Сабақтың тақырыбы: «Еңбекпен тапқан тиын»



бет2/4
Дата09.06.2020
өлшемі52,5 Kb.
#63255
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, сюжетті суреттер, мақал – мәтелдер, слайд

Пәнаралық байланыс: сурет, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа назар аудару.

Психологиялық дайындық!

ІІ.  Ой тастау: Қазір жылдың қандай мезгілі?

« Күннің шуағына өз қуаныштарын жазу »



ІІІ.  Сыныпты топқа бөлу , топ ережесін еске түсіру.

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!- деп ақын Қ. Мырзалиев жырлағандай, әдебиеттік оқу сабағын бастаймыз.

ІҮ. Үй тапсырмасын сұрау:

Жекен Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады»

1. Құрылыс жұмыстарына қажетті қандай көлік түрлерін білесіңдер?

2. «Бәрін бітірген өзім» деп мақтанған қай көлік еді?

3. Көтергіш кранның жұмысы қандай?

4. Мақтаншақ машина қандай жағдайға тап болды?

5. Көтергіш кран қандай көмек көрсетті?

6. Мақтаншақ машинаға көтергіш кран қандай ақыл айтты?

Жауап беруші

1. Көтергіш кран, жүк машинасы, трактор, т. б

2. Зауыттан жаңа шыққан жүк машинасы мақтанғанда жер - көкке сыймайды.

3. Көтергіш кран әлденеше бөренелер мен ағаштарды жоғары көтереді.

4. Жауын-шашыннан құрылыс маңайы лайсаң батпақ болып, сол жерге жүк машинасы батып қалады.

5. Кран ұзын мойнын бұра келіп, шұңқырда тұрған машинаны жоғары көтеріп әкетті.

6. Жүк көтергіш машинаны дөңес жерге шығарып тұрып:

- Балақай, бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері, өз орны бар. Бәріміз де тек құрылысшының көмекшісіміз,- деді.



Ү. Жинақтаушы

«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындарымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет