Сабақтың тақырыбы: БҮкіләлемдік анықтама, БҮкіләлемдік кітапхана сыныбы: 9



Дата08.09.2017
өлшемі295,64 Kb.
#31597


Сабақтың тақырыбы:

БҮКІЛӘЛЕМДІК АНЫҚТАМА,

БҮКІЛӘЛЕМДІК КІТАПХАНА

Сыныбы: 9 «Б»

Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Қасымова Айгүл Тұратқызы

2012-2013 оқу жылы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 9 «Б»


Сабақтың аты

Интернет - бүкіләлемдік анықтама, бүкіләлемдік кітапхана.

Сілтеме

Жоспар

Оқулық, 149-бет

Ғаламтор, www.google.kz, www.sabak.kz, www.45minut.kz, www.you tube.com т.б.


Жалпы мақсаты

  • Интернет желісі жайлы ақпарат беру;

  • Интернет желілерін қолдану жолдарын үйрету;

  • Бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Интернет желісі жайлы білетін болады;

  • Интернет желілерінде жұмыс жасау тәсілдерін қолдана алатын болады;

  • Бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Негізгі идеялар

Ауқымды компьютерлік желілер туралы мағлұмат беріледі. Топтық жұмыста «Интернеттің зияны мен пайдасы» жайлы шығармашылық жұмыс жасайды. «Пилот штурман» тәсілі арқылы жұптық жұмыс анаграмма шешеді. Викториналық сұрақтар «Сен білесің бе?» және тест тапсырмалары арқылы сабақты қорытындылау.

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Сен білесің бе?» викториналық сұрақтар

Топтық жұмыс «Интернет»

Жұптық жұмыс «Пилот штурман» анаграммалық кесте

Жеке жұмыс «Тест тапсырмалары»




І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Шеңбер құрып, кезекпен өз есімдерін және есімінің бас әріпінен басталатын өзінің мінезіне тән үш қасиеттерін айтқызу.

2. Топқа бөлу. Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.

Оқушыларға ауқымды желілердің аттары жазылған парақшалар («ARPANET», «INTERNET») таратылады. Екі топқа бөлінеді. «ARPANET» тобы және «INTERNET» тобы.
ІІ. Жаңа сабақ «Интернетпен танысу» видео көрсету. (3 минут)

Ауқымды желінің шығу тарихын айтып кету. Жаңа терминдермен таныстыру.


ІІІ. Жеке жұмыс «Сен білесің бе?» (7 минут)

Жаңа тақырыпты меңгергендерін тексеру мақсатында алынады. Интерактивті тақтада презентация арқылы сұрақтар көрсетіледі. Оқушылар қолдарын көтеру арқылы жауап береді. Егер сұрақ дұрыс болса, онда ол оқушыға бір жұлдызша беріледі.


ІV. Топтық жұмыс «Интернет» (15 минут)

Топтарға мәтін таратылып, оқиды, өзара талқылайды. Бірінші топқа Интернет желісінің пайдасы жайлы тақырыбы, ал екінші топқа Интернет желісінің зияны жайлы тақырыбы беріледі. Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.

Топ пікірлерін тыңдау (әр топқа 2 минуттан).

Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ бақылаушысы бағалау критерийлерін белгілейді және жұмыс барысында бағалап, түсіндірмесін жазады. (әр топқа 1 минуттан)
Бағалау парағы


Критерийлер

Көшбасшы

Баяндамашы

Хатшы

Уақыт сақшысы





























































Тапсырма екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланады.
V. Тренинг «Интернет» (3 минут)

Аудиториядағы жалпы қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Допты ұсынамын, бірақ допты алушы интернеттің бір қасиетін айтып келесі қатысушыға береді. Ескерту бір рет айтылған қасиет екінші рет қайталанбауы керек.


VІ. Жұптық жұмыс «Пилот штурман» анаграммалық кесте (7 минут)



Жұмыс орындалып болғаннан кейін оқушыларды «Смайликтер» арқылы бағалау жүйесі жүзеге асырылады.
VІІ. Жеке жұмыс «Тест тапсырмалары» (7 минут)

Оқушылар компьютерде отырып, тест сұрақтарына жауап береді.



Тест орындап болған соң, оқушы қанша сұраққа жауап бергені туралы бағасы көрсетіледі. «5» алған оқушылар – бағдаршамның жасыл түсін, «4» - сары түсін және «3» алған оқушылар қызыл түсін көтереді.
Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.


Кейінгі тапсырмалар

151-бет №2, 3, 5, 6, 8

Кейінгі оқу

3.3 – тақырып. Электрондық пошта.



Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет