Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз


Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту



бет2/7
Дата23.05.2017
өлшемі1,83 Mb.
#16636
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту

Әр топ кестені толтыру барысында 2-сыныпта алған білімін жинақтап, кеңейте түседі. Кестенің екінші, үшінші бөлімдерін оқушылар өздері толтырады.



Дыбыстар

Сөздер

Сөйлем

а-п-а-й

с-ы-н-ы-п

к-і-р-д-і


апай

сынып


кірді


Апай сыныпқа кірді,

Жеке тұрғанда мағынасы жоқ.. Дабысталады, әріппен таңбаланады,

...

...

Мағынаны тану кезеңі

  1. Әр топ төмендегі сөздердің бірнеше мағынасын тауып, топтастыру жасайды.

Мәндес сөздерді табуға арналған жаттығуларды орындау кезінде топтастыру тәсілін қолданған дұрыс.

Ал қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуға арналған жаттығуларды орындағанда «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясын қолдануға болады.



Мысалы:

Қыс жаз Оқущылар бұл сөздердің неге

Күн түн қарама-қарсы мағыналы

Жіңішке жуан сөздер деп аталатынын

Биік аласа дәлелдейді.

Сөздің мағынасын анықтауда «Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясын қолдану тиімді. Барлық оқушыға бірнеше бөлікке бөлінген бір-бір қағаз таратылып беріледі. Ол қағаздарға жаттығулардағы мағынасы қиын сөздер жазылады. Оқушылар қағаздың екінші бетіне ол сөздердің түсіндірмесін оқиды. Олар ішінен ең дұрыс түсіндірілгенін таңдап алады.



Үйге тапсырма: 5- жаттығу. 19 бет

Қазақ тілі: 3-сынып №10

Күні: 17.09.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамының қайталаймыз

Сабақтың мақсаты:қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөз,түбір мен қосымшадан(жұрнақ,жалғау)тұратынын оқушылардың естіне түсіру.

Сабақтың барысы:

  1. Түбір, жұрнақ, жалғау туралы алған 2-сыныпта білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

-Түбір деген не ?

-Түбір қосылатын бөлшек қалай аталады?

-Жұрнақтың жалғаудан ерекшілігі неде?

-Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?

2.Тақтаға мынандай кесте ілінеді,оқушылар оны толтырады.


Түбір сөздер

Қосымшалы сөздер

Ана,қітап,топырақ......

Би-щі,алма-лар,жазу-шы-лар...

Оқушыларға кестедегі түбір сөзді оқытып,ондағы буындар мен дыбыстарды анықтау.содан кейін оқушы ол сөздің бір дыбысын алып тастап айтып,оның мағынасы болмайтынын байқады.Яғни түбір сөздің бөлшектеуге келмейтін еске түсіріледі.

Оқушылар екінші бағандағы сөздері оқып,қосымшасын табады.Қосымшалардың жалғау және жұрнақ болып бөлінетіндігін айтады.Кестедегі сөздердің түбірі,жалғауы мен жұрнақтарын тиісті белгілермен белгілейді.

3. Оқулықтағы жаттығуларды орындау тапсырма ретінде беріледі

4. Сабақтың қортындылау.

5. Үйге тапсырма: 4- жаттығу. 22- бет




Қазақ тілі: 3-сынып №11

Күні: 18.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы:Зат есімі қайталаймыз

Сабақтың мақсаты:зат есімі туралы түсінігін бекіту;сойлем ішінен зат есімді таба білу;зат есімнің жекеше және көпше түрі,жалпы мен жалқы есім туралы алған білімін пысықтау.

Сабақтың әдісі:«Ой қозғау»,«Венн диаграммасы»,«Топтастыру»,«Еркін жазу»стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Қызығшылықты ояту

«Ой қозғау » стратегиясы.Оқушылар тез арада зат есімге қатысты не білетіндерін тізіп жазады.Алдымен әр оқушы жеке-жеке жазады,содан кейін әдеттегідей топта,сосын сынып болып орындап,бір-бірінің жазғандарын толықтырады.

Мысалы:

1. Заттың аты



2. Кім? Не? Кімдер? Нелер?

3. Жекеше. көпше түрі.

4. Жалпы есім,жалқы есім.

5. Әртүрлі мағынасы болады.

6. Қосымша жалғанады.

7. Заттың мағыналы сөздер жиі қолданылады,т.с.с.



Мағынаны тану кезеңі

Тақтаға бірнеше зат есім жазылады:

Жаңбыр, шегіртке, шыбын, сауыншы, дауыс, нағашы, немере, тасқын, сатушы, директор,қоңыз,әпке,жүргізуші,сіңлі,боран,ара,есепші,найзағай,аға.

1-топ. Табиғат құбылыстары атауларын теріп жаз.

2-топ. Мамандық атауларын жазады.

3-топ. Жәндік атауларын жазады.

4-топ. Туыстық атауларды жазады.

Оқулықтағы тақырыптың басында берілген сойлемдерді ауызша толықтырады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы сұраққа толық жауап берулерін қадағалайды.

1-жаттығу сұрақ қоя отырып ,зат есімдерді табуға дағдыландыруды көздейді. 2-жаттығудағы жалқы есім ,жалпы есім;зат есімнің жекеше,көпше түрлеріне байланысты тапсырмаларды орындағаннан кейін, Венн диаграммасы арқылы салыстырады.Балалар өз мүмкіндіктерінше білгендерін толтырады. Соңынан бірін-бірі толықтырып ортақ кесте жасайды.


1. Зат атаулары

2. Туыстық атаулар

3. Жәндік аттары

4. Құстардың аттары

5. Сөйлем ішінде кіші әріппен жазылады

1. Зат есім

2. Заттың атын білдіреді.

3. Сөз


4. Кім? Не? Кімдер? Нелер?
1. Жер су аттары

2. Кісі аттары

3. Тау аттары

4. Өзен, көл аттары

5. Қала аттары

6. Үй жануарларының аттары

7. Бас әріппен жазады


3-жаттығу барысында оқушылар сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды зат есім жасап үйренеді. 4-жаттығуды орыдау арқылы туынды зат есімдер туралы алған білімін пысықтайды. 5-жаттығу бойынша берілген сөздерден адам есімдерін құрып,олардың зат есім екенін анықтайды.

Ой толғаныс

«Заттың атын білдіретін сөздер қалай пайда болады деп ойлайсың?» деген сұраққа өз ойларын жазады(«Еркін жазу»стратегиясы).

Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 24-бет. Берілген сөздерден адам есімдерін құрастырып жазу.

Қазақ тілі: 3-сынып №12

Күні: 19.09.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталаймыз
Сабақтың мақсаты:етістік, олардың түрлері туралы білімдерін нығайту;сөйлем ішінен етістіктерді тауып,сұрақ қоя білу.

Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын, тіл байлықтарын жетілдіру.

тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Кіріспе бөлім

«Пресс-конференция» дидактикалық ойыны.Ойынның шарты:тақта алдына үш етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «ғалымдарға» төмендегі үлгі бойынша сұрақтар қояды:



  • Етістік дегеніміз не?

  • Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

  • Дара, күрделі етістіктер туралы не айтасыз?

«Ғалымдар» мысал келтіре отырып, жауап беруі тиіс. Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтыруына болады.

Негізгі бөлім

1,2-жаттығу оқушылардың етістік туралы білімін толықтыруға арналған. Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретіндігі, оның зат есіммен байланысты еске түсіріледі.

3,5-жаттығу дара, күрделі етістіктерді ажырата білуді үйретуге арналған. Күрделі етістіктерді дұрыс жазу, оларды қатыстырып сөйлем құрастыруды үйренеді.

. Құрастырған сөйлемдердің ішінен етістіктерді тауып, сұрақ қояды, астын сызады. Олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі етістік екенін анықтайды.

. Оқушылардың етістік туралы алған білімі пысықталады.
Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 25- бет.

Қазақ тілі: 3-сынып №13

Күні: 23.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталаймыз

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сын есім туралы түсінігін кеңейту; сын есімдер заттың түр-түсін, көлемін, дәмін және басқа да сипатын айқындайтынын түсіндіріп, оларды зат есімдермен дұрыс тіркестіре білуді үйретеді.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Сын есім туралы 2-сыныпта алған білімін еске түсіріп, әр балаға тапсырмалар беріледі.



Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығуда берілген сурет бойынша заттардың түсін анықтайды. Сол заттарға қатысты өлең, жұмбақтар тауып айтады. Соңынан заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім деп аталатыны туралы қорытынды жасалуы керек.

2, 3-жаттығуды орындау арқылы оқушылар сын есімді сөйлем ішінен тауып үйренеді. Сын есімдердің қандай сұрақтарға жауап беретін еске түсіреді.

4-жаттығудағы метаграммалардың шешуі: жаз-қаз ...?

Шешуі болған сөздерді сын есіммен тіркестіріп жазады. Мысалы, жылы жаз, шуақты жаз, көркем жаз, т.б. Содан кейін осы тіркестерді пайдаланып шағын мәтін құрауға тапсырма беруге болады. Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, әр балаға зат есімге сөздер беріп, сол зат есімге қатысты сын есімдерді тауып жазудан балалар арасында жарыс ұйымдастыруға болады.

Содан кейін әр бала өзінің белгілі бір сөзге жинақтағын сын есімдерін көрші балаға беріп алмасады. Олар сын есімдердің ішінен өздеріне берілген зат есімге қатысты сын есімді іздеп көреді. Мұндағы мақсат – сын есімдердің кез келген затпен тіркесе бермейтінін түсіндіру. Мәселен, семіз ғой, семіз сиыр, деуге болады, бірақ семіз ағаш, семіз кітап деуге болмайды.

Ой толғаныс

сын есімдердің ішінен екі сын есімді таңдап алып, «бес жолды өлең»жазады. Мысалы:

Зат есім (1)жапырақ

Сын есім (2)қызыл, сары

Етістік (3)түседі,сытырлайды, ұшады

Сезімді білдіретін тіркес(4) алтын күз неткен әдемі!

Синоним (1) өсімдік
Үйге тапсырма: 5-жаттығу. 28-бет.

Сабақтың тақырыбы: Cан есімді қайталаймыз

Сабақтың мақсаты:сан есім туралы алған білімін пысықтау; цифрмен берілген сан есімдерді жазумен жаза білуді үйрету; сөйлем ішіндегі сан есімдерді тауып ,сұрақ қоя білу; Сан есімен байланысып тұрған сөзді анықтай білу.

Сабақтын барысы:


  1. тақтаға төмендегідей кесте ілінеді немесе сызылады. Тақтаның бір шетіне заттың санын ретін білдіретін бірнеше сөз жазылады. Оқушылар осы сөздердің қай сөз табы екен, оған қандай сұрақтар қойылатын анықтап,кестені толтырады.Мысалы: алты,алтыншы,он екі,лпысыншы,үй жеті күн.




Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім










Заттың санын, ретін білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше? Нешінші?

Оқушылардың сан есім туралы бұрынғы сыныптарда алған білімдерді сұрақ-жауап арқылы пысықталады.

2.Оқулықта берілген жаттығулардағы сөйлемдер ішінен сан есімдерді табу ,оларға сұрақ қою,мағыналық байланысын анықтауға арналған.

Тапсырмалардың көп бөлігін оқушыларға өз беттерінше орындауға ұсынуға болады.



3.Сабақты қорытындылау

-Сан есім дегеніміз?

-Сан есімнің сұрақтарын айтыңдар.

-Сан есім мағыналық түріне қарай нешеге бөлінеді?



Сабақтың тақырыбы:Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты:дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінетінін,дауысты дыбыстардың өзі жуан және жіңішке болып бөлінетінін еске түсіру.

Сабақтынң көрнекілігі:сурет салынған плакат,дыбыстар жіктемесінің кестесі.

Cабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру

1,2-сыныпта “Дыбыс пән әріп” тақырыбы бойынша өткізілген оқу материалдарын еске түсіру.

а)Сұрақтарға жауап беру:

1.Дыбыс дегеніміз не ?

2.Әріп дегеніміз не ?

3.Дыбыстар нешеге бөлінеді.

4.Әліпбиде әріптер қалай беріледі ?

ә)Сурет бойынша жұмыс



Ауыз жабық баланың суреті

Аузын О сияқты ашып тұрған баланың суреті

Аузын керіп ашып тұрған баланың суреті

Езуін керіп ашып тұрған баланың суреті

Сұрақтар:

1.Бірінші суреттегі бала қандай дыбысты айтып тұр?

(Аузы жабық .Ешқандай дыбыс шығара алмайды).

2.Екінші(үшінші,төртінші)суреттегі бала қандай дыбысты айтып тұр?

3.Дыбысты айтуға адамның қандай мүшелері қатысады?

Оқушылар дыбысты айтуға өкпе,өңеш,мұрын,ауыз,ерін,тіл,тіс,таңдай қатысатын,дыбыстарды құлақпен еститінімізді айтады.

Әр мүшенің дыбыс щұғарудағы қызметі түсіндіріледі.

4.Кесте арқылы дыбыстар туралы алған білімдері бекітіледі.




Дауысты дыбыстар:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),э,ё,ю,я.

Жуан дыбысты дыбыстар:а,о,ұ,ы.

Жіңішке дауысты дыбыстар:ә,ө,і,ү,е.

Э,ё(йо)әріптері орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде кездеседі.Мысалы:эстетика,электр,Серёжа,

Алёша, т.б.



Ю әрпі мынадай сөздерде жазылады.Мысалы: ою,тою,қою,жаю т.б.

Ю әрпі орыс және шет тілдерінен енген мынадай сөздеоде қолданылады: люкс,полюс т.б.

Я әрпі мынадай сөздерде кездеседі. Мысалы: мия,сия,қияр,т.б.

Я әрпі орыс және шет тілдерінен енген мынадай сөздерде қолданылады: Яша,янтарь,т.б.

Сөздің бір дыбысы өзгерсе,оның мағынасы өзгереді. Мысалы:жол-сол,тол,мол,қол,бол.

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.

Ә-ріп-тер (3 буын),әт-кен-шек (3 буын),о-рын-дық (3 буын),ба-уыр-сақ (3 буын).

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп,тасымалданады(келесі жолға жазылады).

Мысалы:

Оқушылар мектеп ауласына неше түрлі ағаш отырғызды. Қыздар отырғызылған көшеттерді суарды.





Дауыссыз дыбыстар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м, н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).

Дауысты у дыбысы

Дауыссыз у дыбысы

уылдырық

ту

сулық



сұлу

селеу

жауын


бауырсақ

хауыз









Жаңа сабақ

-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айтыңда?

Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1-жаттығуда берілген сөздердің әрбірінде неше дыбыс, неше әріп бар екенін тауып, сосын оның алғашқы үш сөзіне дыбыстық талдау жасауға тапсырма беріледі.

Мысалы:


Асқабақ – 7 дыбыс,7 әріп, 3 буын.

А – жуан дауысты дыбыс.

С – қатаң дауыссыз дыбыс.

Б – ұяң дауыссыз дыбыс.

Жемістерді бір бөлек, көгөністерді бір бөлек көшіріп жазады.

2-жаттығу. Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар сөз, сосын бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздер, одан кейін құрамында жуан да, жіңішке де дауысты дыбыстары бар сөздерді қарастырып, біршене сөйлем құрайға тапсырма беру керек.

- Осы сөздердің ішінде тасымалдауға келмейтін сөз бар ма?

Бар. Ол – қант сөзі. Себебі бұл сөз бір ғана буыннан тұрады.

3-4-жаттығу да осындай ретпен орындалады. Ал 5-жаттығуда сөздің бір дыбысы өзгерсе, оның мағынасы өзгеретіні еске түсіріледі.

Ақ – түстің белгісі.

Шақ – кез, уақыт.

Ұшақ – көлік түрі.

Құшақ – алға созылған екі қолдың арасы.

Сабақты қорытындылау

1. «Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны. Шарты:тақтаға әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерді қатыстырып бірнеше сөз құрайды.

Б а қ ж ш т д

А о ы у і л е к қ

Мысалы: бақыт, дауыл, т.б.

-Құрастырған сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?

-Бір сөзге дыбыстық талдау жаса.

2. Осы тақырып бойынша дидактикалық материалдарда немесе «Қызықты грамматикада» берілген тапсырмаларды орындайға тапсырма беріледі.

Осылайша оқушылардың дыбыс пен әріп туралы алған білімдері пысықталады.

Үйге тапсырма мұғалімнің өз қалауынша беріледі.

Қазақ тілі 3 «А» сынып №13

Күні: 23.09.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы

Сабақтың мақсаты: э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана қолданылатынын түсіндіру.

Сабақтың барысы:
І.Үй тапсырмасын тексеру


  1. Үйге берілген жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.

  2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қайталанып, дыбыс туралы алған білімдері пысықталады.


ІІ. Жаңа сабақ


  1. Терме диктант жаздыру. Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі

Елік, экспедиция, ескерту, ереже, экспорт, кесіртке, энциклопедия.

Осы сөздерге міндетті түрде сөздік жұмысы жүргізіледі.



Экспедиция – жұмыс бабындағы бірнеше адамның белгілі бір мақсатпен бір жаққа шыққан сапары.

Экспорт - өнеркәсіп өнімдері және басқа да тауарлардың, сондай-ақ капиталдың шетелдерге шығарылуы.

Энциклопедия – ғылымның барлық немесе белгілі бір саласына мәлімет беретін ғылыми анықтамалық басылым.


  1. Е дыбыс пен э дыбысы бар сөздерді салыстырып оқыту.

Е және э дыбыстарын дұрыс айтып үйрену. Бұл дыбыстарды айтқан кезде:

- ерін керіліп, екі езу құлаққа қарай жылжиды;

- иек төмен түсіп, ауа еркін шығады;

- тіл ұшы ілгері жылжып, тілдің үсті шамалы төменге ойысады. Осының нәтижесінде бұл дыбыстардың жіңішке айтылатыны түсінідіріледі.



Э дыбысының дауысты дыбыс екені, тек орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана кездесетіндігі айтылады.
3. Оқулықтағы жаттығуларды орындауға тапсырма беру

1-жаттығу. Е және э дыбыстары салыстырылады, бірнеше сөйлем құрастыру.

2-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу, эмблема сөзіне дыбыстық талдау жасау.

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Э әрпі кездесетін сөздердің астын сызу, жазылуын есте сақтау.

4-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру. Э әрпі кездесетін сөздерді табу. Мәтіннің екінші бөлімін көшіріп жазу.
ІІІ.Сабақты қорытындылау

Сұрақтарға жауап беру

-Э қандай дыбыс?

- Э дыбысын айтқан кезде дыбыстау мүшелерінің қызметінде қандай ерекшеліктер болады?

-Э дыбысы сөздің қандай буындарында келеді? Мысал келтіріңдер.
ІV. Үйге тапсырма беру.

1.5-жаттығу. Адасқан әріптердің тиісті орындарын тауып, сөйлемдерді көшіріп жазу.


Қазақ тілі 3 «А» сынып №8

Күні: 15.09.2014ж

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы

Сабақтың мақсаты: в дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін және ол орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана кездестіретінін түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: сөздер жазылған плакат, тірек-сызбалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру

1.Э дыбысы туралы алған білімдері пысықталады

2.Үйге берілген тапсырма қалай орындалғаны тексеріледі.
3. Жаңа сабақ
1)”Қай әріпті жоғалттым” дидактикалық ойыны.Шарты:тақтаға әріптері түсіп қалған сөздері бар плакат ілінеді.Оқушылар жоқ әріптерді тауып фломастермен жазады.

...азелин а...тобус Мұсабае...

...альс а...иация Антоно...

...алюта винто...ка Сегізбае..

"ЖОҚ" әріпті дыбыстап айтып көріңдер

-"Жоқ" әріп- в әріпі. В - ұяң дауыссыз дыбыс.Дауыстың көмегімен ғана дауыстап айта аламыз.

Сөздің қандай буындарында кездеседі?

-Сөздің барлық буынында: басында,ортасында,соңында кездеседі.


2) Оқулықтағы 1-2 жаттығу орындалады.Жүргізілетін жұмыстар:

- сөйлемді көшіріп жазып, в жыбысы кездесетін сөздердің астын сызу;

-б және в дыбыстарының айтылуындағы ерекшеліктерді аңғару;

-в дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құруға тапсырма беру.


3) Ереже қайталанады.
4) 3-жаттығу.Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі."Ваня, иті Сивка, ескерту жасады, базардан сатып алды" деген сөздерді қатыстырып,қысқаша мәтін құрастырып жазғызу. В әріпі кездесетін сөздердің астын сызғызу.
5) 4-жаттығу. Жұмбақ жатқа жазылады.Жұмбақтың шешуі:экскаватор.Осы сөзді қатыстырып, сөйлем құратқызу.
6)Сабақты қорытындылау

1.Сұраққа жауап беру

-В қандай дыбыс?

-В дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер

-В дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі

2.Осы тақырып бойынша дидактикалық материалдарда берілген тапсырмалар орындалады. 11-бет. 1, 2, 3- тапсырмалар



Үйге тапсырма беру:

5 жаттығу Мәтінді түсініп оқу, көшіріп жазу. В әрпі бар сөздердің астын сызу.



Қазақ тілі 3 «А» сынып №12

Күні: 22.09.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы

Сабақтың мақсаты: ф дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екені;орыс және шет тілінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.В дыбысы туралы алған білімдері пысықталды.

2.Үйге берілген жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Оқушылардан Ф дыбысы туралы не білетінін сұрау. Ф дыбысын айтқызу.

Ф қандай дыбыс?

Ф дыбысы кездезетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Оқушылардың жауаптарынан кейін төмендегідей үлгідегі кесте ілініп, оқушылардың берген жауабы толықтырылады.



Ф дыбысы

1.Қатаң дауыссыз дыбыс.

2.Тіс пен еріннің қатысымен жасалады..

3.Орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздер де ғана кездеседі.

4.Сөздің барлық буынында кездеседі.

5.Қалай жазылса, солай айтылады.

2. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу бойынша жасалатын жұмыстар:

–Сөздерді оқыту. Олардың мағынасын түсіндіру;



Физика – ғылымның бір саласы. Телефон – хабарласуға арналған техникалық аппарат. Телеграф – электр желілерін жалғап тұратын бағана. Буфет – 1. Тағам, ыдыс-аяқ қойылатын шкаф түрі. 2. жеңіл тағам, сусындар сатылатын кішігірім дүкен.

Фирма – түрлі салада қызмет атқаратын өндіріс түрі. Фигура – пішін. Флейта – үрмелі музыкалық аспап. Фильм – кино. Кофе – сусын. Фосфор – химиялық элемент.

2- жаттығу бойынша кісі аттары мен жер аттарын топтап жазады. Фархад сөзіне дыбыстық талдау жасатылады.



3. Ереже пысықталады.

4. «Ф» сөзжұмбағын шешу. Тігінен: 1.Спорттық ойын түрі;

Көлденеңінен:1. Тұрмыста қолданылатын жиһаз. 2.Белгілі бір өнім түрін шығаратын өндіріс орны. 3.Хабарласуға арналған техникалық аппарат.

5. 3-жаттығу бойынша жүргізілетін жұмыстар:

1) Мәтінді оқыту, мазмұнын сұрау.

2) Мәтіннің бірінші бөлімін көшіріп жазу;

3) Ф әрпі кездесетін сөздерге дыбыстық талдау жасау. Полиграфия, формат.

4) П, ф дыбыстарын салыстыру;

5)Ф дыбысы кездесетін сөздерге түсіндірме сөздігін жүргізу.



6. 5- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұнын сұрау. Ф дыбысы кездесетін сөздерің

мағынасын түсіндіру. Б.Момышұлы туралы не білетіндерін сұрау.



IV.Сабақты қорытындылау

1.Ф қандай дыбыс?



Ф дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Ф дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі?

- Сөздің барлық буындарында кездеседі. Мысалы, шкаф, фабрика, кофе, т.б.

2. Дидактикалық материалдардан 12-13 беттегі №1,2,3 тапсырмалар орындалады.

V . Үйге тапсырма беру: 4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Ф дыбысы кездесетін сөздерің астын сызу.

Қазақ тілі 3 «А» сынып №14 сабақ

Күні: 24.09.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Ч, щ дыбыстары

Сабақтың мақсаты: ч, щ дыбыстарының қатаң дауыссыз дыбыс екені;орыс және шет тілінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Ф дыбысы туралы алған білімдері пысықталды.

2.Үйге берілген жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ

1.Оқушылардан Ч, Щ дыбыстары туралы не білетінін сұрау. Ч, щ дыбыстарын айтқызу.

Ч, щ қандай дыбыстар?

Ч, щ дыбыстары кездезетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Оқушылардың жауаптарынан кейін төмендегідей үлгідегі кесте ілініп, оқушылардың берген жауабы толықтырылады.




Ч, щ дыбыстары

1.Қатаң дауыссыз дыбыстар.

2.Тіл мен таңдайдың қатысымен жасалады..

3.Сөздің барлық буынында кездеседі.


2.Оқулықпен жұмыс

1) 1-жаттығу бойынша жасалатын жұмыстар:

Әліппелік жұмбақты жатқа жазу. Ч әрпі кездесетін сөздердің астын сызу.

Бармын чекте,

Жоқпын шетте.

Чемпион атандым

Жекпе-жекте. (С.Мұсақыпұлы)
2) 2-жаттығу бойынша жасалатын жұмыстар:

Мәтінді оқыту, мазмұнын сұрау. Көшіріп жазу.



Сантьяго, Оңтүстік Америка сөздерінің жазылуын есте сақтау.
3) 3-жаттығу бойынша жасалатын жұмыстар:

–Сөздерді оқыту. Олардың мағынасын түсіндіру. Жазылуын есте сақтау.



Щетка, шаңырақ, шай, щи, шәйнек, ащы, тұщы, шұжық, басшы, қосшы, борщ, шортан.

Щ әрпі кездесетін сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем жазу.
3. Ереже пысықталады.

IV.Сабақты қорытындылау

1.Ч, щ қандай дыбыстар?



Ч, щ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Ч, щ дыбыстары сөздің қандай буындарында кездеседі?

2. Дидактикалық материалдардан 13 беттегі №1,2 тапсырмалар орындалады.


V . Үйге тапсырма беру

4-жаттығу. Әліппелік жұмбақты көшіріп жазу. Щ әрпі кездесетін сөздердің астын сызу.


Қазақ тілі 3 «А» сынып №17

Күні: 30.10.2013ж

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты: ц дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екені, орыс және шет тілдерінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

Тақырыпқа кіріспе

Ч, щ дыбысы туралы алған білімдері пысықталады.



Үй тарсырмасын тексеру

Үйге берілген 4-жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.



Жаңа сабақ

  1. Оқушылардан ц дыбысы туралы не білетіндерін сұрау; ц дыбысын айтып үйрену.

  2. Шығармашылық диктант.

Тақтаға төмендегі заттардың суреті ілінеді:

  • апельсин, лимон, мандарин, ананас;

  • циркуль;

  • цирк.

Оқушылар оларды жинақтап, мынадай үлгіде бірнеше сөйлем құрастырып жазады.

Үлгі:

  1. Апельсин, лимон, мандарин, ананас – цитрустар.

  2. Циркуль – геометриялық фигура сызатын құрал.

  3. Циркте жануарлар өнер көрсетеді.

  4. Цилиндр - геометриялық фигура.

- Циркуль, цитрус, цирк сөздерінде Ц дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр?

Ц қандай дыбыс?

- Ц – қатаң дауыссыз дыбыс.



Ц дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

- Конституция, авиация



дыбысы сөздің қай буындарында кездесіп тұр ? -сөздің бастапқы жане ортаңғы буындарында кездесіп тұр 3 кестемен жұмыс


Ц дыбысы

1. қатаң дауыссыз дыбыс .

2. тіс пен тілдің қатысуымен жасалады.

3. Орыс және өзге шет тілінін сөздер де ғана кездеседі.

4 сөздің басқа және ортаңғы буындарында кездеседі

Кесте бойынша ц әрпінің емлесі түсіндіріледі.



4.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығуда берілген сөздер оқытылып, сөздік жұмыс жүргізіледі.Содан соң сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

2-жаттығу.Мәтін оқытылады.Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасатылады:

Цирк- 4дыбыс, 4 әріп, бір буынды сөз

Ц-қатаң дауыссыз дыбыс.

И-дауысты дыбыс.

Р-үнді дауыссыз дыбыс.

К-қатаң дауыссыз дыбыс.

5.Ереже пысықталады.Осыдан кейін 3және5 –жаттығу орындатылады.

6.Ц дыбысы мен әрпі бойынша дидактикалық материалдарда немесе «Қызықты грамматикада» берілген тапсырмалар орындатылады.



Сабақты қорытындылау

1.Сұрақтарға жауап беру

-Ц қандай дыбыс?

-Ц дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

-Ц дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі.

- Сөздің бастапқы және ортаңғы буынында кездеседі.

Мысалы:цистерна,экспедиция,цемент,т.б.

2. «С әрпі ме, әлде ц әрпі ме?» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылған плакат ілінеді. Оқушылар жоқ әріпті тауып фломастермен жазады.

Мысалы:


...аябақ, қа...ық, ...иклон, ...ауы...қан, ... иркуль , ...ентнер , а...қабақ , бары... , ...ирк , кон...титу...ия , ...илиндр.

дыбысы мен ц дыбысы туралы не білеміз?

-Екеуі де қатаң дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы тек орыс және шет тілдерінен енген сөздерде кездеседі.



Үйге тапсырма беру

4-жаттығу



Сабақтың тақырыбы: Х, һ дыбыстары

Сабақтың мақсаты: Х, һ дыбыстарының қатаң дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

Тақырыпқа кіріспе

Ч, щ, ц дыбыстары туралы алған білімдері пысықталады.



Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 4-жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.



Жаңа сабақ

1.Оқушылардан х, һ дыбыстары туралы не білетіндерін сұрау; х, һ дыбыстарын айтып үйрену.

2.Шығармашылық диктант.

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз.

қ - х х – һ

...абар - ...арбыз шебер...ана - жа...ан

...алық - ...айық ша...тер - қа...арман
Х дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр?

- Хабар, халық, шеберхана, шахтер сөздерінде.



Һ дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр?

- Жаһан, қаһарман сөздерінде.



Х, һ қандай дыбыстар?

- Х, һ – қатаң дауыссыз дыбыстар.



Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Х, һ дыбыстары сөздің қай буындарында кездесіп тұр ? 4.Оқулықпен жұмыс

1-жаттығуда берілген сөздер оқытылып, сөздік жұмыс жүргізіледі.Содан соң сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

2-жаттығу. Мәтін оқытылады. Һ әрпі кездесетін сөйлемдерді көшіріп жазу. Жиһаз сөзіне дыбыстық талдау жасатылады:

Жиһаз- 5 дыбыс,5 әріп, екі буынды сөз

Ж - ұяң дауыссыз дыбыс.

И - жіңішке дауысты дыбыс.

Һ - қатаң дауыссыз дыбыс.

А - жуан дауысты дыбыс.

З - ұяң дауыссыз дыбыс.

5.Ереже пысықталады. Осыдан кейін 3 –жаттығу орындатылады.

6.Х, һ дыбыстары мен әріптері бойынша



Өздік диктант

Көп нүктенің орнына тиісті қ, х, һ әріптерін қойып жаз.

...исса, ...арауыл, ...ат, ...атық, жи...ангер, қа...арман, ...абарландыру, ...анзада, жи...аз, Гау...ар, Жау...ар, ша...ар, ...орған.
Сабақты қорытындылау

Сұрақтарға жауап беру

-Х, һ қандай дыбыстар?

-Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

-Х, һ дыбыстары сөздің қандай буындарында кездеседі?

Үйге тапсырма беру

4-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу.



Сабақтың тақырыбы: Х, һ дыбыстары
Сабақтың мақсаты: Х, һ дыбыстарының қатаң дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

Тақырыпқа кіріспе

Х, һ дыбыстары туралы алған білімдері пысықталады.



Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 4-жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.



Жаңа сабақ

1.Оқушылардан х, һ дыбыстары туралы не білетіндерін сұрау; х, һ дыбыстарын айтып үйрену.

2.Сөздік диктант.

Хабар, қаһарман, халық, жауһар, гауһар, тарих, хайуанат, емхана, жиһаз.

Х дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр?

- Хабар, халық, тарих, хайуанат, емхана сөздерінде.



Һ дыбысы қандай сөздерде кездесіп тұр?

- Жиһаз, қаһарман, жауһар, гауһар сөздерінде.



Х, һ қандай дыбыстар?

- Х, һ – қатаң дауыссыз дыбыстар.



Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Х, һ дыбыстары сөздің қай буындарында кездесіп тұр ?
4.Оқулықпен жұмыс
1-жаттығуда берілген сөздер оқытылып, сөздік жұмыс жүргізіледі. Содан соң сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрап жазады.
2-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу. Өлеңдегі қарама- қарсы мағынадағы сөздерді табу. Өлеңнің мағынасын түсіндіру.
3-жаттығу. Мәтін оқытылады, мазмұнын сұрау. Һ, х әрпі кездесетін сөйлемдерді көшіріп жазу. Кесене, археолог сөздеріне түсінік беру.
5.Ереже пысықталады. Осыдан кейін 4 –жаттығу орындалады. Жапырақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Сабақты қорытындылау

Сұрақтарға жауап беру

-Х, һ қандай дыбыстар?

-Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

-Х, һ дыбыстары сөздің қандай буындарында кездеседі?

Үйге тапсырма беру

5-жаттығу. –хана жұрнағын қосып бірнеше сөз ойлау. Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырып жазу.


Сабақтың тақырыбы:Мәтін

Сабақтың мақсаты: мәтін туралы алған білімін әрі қарай жетілдіру; Мәтінннің сөйлемнен айырмашылығын анықтай білу; мәтін құрастыру,оған тақырып таңдай білу дағдыларын арттыру.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 5-жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.


Қызығушылықты ояту

«Пирамидалық оқиға» статегия қолданылады

1._ _ _ _ _ _ _ _ _

2._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

3._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

4._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

5._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

6._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

7._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Мұндай сызба барлық оқушыға таратылады. Берілген тапсырма осы жолдарға жазылады.

1.оқиға кейпкердің атауын беретін(адам,аң,өсімдік,жансыз зат т.б) 1 сөз.

2.Кейіпкердің сырт бейнесін,мінезін, түрін анықтайтын 2 сөз.

3.Оқиғаныңболған орнын анықтайтын 3 сөз.

4.Оқиғаның өтуін түсіндіретін 4 сөзден тұратын сөйлем.

5. Оқиғанын шығу себебі (5 сөз).

6.Әрі қарай не болды? (6сөз).

7. Оқиға қалай аяқталады?(7 сөз)
Мағынаны тану кезеңі

Оқулықта берілген жаттығулар орындалғаннан кейін «Кубизим» стратегиясын қолдануға

болады. Ол үшін оқушыларшағын топтарға бөлінеді. Неше топ болса, текшенің сонша жағына тапсырмалар жазылады. Текшені топтың ортасына тастағанда, әр топ отырған жаққа қай жағындағы тапсырма түссе, топ сол тапсырма бойынша дайындалады.

1-тапсырма. Мәтіннің сөйлеммен айырмашылығын айт.

2-тапсырма.Мәтіннің тақырыбын қалай таңдау керек?

3- тапсырма. Мәтіннің басталуы деген не?

4- тапсырма. Мәтіннің аяқталуы деген не?

5- тапсырма . Мәтінді қалай құру керек?


Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Мәтінді оқу. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге тақырып дұрыс қойылған ба?

2-жаттығу. Мәтінді оқу. Мағынасына қарай мәтіннің басталуын таңдау. Толықтырылған мәтінді көшіріп жазу.
Ой толғаныс

Топтың санына қарай тақырыптар жазылады. Әр топ тақырып таңдап алады. Топтың таңдаған тақырыбына қарай әр оқушы бір сойлеммен жалғастырып жазып, 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан метін құрастырады. Бұл стратегия « Бір айналым сөйлесу» деп аталады.


Үйге тапсырма беру

3-жаттығу. Мәтінді оқып, аяқтап жазу. Мәтінге ат қою.




Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты: мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.
Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы
2.Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген 3-жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі. Мәтінді оқып, аяқтап жазу. Мәтінге ат қою.


3. Қызығушылықты ояту

«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу үшін шағындау мәтін таңдап алынады.Мәтін бір бет қағазға жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады.Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып жайылып қойылады.Мазмұны жағынан әртүрлі мәтін беруге болады.

Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып құрастырады.Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызуға болады.

4.Мағынаны тану кезеңі

Содан кейін осы мәтіннің ір бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлемнен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру кезделеді.


5. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Мәтінге жоспар құру арқылы әңгімелеу мәтінін құрастыру. Оқушылар «Ұмытшақ» тақырыбында әңгәмелеу мәтінін құрастырады.

3-жаттығу. Серік мәтіннің жоспарын дұрыс құрды ма? Қатесі болса, түзетіп жазу.
6. Ой толғаныс

«Әңгімені бірлесе жазу« стратегиясы былай жүзеге асырылады.Әр түрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады,әр топ бір-бір тақырыпты таңдап алады.

«Орманда», «Көл жағасында», «Цирк», «Мұзайдын», «Қысқа дайындық», «Бақшада »

Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру

арқылы жазады.Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін,1-ші оқушы мәтіннің басталуын

(кіріспе бөлім) жазады,2-ші оқушы болған оқиғаны жазады,яғни негізгі мәселеге тоқталады,3-ші оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім),4-ші оқушы оқиғаға өз көзқарасын білдіреді.


7. Үйге тапсырма беру

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қандай қате жіберілгенін табу. Сөйлемдерді қалпына келтіріп жазу.



Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты: мәтін түрлерін еске түсіру, мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.
Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою» «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын тексеру

2-жаттығу. Сөйлемдерді оқу. Қандай қате жіберілгенін табу. Сөйлемдерді қалпына келтіріп жазу.


3. Қызығушылықты ояту

«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс істеу үшін шағындау мәтін таңдап алынады.Мәтін бір бет қағазға жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып жайылып қойылады.Мазмұны жағынан әртүрлі мәтін беруге болады.

Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып құрастырады.Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызуға болады.
4.Жаңа сабақ. Мағынаны тану кезеңі

1) 1-жаттығу арқылы мәтін түрлерін еске түсіру. Тақырыптары бойынша мәтіннің қай түріне жататынын анықтату. Әңгімелеу мәтінін қалай құрастыруға болатынын еске түсіру керек. Оқушылар «Жайлаудағы бір күнім» тақырыбында әңгімелеу мәтінін құрастырады.

2) 2-жаттығу. «Cұлтан Бейбарыс» мәтіні бойынша жасалатын жұмысты «Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүргізуге болады. Мәтін 3, 4 бөлімге бөлінеді, әр бөлімді оқып болғаннан кейін бір топ сол бөлімінің авторы болады да(қай топ автор болатыны окып болғаннан кейін айтылады), қалған топтағы оқушылар сол бөлім бойынша авторға өздерінің сұрақтарын қояды. «Автор» болған топ мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді, қиын сөздерге түсінік береді. Оқиғаның әрі қалай жалғасатынын болжайды. Сол бөлімге тақырып кояды. Ал екінші бөлімге басқа топ автор болады.Жұмыс осылай жалғасады.Авторлардың әр бөлімге қойған тақырыбы тақтаға жазылып отырады.Бөлімге қойылған тақырыптар негізінде мәтіннің жоспары құрылады.
Үйге тапсырма беру

3-жаттығу. Берілген жоспар бойынша мәтін құрап жазу.

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты:Мәтіннің бір түрі – сипаттау мәтіні туралы түсінік беру;затты немесе

құбылысты сипаттауды үйрету;сипаттау мәтінін құрастыруда теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру;оқушылардың сөздік қорын арттыру.


Сабақтың әдісі:«Жұп болып оқу» ,«Дөңгелек үстел»,«Топтастыру»,«Еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын тексеру

3-жаттығу. Берілген жоспар бойынша мәтін құрап жазу.



  1. Қызығушылықты ояту

Мәтін таңдалып алынады. Топтағы оқушылар екі-екіден жұптасады да, «Жұп болып оқу, жұп болып талқылау» стратегиясы бойынша жұмыс істейді.

Мәтін екі бөлімге бөлінеді. Ол мәтіннің ішінде сипаттау, суреттеу бөлімі болу керек.

1-бөлімді оқығаннан кейін,жұптасқан оқушылардың бірі репортер қызметін атқарып, 2-оқушы сұрақ қоюшы болады.

2-бөлімді оқығанда рөлдері ауысады.Одан кейін әр жұпқа оқыған мәтіндегі бөлімдердегі суреттеулер мен сипаттамалар негізінде сурет салуды тапсыруға болады.

Мұғалім екі түрлі мәтінді плакатқа жазып,тақтаға іледі.Екі мәтінді салыстырып оқиды.

Бүгін мектепте жарыс өтті.

Алаңды айнала жүгірдік.

Биіктікке секірдік. Шаңғымен жарыстық. Біздің топ жеңіске жетті.


Тазының дене бітімі сұңғақ, тұмсығы сүйір, көзі өткір болады. Суыққа шыдамсыз. Түгі тықыр келеді.

-Бірінші мәтінде не туралы айтылған?

-Екінші мәтінде ше ?

Оқушыларға жетекші сұрақтар қойып,бірінші мәтін-әңгімелеу мәтіні екенін,ал екінші мәтінде тазыны сипатталғаны түсініп айтатындай жағдай жасау керек.


4.Жаңа сабақ. Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығуды өздік жұмыс ретінде орындату. Демалыс күннің жоспарын құру. Жоспар бойынша демалыс күніңді қалай өткізгеніңді жазу.

Каталог: uploads -> doc -> 0c69
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c69 -> «Бекітемін» Мектеп директоры: А. М. Жунусова Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 2016жылдың 14-19наурыз аралығында «Сен және сенің құқығың»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет