаптар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Балалар, сендерге арналған мына өлең шумағының авторы кім?

«Мектебің мынау, класың,

Осында 10 жыл тұрасың,

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың». М.Мақатаев

Осы ақын жайында не білесің? (жеке жұмыстар)

(электронды оқулықтан ақын жайлы мәліметтерді көрсетіп тұру)


  1. Үй тапсырмасы.Реферат қорғау. Өмірі жайлы, Қашқынбаев Дулат. «Жыр әлеміндегі таланттың бірі – Мұқағали Мақатаев. Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған шын аты - Мұхамедқали. Сол кезде колхоз бастық болып жүрген Мұқаңның нағашы туысы Бизақ деген кісі: «Аупарткомда өзінің білімімен, адамгершілігі, зиялылығымен көпке үлгі болып жүрген Мұхамедқали есімді жігіт бар. Оның үстіне бұл қасиетті есім. Ең болмаса жаңағы жігіттей еліне елеулі жігіт болар. Нәрестенің атын Мұхамедқали қоялық», - деген екен. Кейіннен жеңгелері, ауыл әйелдері пайғамбардың да аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп кеткен. Оның әкесі Сүлеймен шаруа адам болған. Колхозда жұмысшы, сушы, шалғышы болып істеген. 1941 жылдың желтоқсанында майданға аттанып, содан оралмаған. Шешесі Нағиман -қарапайым жердің қызы. Ол да колхоздың жұмысына жегілген жан. Мұқаң осы отбасының тұңғышы болғандықтан, оны әжесі Тиын өз бауырына салған. Тиын әже мейірімі мол, кісілігі мол, керек кезінде адуынды да бола алатын адам. Әжесінің баласы болғандықтан, Мұқаң шешесін жеңгеге балап, атын атайтын. Сонысымен жаңылмастан өле-өлгенше «Нақа» деп кеткен екен марқұм. Шешесі Нағиман 90 жасқа келіп дүние салыпты. Ақынның Тоқтарбай, Көрпеш деген екі інісі қазір Алматыда тұрады. Мұқағали 1938 жылы екі жылдық мектепте досы, әрі туысы Әбдіке Асанов екеуі бірге оқыған. Мұқағалидың алғашқы өлеңі соғысқа кеткен әкесіне арналады. Мұқағали бір күні сабақтан келіп шешесімен әжесіне сол өлеңін оқып береді:

Ол жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,

Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен.

Мінеки, көп ай болды хабары жоқ,

Әкем кеп көңілімді аулар ма екен, -

деп жырлаған әні анасы мен әжесінің көкірегін қарс айырады. Оған қосылып Мұқағали егіледі. Мұқағали Мақатаев 1976 жылы қайтыс болды.

Мұқағалидың сазгер досы - Нұрғиса Тілендиев. Жары – Лашын Әзімжанова, қызы – Майгүл. »



  1. Шығармашылығы жайында, Боранғазиева Фариза. «Мұқағали Мақатаев поэзиясы өзінің табиғи, қазақы болмысымен, кіршіксіз сезімталдығымен, нәзік мөлдірлігімен ерекшеленетін қазақ поэзиясының сәулелі құбылысы.

Мұқағали - әлем классик ақын-жазушыларының көбінің шығармаларын оқыған және қазақ тіліне аударған ақын. Мұқағали Мақатаевтың тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Әбділда Тәжібаевтың сәт-сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған. Мұқағалидың «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыма» т.б. өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған. Шығармалары: 1964 «Армысыңдар, достарым», 1969 жылы «Дариға жүрек», 1972 жылы «Аққулар ұйықтағанда», 1974 жылы «Шуағым менің», 1975 жылы «Өмір – дастан», 1976 жылы «Өмір - өзен», 1978 жылы «Бәсіре» т.б.

(оқушылар өздеріне керекті деректерді дәптерге түртіп отырулары керек)



ІІІ. Өткен сабақта қандай өлеңімен таныстық? «Қайырлы түн» (электронды оқулықты пайдалану)

Өлеңнің негізгі тақырыбы қандай? (ел тыныштығы, бейбітшілік)

1-2 оқушының өлеңді жатқа айтуы

ІV. Мағынаны тану.(Жаңа сабақ. )

Ел деген сөзді естігенде санаңда қандай ұғымдар пайда болады? (жазып көр)

Ел - өлке, туған ел, туған жер, Отан т.б.

Ендеше, бүгінгі сабағымызда Мұқағалидың қандай өлеңімен танысамыз? («Елім барда»)



  1. Өлеңді мәнерлеп оқу (мұғалімнің оқуы)

  2. Оқушыларға шынжыр тәсілімен оқыту (электрондық оқулықтан оқу)

  3. Осы екі өлеңнің байланысы бар ма? (оқушылардың пікірлерін тыңдау)

  4. Мағынасы түсініксіз сөздерді табыңдар? Белгілеп қой. Сөздікпен жұмыс:

гауһар – асыл тас (бриллианд)

жақұт – асыл тас (яхонат)

желі - құлынды байлайтын жіп

көген – қой, ешкіні көгендеу, байлау



  1. Өзіңе ұнаған тармақ бар ма? Бұл тармақ несімен ұнады?

( Мысалы: Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман)



  1. Метафора дегеніміз не? Ақын суреттеп отырған зат пен құбылысты ажарландырып, құлпырта көрсету үшін оны басқа затқа балайды.

  2. Өлеңнен метафораны табу, дәптерге жазу.

Таулар - менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым – ұланғайыр кең далам.



  1. Өлең неше шумақтан тұрады? (3 шумақ)

  2. Әр шумақта неше тармақ бар? (4 тармақ)

  3. Буын саны, неше буынды өлең? (11 буынды)

  4. Ақын өлең арқылы не айтпақ болған? (Отанға, елге деген сүйіспеншілік. Отанның, елдің амандығы, тыныштығы) ақынның Отанына, еліне деген ыстық ықыласын танытатын сөздерді тауып жазу.

(Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

12.Ой толғаныс . Туған елім болса екен бақытты!)

Осы тақырып төңірегінде жазып келген өлеңдерін «Қаламгерлер» оқиды.



«Мақалшылар» Отан тақырыбында мақал-мәтелдерді жатқа айтады.

«Өнерпаздар» Мұқағали Мақатаевтың өлеңін әнімен айтады.(«Сарыжайлау» өлеңі). Сөзі: М. Мақатаев, әні: Н. Тілендиев
V. Сабақты қорытындылау. Семантикалық картамен жұмыс.


Үзінді

Тақырып

Бола жатар сендердің де үлесің

Ақынмын деп мен қалай айта аламын

Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан

Таулар – менің тау- сылмайтын бақытым

Ең бірінші бақытым- халқым менің

Қайырлы түн

















Қара өлең

















Елім барда

















Үш бақытым


















Барлығы да сендердікі

















VІ. Мұғалімнің қорытындылауы.

«Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,

Үзбеймін күдерімді халықтан мен»

Жалпы Мұқағали халқына ерекше сенім артып, құрметтеп өткен ақын. Қай өлеңінде болса да, халқын, елін, жерін ерекше тебіреніспен жырлаған.

«... Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»

Иә, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев тірі, күнбе-күн қасымызда.

Жалғасы бар,

Жырымның жалғасы бар

Жырларым жылдарменен жалғасыңдар, – деп



айтқандай, жырлары ұрпағымен бірге мәңгі жасайды. Мұқағали Абай жаққан бір сәулені алаулата түсті.

VІІ. Үйге тапсырма: «Менің Мұқағалиым» тақырыбында ойтолғау жазу, өлеңді жаттау

VІІІ. Оқушылардың өздеріне білімдерін бағалату. Оқушының пікірі: « Маған бүгінгі сабақ өте ұнады. Сабаққа барлық оқушылар белсене қатысты, әсіресе Фаризаның, Еламанның, Ақботаның, Алтынайдың жауаптары ұнады. Егер мен мұғалім болсам, Фаризаға «5», Алтынайға «4», Ақбота, Еламанға «5» деген баға қояр едім.» (Осылайша 1,2 оқушының пікірлерін тыңдау)
Каталог: uploads -> doc -> 0c9c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c9c -> Сабақтың тақырыбы: Бала Тұрар Сабақтың мақсаттары
0c9c -> Әдебеттік оқу 2 ә класс 11. 05. 2015. Тақырыбы: Түлкі мен тиін Мақсаты
0c9c -> Сабақтың тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі. Сабақтың мақсаты
0c9c -> Түсіндірмелі салалас құрмалас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет