11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
11.1.11 - көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын жасай алу;
Барлық оқушылар: пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын біледі
Оқушылардың басым бөлігі: пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолданады
Кейбір оқушылар : пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын есептер шығаруда қолданады және талдайды
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Психологиялық дайындық
2.Үй тапсырмасын тексеру 3.Ой қозғау
1. Көпжақты деп нені айтамыз? 2. Көпжақты элементтерін атап шық.
3. Көпжақтардың қандай түрлері болады?
4. Призма деп нені айтамыз?
5. Тік призма қандай болады?
6. Пирамида деп қандай көпжақты айтамыз?
7. Қиық пирамида деп қандай денені айтамыз
Деңгейлік тапсырмаларды орындау Дифференциация: оқушылардың қабілеттеріне қарай материалды күрделендіру. Оқушыларға деңдейді қабілеттеріне қарай өздеріне таңдауға ұсыныс беріледі А1 Пирамиданың табанында қабырғасы 10 см-ге тең квадрат жатыр. Пирамида биіктігінің табаны оның табанының бір төбесі болып табылады. Егер оның биіктігі 24 см-ге тең болса, пирамиданың толық бетінің ауданын табыңыз.
А2 Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың табандары 8 м және 2 м. Биіктігі 4 м. Қиық пирамиданың толық бетін табыңыз
В1Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңыз:
Дескриптор • көпжақтар сызбасын дұрыс салады;
• көпжақтардың бүйір және толық бетінің формулаларын біледі
• көпжақтар (пирамида және олардың түрлері) берілген есептерде бүйір және толық беттің аудандарын есептей алады
Топтық жұмыс Біздің отанымыздың астанасының көрнекі жерлерінің бірі – Бейбітшілік пен келісім сарайы. Оның пішіні табаны шаршы болатын дұрыс пирамида. Табан қабырғасы 61,8033988 м-ге тең. Пирамиданың биіктігі де 61,80339887 м. Бұл Алтын қима қағидаттарына негізделген.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды