Сабақтың тақырыбы: Біржан мен Сара айтысы



бет9/9
Дата17.10.2019
өлшемі1,38 Mb.
#50139
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сапаржанова Лаура Біржан-Сара айтысы


Интерактивті тақтадағы «Рефлексия пирамидасы» оқып, рефлексияны дәптерлеріне жазады.



https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/9-synyp/lesson/birzhan-men-sara-ajtysynyng-taqyryby-men-ideyasy-ajtystyng-korkemdik-ereksheligi
«Атамұра» баспасы. 2019 жыл.

Курманалиева

73-бет
Слайд№17

Интерак-тивті тақта

Слайд №18


Қосымша ақпарат

Білгенім бір тоғыз...

Талдықорған қаласындағы ақын Сара мен Біржан сал көшелерінің бойында ақын Т.Досмағамбетовтың авторлығымен жасалған қола ескерткіші тұр. 1993 жылы Қапал ауданының Қапал ауылында ақын Сара мұражайы ашылды. 1999 жылы Сарқан ауданывна қарасты Сарқан ауылындағы мектепке ақын Сара есімі берілді. Астана, Алматы қалаларында ақын Сара атындағы көше бар. Белгілі суретші Камиль Муддашев ақын Сараның тамаша портретін кескіндеген.


Тапсырма №1 «Мектеп» баспасы 2019жыл.73-бет.

Егер сендер осы айтыстың әділ-қазысы болсаңдар, айтыстың жеңімпазы деп кімді таңдар едіңдер? Неліктен?



Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай текеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында оқушыларды ынталандыру үшін мақтау, мадақ сөздер айтып қолдап отырамын. Оқушы деңгейіне қарай тапсырмалар сараланып беремін. Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырмалар беремін.

Топтық, жұптық, жеке тапсырмалардан кейін оқушылар бір-бірлерін бармақ арқылы, смайликтер арқылы, мадақтау сэндвичі арқылы бағалаймын.Жеке тапсырмаларды орындағанда дескрипторлар ұсыну арқылы бағалаймын

АКТ-ны қолданған кезде, оқушы қауіпсіздігіне мән беремін.

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сай келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Менің жоспарлағанымдай оқу мақсаттарына сай шынайы және қолжетімді болды. Мақсатқа жету үшін тапсырмалар құрастырғанда оқушылардың жас ерекшелігі ескерілді. Жеке тапсырмалар орындау кезінде дескрипторларды негізге ала отырып орындады.

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Оқушылар «Біржан-Сара» айтысының кейіпкерлер жүйесін анықтады. Айтыстан үзінділер алып, сын тұрғысынан ойлай отырып, өз пікірлерін айтты. Бірін-бірі әділ бағалауды және кері байланыс беруді үйренді.

Оқушылар қызығушылықпен белсенді орындады.



Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Тапсырмалар оқу мақсатына сай сараланып алынғандықтан сабақ барысында, тапсырмалар жүйелі орындалып, оқушыларға қиындық келтірмеді. Сараланған тапсырмалар өз деңгейінде жүргізілді.

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынған топтық, жеке, жұптық тапсырмалар түрлі әдістермен түрленіп берілгендіктен, сабақ кезінде уақытты тиімді пайдалана алдым.

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Мен өз жоспарыма ешқандай түзетулер енгізбедім.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Топтық жұмыс барысында мақсатқа сай берілген «Тұжырымдамалық кесте» кейіпкерлер жүйесін кеңінен талдауға мүмкіндік берді.

  2. Әр тапсырмалардан кейін жүргізілген кері байланыс кезінде оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не себеп болар еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

  1. Оқу мақсатына жету үшін белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.

  2. Қалыптастырушы бағалаудың түрлері қолдану арқылы оқушы мотивациясын көтеру.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым , келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1.Оқушылардың рефлексия парақшасын оқып, оқушы үніне назар аудару қажет



2. А деңгейлі оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар қолдану қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет