Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз



бет1/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,83 Mb.
#16636
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Қазақ тілі 3-сынып №4

Күні: 8.09.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты: дыбыстар және әріптер туралы 2-сыныпта алған білімін еске түсіру, қайталау; дауыссыз дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан ерекшелігін түсіндіру.

Сабақтың әдісі:топпен жұмыс,«Ұқсастық пен даралық», «3 қадамдық сұхбат» стратегиялары(СТО бағдарламасының стратегиялары).

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Оқушылар топқа бөлінеді.

Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.

Тақтаға мынандай сөздер жазылады: дала, білім, халық, қымыз.

Осы сөздерді құрып тұрған тек дауысты дыбыстар тізбегін жазу: аа, іі, аы, ыы.

Мынандай сұрақ қойылады:



  • Осы тізбектің қандай сөздер екенін білуге бола ма?

Енді сөздердің тек дауыссыз дыбыстарын көшіріп жазады:д...л..., б...л...м..., х...л...қ..., қ...м...з.

–Бұл әріптер тізбегінен сөз құрастыруға бола ма?

Осы тапсырманы орындап болғаннан кейін,топ мүшелері өзара пікірлесе отырып, өз қорытындыларын айтады. Мысалы, дауысты дыбыстар буын құрай алса, сөйлеу кезінде дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да маңызы зор.Дауысты,дауыссыз дыбыстар бір-бірінсіз сөз құрай алмайды.

Сабақ басындағы қайталауға берілген тапсырма оқулық бойынша орындалады. Оқушылар еоп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы сөйлемдерді ауызша толықтырады.



Мағынаны тану кезеңі

  1. жаттығуды орындап болғаннан кейін, жуан, жіңішке дауысты дыбыстар еске түсіріледі. Сөздегі дауысты дыбыстардың жуан,жіңішке болуына байланысты сөздердің де жуан, жіңішке айтылатынын естеріне түсіреді.

  2. жаттығуды орындау кезінде жаңа сөз жасап тұрған дыбыстардың қосындысынан «Оқу түбі- тоқу » деген мақал шығуы керек. Бір дыбыстың өзгнруінің өзінен сөздің мағынасы өзгеретіні түсіндіріледі.

3, - жаттығу да бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздерді табуға арналған. Оқушылар өзгерген сөздердің мағынасын түсіндіреді.

4-жаттығуды орындау арқылы сөздерге дыбыстық талдау жасап, дыбыс пен әріптің айырмашылығын еске түсіреді.



Жаттығулар орындалғаннан кейін топтарға тапсырмалар беріледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссыз дыбыстардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін «ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша анықтау керек. Сызбаны әр топ өздерінің қалауынша, әртүрлі формада сызуына болады. Мысалы, үшбұрыштар, ашылған кітап, үй тәріздес, т.б.
Дауысты дыбыс Дауыссыз дыбыс

Бастапқы шеңбердің ішіне дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтары, үшінші шеңберге ұқсастықтары жазылады.



Ой толғаныс

«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу


Қазақ тілі: 3-сынып №2

Күні: 03.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: И, й, у әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты: 2-сыныпта и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білімін еске түсіру, қайталау; и, у дауысты дыбыстарының кейде жуан, кейде жжіңішке айтылуының себептерін анықтау; и және й дыбыстарын салыстыру;у дыбысын жұп дауысты ұ, ү дыбыстарынан сөз ішінде айыра біліп,дұрыс жаза білуді үйрету.

Сабақтың әдістері: «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Семантикалық карта» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

1-топ. Жуан дауысты дыбыстар.Қолдарындағы әріптерді қатыстыра отырып,жуан айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді.Сөздердің жуан айтылу себебін түсіндіреді.

2-топ. Жіңішке дауысты дыбыстар. Осы дыбыстарды қатыстырып жіңішке айтылатын сөздерге мысалдар келтіреді. Сөздердің жіңішке айтылу себебін түсіндіреді.

3-топ. Қатаң дауыссыз дыбыстар. Бұл топ бірнеше сөз тауып жазып,олардың ішіндегі қатаң дауыссыз дыбыстарды атайды. Олардың қатаң деп айтылу себебін түсіндіреді.

4-топ. Ұяң дауыссыз дыбыстар. Бұл топтағылар мысалға келтірген сөздердегі ұяң дыбыстарды айтады.

Осы дыбыстардың ішінен и,й,у дыбыстарына жеке тоқталып, осы дыбыстардың ерекшеліктері бойынша 2-сыныпта өткендерін айтып, оқығандарын еске түсіру.. Топтарға төмендегі тапсырмалар беріледі.

1-топқа тапсырма. И және й әріптері бар сөздер. Бағандарды салыстырып, айырмашылықтарын табу:

Киін-кейін қима-қайық

Тиме-түйме сиыр-сойыл

Биле-бейне жина-жайна

Оқушылар мынадай қорытынды жасауы тиіс. Й әрпі –дауыссыз, ол тек дауысты дыбыстан кейін жазылады. И,й дыбыстарының жуан не жіңішке айтылуы сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке айтылуына байланысты. И-буын құрайдығ й-буын құрамайды. Егер оқушылар толық қорытынды жасай алмаса,мұғалім жетекші сұрақтар қояды.

2-топқа тапсырма. Й әрпі дауысты дыбыстан кейін жазылады дейді, дегенмен й әрпінен басталып жазылатын сөздер бар ма?Йод, йогурт, Йемен сөздерін мысалға келтіріп, олардың шет тілдерінен енгенін түсіндіріп кетуге болады.

И мен й дыбысынынң ерекшелігін түсіну үшін келесі тапсырманы орындап, қорытынды шығарады.



Жазылуы Айтылуы

Биыл быйыл

Киім ...

Оқиды ...

Жиын ...

Оқушылардың қорытындысы: и дыбысының алдында ы мен і дыбысы айтылады, бірақ жазылмайды.



3-топқа тапсырма.Сый,тый сөздерінен қандай сөздер тарайды? Бұл сөздер қандай ережеге бағынбайды? Бірнеше сөз жазыңдар.

Сыйла тыйылды

Сый тый

... ...


... ...

4-топқа тапсырма.Келесі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.

Жазылуы Айтылуы

Жу жұу


Келу келіу

Тасу ...


Желпу ...

Уәде ...


Уақыт ...

Оқушылар мынадай қорытынды шығаруы керек:у дыбысы көбінесе дауыссыз дыбыстан кейін келеді. Ол сөздің жуан,не жіңішке болуына байланысты –ыу,іу болып айтылады.

Оқушылардың қорытындысы: у дыбысы дауысты дыбыстан кейін дауыссыз, ал дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауысты дыбыс болады.

Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығуды орындағаннан кейін, и және й әріптерін салыстыру үшін Венн диаграммасын толтыртуға болады. Алдымен әр топ диаграмманы толтырып, өзара талқылайды.содан кейін топ мүшелері бірін-бірі толықтыра отырып, барлығы бірлесіп тақтада Венн диаграммасын құрайды.



И

й

1. Дауысты дыбыс.

1. Дауыссыз дыбыс.

2. Дауыссыз дыбыстан кейін жазылады.

3. Сөздің басында көп кездеседі.

4.Буын құрайды.

5. Айтылуында и дыбысының алдында –ы,-і дыбысы естілгенімен, жазылмайды.

6. Тек тый, сый сөздерінде ы әрпі жазылады.


2. Әріптік таңбасы бар.

3. Сөздердің ішінде кездеседі.

4. Сөздің басы, ортасы, соңында келеді.

5. Дауысты дыбыстанкейін

Жазылады.

6. Шет тілдер енген сөздердің ғана басында келеді.

7.Буын құрамайды.

Содан соң 2-жаттығу орындалады. Тый, сый сөздерінен таралған сөздерді қай топ көбірік жазатынын анықтау үшін жарыс ұйымдастыруға болады.ол үшін



« топтастыру» стратегиясы пайдаланылады.


3,4-жаттығуды орындай арқылы оқушылар У дыбысының дауысты, дауыссыз және кейде жуан, кейде жіңішке болу себептерін анықтайды. Берілген сөздерге У әрпін жалғау арқылы ы, і дыбыстарының түсіп қалатынына көздерін жеткізеді.

5-жаттығу арұылы балалар й әрпі сөз басында сөз келетін шет тілінен енген сөздермен танысады, оларды дұрыс жазыпүйренеді.



Ой толғаныс

Семантикалық карта толтыру ( «+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады)







Дауысты

дауыссыз

Жуан айтылады

Жіңішке айтылады

Сөз басында

Сөз ортасында

Сөз соңында

и






















й






















у























Қазақ тілі: 3-сынып №3

Күні: 04.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: Я , ю әріптерінің жазылуын қайталаймыз

Сабақтың мақсаты: й+у дыбыстарының орнына «ю» и+а дыбыстарының орнына «я» әрпі жазылатынын оқушылардың есіне түсіру , қайталау ; оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру; оқулықта кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс қолдана білуді үйрету.

Сабақтың әдістері : « Ойлану , жұптасу , пікрлесу» , «Дөңгелек үстел» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Қызығушылық ояту

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа мынадай тапсырмалар беруге болады:



1-топқа тапсырма:

дыбыс

әріп

Қазақ тіліндегі

сөздерде

Басқа тілден енген

сөздерге

й+а









й+у










2 топқа тапсырма.

Қи қию қи қия

Жи +у = …. Жи си +а = .

Мынадай қорытынды жасалу керек: и дыбысына аяқталған сөзге У әрпі қосылса, ю әрпі а дыбысы қосылса я әрпі жазылады.


3-топқа тапсырма.

Сы сыюсы

Я .... ю ....

Тыяды тыю

........ ...

Сый, тый сөздерінен кейін я, ю әріптері келсе, и емес ы әрпі жазылады деген қорытынды жасалады.

4-топқа тапсырма.

Сорай + у - .... жарыс + у - ....

Көркей + у- .... адаспа +у - ....
Бірінші бағандағы сөздерге У әрпі қосылғанда. Соңғы екі әріп ю болып жазылады , ал екінші бағандағы сөздерге у әрпі қосылғанда, ешқандай өзгеріссіз у-дың өзі жазылады. Неге? Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығу я дыбысының қосарлы дыбыс екенін еске түсіруге арналған. 2 - жаттығуды орындайкезінде дауысты дыбыстан кеін келген я дыбысың йа болып естілетін түсіндеруге

Арналған. 2-жаттығуды орындау кезінде дауысты дыбыстан кейін келген я дыбысының

Йа болып естілетінін,и дыбысынан кейін келген я дыбысының а дыбысы болып естілетінін байқайды.

3 – жаттығу ю дыбысының дауысты дыбыстан кейін йу болып естілетіні ,и дыбысынын

кейін келгенде ,у болып естілетін түсіндіруге арналған .

4,5-жаттығулар алған білімін тиянақтау түсү үшін берілген.

6-жаттығу у,ю әріптерін дұрыс жалғай білуді үйретеді.

Жаттығуларды орындап болғаннан кейін,алған білімдерін жинақтау үшін «3 қадамның

Сұхбат» стратегиясы арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып , білімін бекітеді

Бұл сұхбат әр топтағы 4 оқушы арасында жүргізілді.Оқушылар АВСД деп белгіленеді.

Мына ретпен тақырып бойынша сұхбат алады.




1. А В 1. А В

С Д Д С

Cұқбат алу кезінлде сұрақ қоюшы қасындағы оқушыға қоятын сұрағын жүйелетін үшін



сол тақырып бойынша алған білімін пайдаланады және жауап беруші пікірін тыңдау

арқылы өз білімін толықтырады.Ал жауап беруші білетін білімін басқаға үйретеді ,

сөздік қорын

дамытуды,сөйлеу мәдениеті қалыптасады, қорытындылауды үйренеді .



Ой толғаныс

«Дөңгелек устел» стратегиясы . Топ мүшелері бірі я немесе ю әрпі бар сөздерді қатыстырып бір сөйлем жазады. Әрі қарай топтың әр мүшесі бір сөйлемнен жалғастырып

жазады .Соңынан әр топ құрған мәтінін кезекпен оқиды .Мысалы :1. Саят пен Аян қоян көрді.2. Қоян Аян мен Саяттан қорқып , бүрісіп қалды .3. Олар қоянды аяп кетті. 4. Олар

қоянға көмектесу үшін қасына таяп келді.


Қазақ тілі: 3-сынып №4

Күні: 05.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п

Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбымстардың жіктелуін қайталау; п дыбысына аяқталатын сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда п дыбысы б дыбысына өзгеретінін түсіндіру; б дыбысына аяқталған басқа тілден енген сөздердің жазылуын еске түсіру.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс

Кіріспе бөлім.

«Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?» тапсырмасы.

Тақтаға соңғы әріптері түсіп қалған сөздер жазылыды.

Кәсі... қалы... клу...

Мекте... ғажайы... шта...


  • Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылыды деп ойлайыңдар? (Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті (п,б) жазады). Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту.

  • Балалар, осы сөздердің б дыбысы естіліп тұр.

Ал сендер неліктен кейбір сөздердің соңына п, ал кейбір сөздердің соңына б әрпін жазыңдар.

Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, п әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында б жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аяқталатын сөздерге мысалдар келтіру керек.



  • Б дыбысына аяқталатын сөздерді кім атап береді? (Штаб, клуб, араб, куб)

  • Б менп әріптері туралы не айтуға болады?

  • Б- ұяң дауыссыз дыбыс, ал п- қатаң дауыссыз дыбыс .

  • Олай болса, бүгінгі сабақта б, п әріптерінің жазылуын еске түсіреміз.

Негізгі бөлім

Балалар 1- жаттығуды орындау арқылы дауыссыз дыбыстардың түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) қайталайды. 2- жаттығу дыбыстық талдау жасау дағдыларын бекітеді.



  1. жаттығуды орындау кезінде сөйлемді көшіріп жазып, п, б әріптері бар сөздердің астын сызады. Сөз соңында келген б, п дыбыстарының айтылуын еске түсіреді.

  2. Жаттығу тақырып бойынша алған білімін бекітуге арналған.

  3. Қорытынды бөлім.

Тақтаға мына сызба ілінеді:

Оқушылар сызба бойынша сөздер (мысалы:торап, кәсіп, теп...) құрайды. Ол сөздерге ы,і,у әріптерін жалғап айтады. Сөз соңындағы п әріпінің б әріпіне өзгеру себебін түсіндіреді.



  • қандай сөздер б дыбысына аяқталады?

  • Сөз соңындағы п дыбысы қай кезде өзгеріске ұшырайды?

Себебін түсіндіріңдер.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 12-бет



Қазақ тілі: 3-сынып №5

Күні: 09.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: қ мен ғ, к мен г.

Қайталау

Сабақтың мақсаты: оқушыларды сөз құрамында келетін қ. Ғ мен к, г дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға, сауатты жазуға дағдыландыру; оларға к, г дыбыстары жіңішке буында қ, ғ дыбыстары жуан буында жазылатынын түсіндіру; сөз соңындағы қ, к дыбыстарының қай жағдайда ғ, г-ге айналатынын еске түсіру.

Сабақтың әдістері: топтық жұмыс, « Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Топтарға мынадай тапсырмалар беріледі:

Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды топтап жаз және жұбы жоқ қатаң дауыссыз дыбыстарды аңықта ( п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, к-г, т-д, ш-ж, с-з, һ-х. Жұбы жоқ қатаң дауыссыздар: ц, ч, щ).

Алдымен әр топтағы оқушылар өз бетінше орындайды, содан кейін жалпы талқылап, бірін-бірі толықтырып, әр топтан бір оқушы сойлейді.



Магыныны тану кезеңі

Мынадай кесте ілінеді:



Қ, ғ дыбыстары бар создер

К, г дыбыстары бар создер

қараңғы жарық

қолғап алғыс

қарақат ағын

ғылым ақша


орақ-орағы

қалақ-қалағы



күрек үлгі

кедергі шекер

көгер егін

өлке егер


шелек-шелегі

тілек-тілегі



Кестенің р бөліміндегі сөздерді алдымен әр оқушы жеке оқып салыстырып, сосын қ, ғ к, г дыбыстарының ерекшеліктеріне, яғни қ, ғ дыбысының жуан буындарда, к, г дыбыстарының жіңішке буындарада болатынына және қ, к дыбыстарының к,г дыбыстарына өзгеретініне жалпы сыныптың назарын аудару керек.

Төменде берілген кестенің «Біліміне» деген бөліміне осы дыбыстар туралы өздерінің білетіндерін толтырады. Содан кейн әр бала топта өз білімін ортаға салады.Олар ортақ кесте толтырып, алған біліміне сыныппен бөліседі. Осы дыдыстар туралы тағы не білгісі келетінін екінші «Білгім келеді» бөліміне жазады.



Біліміне

Білгім келеді

Не уйрендім?

1. Қ, к- қатаң, ғ, г- уяң дауыссыз дыбыстар.







2. Қ, ғ дыбыстары жуан буында, к,г дыбыстары жіңішке буында жазылады.







3.Қ, к дыбыстарынан кейн дауысты дыбыс тіркелсе, олардың орнына ғ, г жазылады, т.с.с.






«Білгім келеді» бөліміне жэазған сұрақтарына сабақ барысында жаттығуларды орындау кезінде жауап іздейді. Кейбір сұрақтарға жауап беруге мұғалім көмектеседі. «Не уйрендім?» бөлімі сабақты қорытындылау кезінде тоглтырылады. Оған оқушылар бұрынғы білетініне қандай жаңа білім қосқанын жазады.

Бұл кезеңде оқулықтағы жаттғу жұмыстарын орындағаннан кейн, оқушылар өз қорытындыларын айтып, дәлелдейді. Бұл оқушыға берілген білімнің дағдыға айналуына әрі оқушының өз пікірін баяндау қабілетінің дамуына жағдай жасайды.

Ой толғаныс

Бұл кезеңде оқушылырдың қ,ғ,к,г дыбыстарына қатысты білім, біліктері жинақталып, қорытындылады. Кестенің «Не уйрендім?» деген соңғы бөлімі толтырылады.

Үйге тапсырма: 4-жаттығу.14 бет

Қазақ тілі: 3-сынып №7

Күні: 11.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасын қайталаймыз

Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөздерден құралатыны және ондағы әрбір сөздің белгілі бір мағынасы, қызметі болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздердің сол мағыналарына сай үзілетіні туралы түсінік беру; сөздерді дұрыс қолдана білу, сөйлемді сауатты құра білуге дағдыландыру.


Каталог: uploads -> doc -> 0c69
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c69 -> «Бекітемін» Мектеп директоры: А. М. Жунусова Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 2016жылдың 14-19наурыз аралығында «Сен және сенің құқығың»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет