Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата26.06.2018
өлшемі21 Kb.
#45002
түріСабақ
9 сынып.

Қазақ тілі пәні.

Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ә.Қастеев шығармашылығы,мұражайы туралы мағлұмат,

суретші туралы білімдерін толықтыру; танымдық түрлі жұмыс түрлерін

жүргізу.

2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту,таным-білігін арттыру; сауаттылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: ұлы суретшінің дарыны,адамгершілігі,отансүйгіштігі ар-қылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, оларда осы қассиеттерді қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суретші А.Дүзелхановтың «Ә.Қастеев» суреті, сурет-

шінің репродукциялары, сұрақ-жауап, интербелсенді тақта.



Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу,топпен жұмыс,сұрақ-жауап,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,орыс тілі.

Сабақтың формасы: жеке,топтықжұмыс.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Көңіл-күйлерің қалай? (Интерактивті тақта)

-Олай болса, балалар, мына тақтада берілген белгілердің ішінен қазіргі көңіл-күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.

Көңіл-күйім өте жақсы Көңіл-күйім жақсы Көңіл-күйім жоқ


Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Кім тапсырмаларды орындап келді?

(үй тапсырмасын жалпылай сұрақтар қою арқылы және жекелеп тексеріп шығу)



Мұғалім:Рахмет,отырыңыздар,балалар.

2.Сабаққа дайындықтарын тексеру және жағымды орта қалыптастыру. Көк және жасыл жолақтарды таратып, топқа бөліп отырғызу.(5 мин).

Мұғалім: Енді балалар алдарыңда бағалау парақтарың және мәтіндер парақшылары жатыр. Осы тапсырмалары бойынша жұмыс жүргіземіз.


Инт.тақта Қастеев суреті.

Мұғалім: Жақсы, балалар. Ендеше іске сәт. Балалар,тақтаға назар аударыңыздар. Бұл тұлға бізге таныс па?

Оқушылардың біреуі: Иә,бұл Әбілхан Қастеев-Қазақстанның халық суретшісі. Сендерге үйге Ә. Қастеевтің туындылары бойынша 3 топқа бөлінген мәтіндерді әңгімелеп беруге тапсырылды.

II. Үй жұмысын тексеру (10 мин)

Мұғалім: Кім жауап береді?

Балалардың жауабы.. Ә. Қастеевтің туындылары бойынша әңгіме

Мұғалім: Жақсы, отырыңыздар.
Мұғалім: Иә, балалар, ӘҚ-қазақтың біртуар суретшісі. Оның шығармашылығы сан қырлы.Ол Ш.Уәлиханов,Абай,Жамбыл Жабаев портреттерін жасады.Ең үздік портреті А.Иманов портреті. Пейзаждары және кескіндемелік шығармаларың мазмұны терең.1967 жылы Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде » атты акварельдік топтамасы үшін Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Суретшінің туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналды.
Тақта (картины-1)

Енді балалар тақтаға қарап, Ә.Қастеевтің суреттерін атаңдар.



1.Амангелді сарбаздары

  1. Абай жайлауда

  2. Биік таудағы мұз айдыны

  3. Амангелді сарбаздарының шабуылы (названия картин пусть

  4. Түрксіб выучат)

  5. Колхоз сүт фермасы

  6. Амангелді Иманов

  7. Жас Абай

  8. Түрксіб

Жаңа сабаққа шығу:

Мұғалім:Балалар,суретшінің бұл туындыларын қайдан тамашалауға болады.

Балалар:Өнер мұражайында.

Мұғалім: Иә,балалар,дұрыс. Өнер мұражайында. Жаңа тақырып бойынша «Инсерт» стратегиясын қолданамыз.

III.Жаңа тақырып (20 мин) (10 мин-подготовка) (10мин-ответы)

«Инсерт» стратегиясы (тақтада)

Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?

Ә.Қастеев атында

Алматы қаласында
Сұрақ-жауап

Мұғалім:Өнер мұражайы кімнің атында?

Оқушы: Әбілхан Қастеев атында?

Мұғалім: Мұражай қай қалада?

Оқушы: Алматы қаласында

Мұғалім: Күн мен тақырыпты дәптерге жазамыз.
Сабақтың тақырыбы:

Инт.тақтада тақырып аты шығады
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы.
Мұғалім: Мақсатымыз 1. Мұражай туралы мағлұмат алу;

2. Жаңа сөздерді меңгеру;

3. Осы тақырып төңірегінде сөйлей білу;

4. Ұлы жазушының өмірін үлгі ету.

Мәтінмен жұмыс. Мәтін таратылады.Тындалым.

1. Іштей оқу

2. Дауыстап оқу,мәнерлеп оқу.(1-2 оқушы)

3. Мәтін астындағы жаңа сөздерді оқиды. (1 оқушы)

Мұғалім: Мәтінде не туралы айтылады?

1-Оқушы: Мәтінде Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы туралы айтылады.

2-Оқушы: Мұражай 1976 жылы құрылды.

3- Оқушы: 1984 жылы мұражайға Ә.Қастеев аты берілді.

Топпен жұмыс

Кубизм стратегиясы


  1. Аудару (мәтіннен 1-2 сөз тіркесін немесе сөйлемді аудару.)

  2. Талдау ( 1жай,1 құрмалас сөйлемге талдау)

  3. Қолдану (сөздердің синонимдерін табу)

  4. Зерттеу ( диалог құрастыру)

  5. Суреттеу (суретшінің бір суретін суреттеу)

  6. Класстерді құрастыру және оны қорғау

Топтардың жауабы
Бейнефильмді көрсету «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы»

  1. Топ арасында өзара талдау

  2. Бейнефильмді туралы ой-толғауларын әңгімелеп беру


Тест жұмысы
IV.Сабақты қорытындылау (5 мин)

Инсерт стратегиясын толтыру

Не білдім? Не білгім келеді?

1976 ж.құрылды мұражайға барғым келеді

1984 ж.Ә.Қ.аты берілді мұражай экспонаттары туралы көп

22,500 мың туынды білу

14 залы
V.Бағалау: (2мин) М:Сабақтың мақсатын еске түсірейік

Мұражай туралы мәлімет алу

Мақсатқа жеттік пе? Ия,жеттік

М: Балалар,сендер өздеріңе қандай баға қойдыңдар.

VI.Рефлексия кезеңі: (2 мин)

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (жақсы, өте жақсы)



Сабақ сендерге ұнады ма? Ия,ұнады. Қызық өтті.

ҮІІ. Үй жұмысы: 3,4 тапсырма жазбаша 100-101 бб. Етістік туралы ережені жатқа қайталау.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет