Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев Жалпы мақсат



бет3/6
Дата07.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#8915
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Рөл- асқазан

А-аудитория

Ф-арыз, шағым, тілек.

Тақырып: «Ас –адамның арқауы»

Тамақтану гигиенасы туралы әңгімеле.



Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

Сабақ -3 3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

В.Сухомлинский Ақ шаш. Ғ.Орманов Ана.

Жалпы мақсат:




Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 144-145 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:




Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:




Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)



Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Шығармалардың үзіндері арқылы топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.





Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

С. Бегалин «Мейірім» шығармасының мазмұны-ның негізгісін ғана айтқызу.

«Шоқан асулары», «Сәтжан» «әңгімелер» кітап-тары бар.

«Мейірім» мазмұнының негізгісін айту.

Жаңа сөздерден мәтінге байланысты сөйлемдер құрастыру. (күзек, жылқының беті, шалғын, ожар, әмсе, арқалану). Шоқанды сипаттаған жолдарын тауып оқу.





ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.

«Ой қозғау»

«Ана» сөзіне ассоциация құрғызу.



«Ана» сөзіне ассоциацияларын құрып, қорғай алулары.




2) Түсіну.
5 минут

Оқулықпен жұмыс.



  • Оқушыларды іштей оқыту.

  • Балаларға тізбектеп оқыту.

  • Слайд арқылы қосымша мәліметтер беру.

  • Қосымша мәлімет беру.

1.Оқушылар іштей оқиды.

2.Оқушылар тізбектеп оқып береді.

3.Слайд арқылы қосымша мәлімет тыңдап, көріп алады.





Сергіту жаттығуы.




3) Қолдану

«Білім биржасы» ойыны.

  1. «Білім биржасы» ойыны.

Ойынның мақсатын мен міндеттерін түсіну. Мұғалім-«банкир», «Акционер»-оқушы.

Тақтада 3 конверт болады. «5»-ол жоғары деңгей, «4»-жақсы деңгей, «3»-орташа деңгей тапсырмалары үш конвертте салынып тұрады.Егер жауабы толық болмаса, сары түсті акцияны алады. Дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап-қызыл түсті «акция», дұрыс негізделген жауап-жасыл түсті «акция». Осылай оқушылардың білімі бағаланады.



«Білім биржасы» ойыны.

Оқушылар 3 түрлі деңгейдегі тапсырмаларға жауап беру керек.



Сұрақтар:

І деңгей:

1.Жүйке жүйесі нені сезінуге көмектеседі?

2.Адамның жүйке жүйесі нелерден тұрады?

3.Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

4.Сезім мүшелерін ата. Олар қандай қызмет атқарады?

ІІ деңгей:

1.Біртұтастықты жүзеге асыратын жүйке жүйесіне нелер жатады? Олардың әрқайсысы қандай қызмет атқарады?

2.Миға не арқылы жеткізіледі?

ІІІ деңгей:

1.Сен алдына кенеттен бір мәселе тірелдің. Соны шешу үшін не арқылы ойланасың? Ол қалай жеткізіледі?

2.Жайбарақат келе жатып, алдында кішкене шұңқыр кездеседі. Соны миға жеткізу үшін қандай мүшелер қатысады?

3.


4) Талдау.

Дәлелдеу

(Сурет)
«Блум түймедағы»

Дәлелдеу.

Суретте берілген мүшелерді анықтап жазыңдар.


Түсінгендерін «Блум түймедағы» сұрақтары арқылы жауап береді.

Жай сұрақтар- Ас қорыту мүшелеріне не жатады?

Практикалық –Тамақ аз немесе артық жеу қандай жағдайға әкеледі?

Практикалық-Неліктен нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм сезіледі?

Анықтамалық-Тамақсыз адам қанша уақытқа шыдай алар еді, есіңе түсір.

Тісі түскен адамдардың асты қорытуы нашарлайды. Оның себебі неде?



Интерпретация- Ағза тізбегінің біреуі жұмысын тоқтатса қандай жағдай болар еді?

Интерпретация-Тістің ауруға шалдығып, ерте түсуі неден басталады?

Шығармашылық-Тек қана лимонад және кәмпитті күнделікті тұтынатын болсақ, ағзаға пайдасы тие ме? Қалай ойлайсың? Дәлелде, не үшін?

Бағалаушы - Дұрыс тамақтана білмеген адам түрлі ауруларға шалдыққыш келеді дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Топ арасында оқушының 1 күндік ас мәзірін дүрыс таңдап жазу.


Жай сұрақтар-

Практикалық

Анықтамалық-

Интерпретация-

Шығармашылық-

Бағалаушылық

Топ арасында оқушылар 1 күндік ас мәзірін топпен ақылдаса отырып жазады.



5) Жинақтау.

Кесте


1.«Ас қорыту жүйесі» кестесін толтыр.


Алған білімдерін толықтырып отырады.

Өзара талдайды.



Ас қорыту жүйесі




Ауыз

жұтқыншақ

өңеш

асқазан

Аш ішек

Тоқ ішек

бауыр

қызметі

Асты ұсақтау

Ас қорыту жүйесіне өткізу




Жұту , жылжыту


жылжыту

Ас қорытылады


ас сіңіріледі


Аш ішектің жалғасы,ашытатын микро организмдер болады

Өт бөледі, улы заттарды зиянсыздандырады


2. «Даналық ағашы» ойынында бір-бірлеріне сұрақтар қою.







2. «Даналық ағашы» ойыны.

Оқушылар оқыған мәтін бойынша сұрақтар-ды қағазға жазып, сандықшаға салады. Одан соң сұрақтары бір-бірден алып жауап береді.



3.Екі адамның бейнесіне зерттеу жүргізу.

Сұрақтары мен жауаптары:

1.Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге? (Себебі, біздің ас қорыту жүйеміздің жақсы жұмыс істеуі үшін, организмде әр уақытта қоректік заттар болу керек.)

2.Қоректік заттар дегеніміз не?(Көмірсулар, майлар, минералдар, тұздар, су мен витаминдер)

3.Ас тағамдары әр түрлі болу керек? Себебін айт. (Үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа деген тәбеті тартпайды.)

4.Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Неге? (бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді.)

5.Суды дұрыс пайдалана білу керек. Организм үшін су тапшылығы да және суды артық пайдалану зиян. Не себепті? (суды шектен тыс көп пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиян тигізеді. Ал су тапшылығы адам организмімін өлтіруге дейін барады.

6.Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Не себепті? (кейде адам тамақтан шашалып, тұншығып, өліп кетуі мүмкін)

7.Түскі тамақтың мөлшері қандай және қандай тағамдардан болу керек?

8.Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама деп неге айтады?

9. Ас туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?



ІІІ. Оқушылар суретке қарап екі адамның бейнесіне зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөліседі.

6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)

-Сонымен, күндік ас мәзірі қандай болу керек?

-Қандай тағамдар мен сусындар біздің өмірімізге зиян екен?

-Күніне неше рет тамақтанамыз?

-Әр уақыттың тамақтану мөлшері қандай болу керек?



ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты

жөні




















Балл

Баға




















































































Үй тапсырмасы:




«Тамақтану ережесін» құру.

Пайдалы тағамдардың суреттерін салу.






Рефлексиялық кезең.

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді. «Борт журналын» толтыру.


Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев Шал мен бала.

Жалпы мақсат:

1) Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев туралы мәлімет беріп, «Шал мен бала» мәтінімен таныстыру және түсіндіру.
2) Оқушылардың танымдық қабілетін, ой - өрісін, сауатты оқуын, сөздік қорын дамыту.
3) Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге әрдайым қарапайым, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 145-146 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:




Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, «Сырсандық», мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетуге болады.) мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, «Сырсандық», мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетуге болады.)



Негізгі идеясы:




Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Шығармалардың үзіндері арқылы топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.





Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ана» жаттап алу. Ғ. Орманов

В. Сухомлинский. Ақ шаш



«Ана» туралы өлеңді жатқа айту.

Қызылмен жазылған сөздерді пайдаланып, өз араңа, апаңа, әжеңе деген ақ тілегіңді білдіріп хат жаз.






ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.

«Ой қозғау»

  1. Автор туралы әңгімелеу.

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы обласы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесті бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды.

Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек» повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді. (Жантасқа сиямен атқан жерінен.)


«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді. (Жантасқа сиямен атқан жерінен.)

  • Адам бойындағы қандай жақсы қылықтарды айта аласың?

- Ендеше, осындай жақсы қылықтар біздің басты кейіпкерімізде бар ма екен және қандай қылықтары бар екен?

Топпен жұмыс істеу арқылы осы жақсы қылықтарды «Сырсандыққа» жинақтау. Кімнің жақсы қылықтары көбірек болар еді?

(Оқушылар сұрақтарға жауап бере білу керек.)





2) Түсіну.
5 минут

Оқулықпен жұмыс.



Мәтінді «Болжау» әдісі арқылы оқу. (Ол үшін мәтінді алдын ала бөлімдерге бөліп алу).

1-бөлім. Көмек.

2-бөлім. Жол көрсету.

3-бөлім. Сыныптас.

4-бөлім. Алғашқы кездесуді еске алу.
Жұп бойынша бөлімге бөліп оқыту.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере білулері керек.




Жұп бойынша оқып, мазмұнын ашады.

1-бөлімді оқу.- Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер?

- Бала неліктен шалға көмек берді?

- Қалай ойлайсың, әңгіме әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?

2-бөлімді оқу.- «Бейтаныс баланың көргенділік қылығы шалды сүйсіндірді» - осы сөздердің астарында не жатыр, қалай ойлайсың?

- Бала шиені ұрушылар жөнінде естігенде, неліктен міңгір ете қалды?

- Қалай ойлайсың, ары қарай оқиға немен жалғасуы мүмкін?

3-бөлімді оқу.- Оқиғаға тағы кім қосылды?

- Осындай жағдай саған таныс па? Сенің басында осындай жағдай болды ма? Қалай жол таптың?

- Осы жерде сен үшін ең қызығы не болып тұр? (сен нені тезірек білгің келіп тұр?)











Сергіту жаттығуы.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.


  • Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

  • Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал-мәтел сай келуі мүмкін?

3) Қолдану

«Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы

«Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы бойынша дептермен жұмыс.

Баланың әрекетіне баға беру.



  • Әңгіме немен аяқталуы мүмкін? Сенің олай ойлауыңа не себеп?

4- бөлімді оқу.

- Ақсақал қандай ой түйіндеді? Мәуленнің ұрлығын кешірді ме? Неліктен? Қалай ойлайсың?

«Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі ғой» дегенді қалай түсіндің? Бұл сөздің мәтіндегі оқиғаға қандай қатысы бар? Дәптеріңе жазып ал.


Берілген сұрақтарға жауап бере білу.

Баланың әрекетіне баға бере білу.

Ашық сұрақтарға жауап бере білу.

Мәтінге қатысты сөздерді жазу.



Мәтіндегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру. (Әр топ өз қалауы бойынша таңдап алады және таңдау себептерін атау керек)

  • Мәтіндегі негізгі ойды қандай сөзбен түйіндеуге болады?

  • Осы нақылдың ішіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөзді дауыс ырғағымен ерекшелеп айтып көр.

Ал, сен тақырыпқа қандай ат және эпиграф таңдап алар едің? (Дәптермен жұмыс).

4) Талдау.

Танысу картасы

Дәптеріңе тізіп ал.

  • Әңгіменің авторына қандай сұрақ қойғың келеді?

  • Осыған ұқсас мәтін оқығың келе ме? Қандай тақырыпты қалар едің?

  • Мүмкін, өз басыңнана өткен оқиғаны достарыңа жазып ұсынарсың.

  • Ал сенің сыныптастарыңның ішінде Саша мен Мәулен сияқты достарың бар ма? Жалпы, сыныптастарыңды жақсы танисың ба? Ендеше біз бүгін «Танысу картасын» толтырып көрелік.

Танысу картасы

Сыныптың еркесі (Мөлдір)

Батыр жігіт (Ризабек)

Суретші (Ержан)

Ең адал дос (Гүлназ)

Қыс айында туған(Мұхаммед)

Үздік оқушы (Дінмұхаммед)

Өте жақсы билейді (Алтын)

Ұқыпты жан (Аягөз)

Көп оқиды (Ақнәзік)

Спортпен шұғылданады (Бекзат)

Мәнерлеп сырғанайды (Айзере)

Бастауыш сыныпқа сабақ беретін (Эльмира апай)

(Кестені әр сынып оқушыларының мінез-құлқына, т.б қасиеттеріне байланысты өзгеруге болады.)


5) Жинақтау.

Кесте


Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау. Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?

«РАФТ» стратегиясы бойынша сыныптастарыңның ішінен көңілің толмай жүрген көршіңе арнау жазу.


6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)

Оқушыларға бағалау кестесін критерийі бойынша бағалату.

Оқушылар критерий бағасы бойынша өз-өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасы:




Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.

Мәтінді оқу.

Жоспар құру.


Оқушылар тапсырмаларды орындай білу.

Мәтінді оқып, мазмұнын ашу.

Жоспар құру.

Адамгершілікке, жақсылыққа байланысты мақал-мәтелдер жаттау.



Рефлексиялық кезең.

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді. «Борт журналын» толтыру.



Таңертеңгі ас

Түскі ас

Сәскелік ас

Кешкі ас

25%

40%

15%

20%

Рөл- асқазан

А-аудитория

Ф-арыз, шағым, тілек.

Тақырып: «Ас –адамның арқауы»

Тамақтану гигиенасы туралы әңгімеле.



Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ж. Жұмаханов Ер еңбекте сыналады.

Жалпы мақсат:

1. Тақырып мазмұнын меңгерту, оқуға машықтандыру.
2. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
3. Еңбек сүйгіштікке, шығармашылыққа, салмақтылыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 145-146 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:

Еңбектің арқасында адамның атағы шығатыны туралы білу. Атақты адамдардың есімдері қалай әлемге әйгілі болмақ.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, «Сырсандық», мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетуге болады.) мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, «Сырсандық», мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетуге болады.)



Негізгі идеясы:




Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Шығармалардың үзіндері арқылы топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.





Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- М. Дулатовтың «Қош келдің Наурыз» мәтіні.
«Көктем» тобы: «Наурыз – ұлттық мейрам» деген тақырыпқа шығарма жазып
келу.
«Күн» тобы: Еңбек туралы мақал - мәтелдер жинап келу.

Оқушылар жоспар бойынша сөйлей білу.

1.Жоспар қалай құрғандарын әңгімелеп айту.

2. Не туралы сөйлейтіндерін қысқаша таныстырады.

3.Әдемі тілмен, қимылмен ойларын толық жеткізу.






ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.

«Ой қозғау»

Ой қозғау.
- Қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем.
- Ендеше көктем туралы бір шумақ өлең бойынша қимылдар көрсетейік.



Өлкемізге Наурыз келді, көктем келді.
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымыз салт - дәстүрін аялаған
Арманы асқақтаған көктен бергі
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу маржан шашайық
Жиналған халық таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық.
Өлең жолдары арқылы қимыл –қозғалыс-тарын көрсету.




2) Түсіну.
5 минут

Оқулықпен жұмыс.



«Ер еңбекте сыналады» мәтінімен таныстыру.
Жекен Жұмақанов - жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж. 5 жел-тоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 ж. дүниеден өткен)7
1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 ж.Алматыда Қазақ коммунис-
тік журналистер институтына түсіп, айрық-ша дипломмен бітірді. «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 ж. босап, қайтадан әдеби өмірге араласты. «Әлия», «Мен жұ-мысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды.

Сөздік жұмыс.
Сөздер 
1 Алқынып
2 Гүжілдеп
3 Кекетіп - мұқата
4 Ойпат
5 Белшеден батқан

Оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысу. Сұрақтарға жауап беру.

Оның шығармасының басты идеясы неде? Екен сұрағына жауап алу.

Оқушылар жаңа сөздерді тауып, мағынасын ашу керек.

Жаңа сөздерден мәтінді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру керек.












Сергіту жаттығуы.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.


  • Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

  • Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал-мәтел сай келуі мүмкін?

3) Қолдану




Алдында өз тобында талданып, содан соң мұғалімнің көмегімен талданады.
Топпен жұмыс.
«Көктем» тобы: Тақырыпқы байланысты сұрақтарға жауап береді.
«Күн» тобы: Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтіннен жүк машинасының мақтаншақтығын көрсететін сөздерді тауып оқы.
2. Мәтіннен қорытынды ойды көрсетіп тұрған жолдарды тауып оқы.


«Көктем» тобы берілген сұрақтарға жауап береді.

  1. Мәтін шығарманың қай түріне жатады?
    2. Жүк машинасы не деп мақтанды?
    3. Көтергіш кран қалай жауап берді?
    4. Кран өзінің «несін айтамын, күшімді ісім көрсетсін» деген
    сөзін қалайша дәлелдеп береді?
    «Күн» тобы мәтіндегі мақташақты білдіретін сөздерді тауып дәлелдей білу.

  2. Мәтіннің «Ер еңбекте сыналады» деп тақырып неге аталды? Сол сұраққа байланысты ауылдағы адамдардың еңбегі туралы әңгімелеп айту керек.

4) Талдау.




Топтастыру
І топ.
Ер сынағы – Еңбекте. Ерінбей еңбектену. Адал, шыншыл болу. Бір - біріне көмектесе білу.
ІІ топ.
жақсы қасиет ------------------ жаман қасиет
мақтанбау, өз ------------------ Мақтану, кекету,
өнері, өз орны, ----------------- мұқату,
салмақты, сабырлы ----------- көреалмаушылық
Дәптермен жұмыс
Оқытушы: - Бүгінгі шығарма не туралы жазылған?
Оқушылар: - Еңбек туралы жазылған.
Оқытушы: - Ендеше еңбек туралы шағын шығарма жазайық

5) Жинақтау.

Кесте


- Қандай шығарма оқыдық? Авторы кім?
- Қандай тәрбиелік мәні бар?
- Қай кейіпкердің жақсы қасиеттері ұнады? Неге?

Мәтін соңындағы сұрақ-тапсырмаларды орындау. Осы мәтіндегі кімнің орнында болғанды қалар едің? Неліктен?

«РАФТ» өз атынан еңбекқор адамға хат, жедел хат жазуға тапсыру.


«РАФТ» стратегиясы бойыншаауылдағы еңбек.

Оқушылар жеделхат немесе хат т.б. түрде жазу керек.




6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)

Оқушыларға бағалау критерийлерін тарату.




Үй тапсырмасы:




Мультфильмге қатысушы кейіпкерлердің сөздерін дайындауға тапсыру.

Оқушылар мульфильмге қатысуышы кейіпкерлердің сөздерін дайындап, сахналық қойылым ретінде көрсетуге дайындау.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттау.



Рефлексиялық кезең.

«Чемодан, еттартқыш, себет» әдісін қолдану арқылы не қажет, нені әлі ой елегінен өткізу керек және не қажет емес деп стикерге жазып, толтыру керек.

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ы. Алтынсарин «Өзен».

Жалпы мақсат:

Ы.Алтынсарин туралы білімдерін кеңейте түсу; жүйелі сөйлеуге үйрету.Табиғаттың адам өміріне, жан-жануарларға, жалпы тіршілік иесі үшін қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру

Сабақтың білімділік мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқу, оның мазмұны мен идеясын ашу. Оқу түрлері:түсініп оқу, іштей оқу, жылдам оқу, теріп оқу, тізбектей оқу, кідіріп оқуға басты назар аудару. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жұмыстарды оқушы деңгейіне қарай ұйымдастыру.
Сабақтың дамытушылық сипаты: Оқушының ой-өрісі, дүниетанымын кеңейту,12 жылдық білім беруге сәйкес,оқушының ойлау, елестету, жүрекпен жете сезіну, қабылдау қабілеттерін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту
Сабақтың тәрбиелік міндеті: Оқушыларды ізденуге жетелеу,жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу; Қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беріп, әсемдікті
сезінуге,туған жерін қадірлеуге, мақтан етуге,аялауға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 176-177 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:

Өзендер туралы білу және өлеңнің идеясын аша білу.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Өзен суының әдемілігін, тазалығын және байлығын тани білу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Синквейн», «РАФТ» стратегиялары, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Шығармалардың үзіндері арқылы топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.





Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

175-беттегі «Өз білімінді тексеру» тапсырмаларын қалай орындағандарын тыңдау, қателерін

Оқушылар 5 сұрақты тапсырмаларға жауап беру керек. Бір-бірінің жауаптарын толықты-рып, бір-бірін тыңдайды.




ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.

«Ой қозғау»

Пікірталас

Сұрақ-жауап
Қосымша мағлұмат

(Автор туралы)


а) «Табиғатпен тілдесейік». Әдісі: сұрақ-жауап
-Біздің айналымызды не қоршап жатыр?
-Табиғат дегеніміз не?
ә) Табиғатқа байланысты «Жер», «Су», «Ауа» топтарына бөлу.

б) «Табиғат және адам», «Табиғат-менің өз үйім», «Табиғатты аялау, қорғау» тақырыпта-рында ойларын айту.
-Табиғаттың тамаша көрінісін көзімізді жұмып, жан дүниемізбен сезініп алып, енді қағаз бетіне
түсіріңіздер
(Теледидардан « Табиғат тамашалары»
тақырыбындағы бейнебаяны жіберіледі)
в) « Табиғат- менің өз үйім» тақырыбындағы тарауға байланасты пікірлерін тыңдау.

г) Ы.Алтынсарин туралы не білеміз? Әдісі: сұрақ-жауап, оқушылардың үйден даярланып келген ақпараттарын тыңдау.
-Ыбырай шығармаларынан қандай тәрбие аламыз?
-Ыбырай отбасы туралы не білеміз?
-Сонда Ыбырай Алтынсарин кім екен? 
Ы.Алтынсарин туралы мағлұмат беру.
Ы.Алтынсарин - ақын,ағартушы,ғалым, жазушы. Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оқу-лық жазған. Ы.Алтынсарин 5 жасында әке-шеше-сінен жетім қалып, атасы Балғожаның тәрбиесінде болады.Атасы кейін Орынборға оқуға жібереді. Сол кезде кішкентай Ыбырай атасын, әжесін са-ғындым деп хат жазады. Ол хатқа атасы Балғожа былай деп жауап жазыпты:
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағаллам.
Атаң мен анаң мында аман-есен,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Ата-анамды сағындым деп аһ ұрарсың,
Білімге көңіл бөлсең басыларсың
Білімді қатарыңнан білсең егер,
Ата-анаңды сонда ғана асырарсың,-деген екен




Оқушылардың өз аттарын қорғауы


«Табиғатты аялау, қорғау» тақырыпта-рында ойларын ашық емін-еркін айту..
Мен туған жерді сүйемін, өйткені......
-Мен туған жерді қорғаймын, өйткені ....
-Мен туған жерімді мақтан етемін,өйткені...
-Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...
-Мен табиғатты қорғаймын, өйткені ....

Оқушылар осы сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Оқушылар қосымша мәлімет алып, әрі қарай ізденуге бағыт беру.





2) Түсіну.



«Сыңарын тап» ойыны.
Оқушылар мақалдың жалғасын табу керек.


Нақыл сөз

(су туралы)
«Өзеннің ағысы» бей-нежазба көріп, судың ағысын суреттейтін сөздерді атау.

Картамен жұмыс.

Ой шақыру


«Сыңарын тап» ойыны.
Оқушылардың мақалдың мағынасын ашқан кезде жауаптарын толықтырып отыру.


әдісі:мақал-мәтелдердің сыңарын табу.

Өзен, су туралы мақал мәтелдер, нақыл сөздермен таныстыру
Өзен ақса — көл, 
Дария ақса — сел. 

Өзен бойы тұрғанда өзге жерге қонбаңыз.

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

Өзен-суға жарасқан қамысы мен қоғасы,


Қарияға жарасқан аузындағы тобасы.

Өзен суын жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек асыртады.



Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында,
Іздеген бақыт табады жалықпаса жасында

Әйтеке би
• Асқар тау сенде бір мін бар- 
Асу бермейсің; 
Тасқын су, сенде бір мін бар- 
өткел бермейсің; 
Билер, сендерде бір мін бар- 
Басқаға сөз бермейсің!


1. «Өзен» өлеңін мұғалімнің оқуы.

2. Теледидардан «Өзеннің ағысы» тақырыбында бейнебаян жіберіледі.
3. Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі
а) Қазақстандағы өзендерді еске түсіру. Әдісі: сұрақ-жауап
ә) Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс. Әдісі: картадан көрсете отырып, ірі өзендер туралы түсінік беру
Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі-уақты өзен-дер бар. Бірақ соның ішінде 1000 км-ден асатын 7 ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын болсақ.
1.Ертіс-4242 км. 2.Тобыл -1600км. 3.Жайық-2428

км. 4.Есіл-2450 км. 5.Сырдария-2212км. 6.Іле-1400 км. 7.Шу-1186 км.
б) өзеннің пайдасы туралы әңгімелеу
Өзен пайдасы: кеме жүзуге,жүк тасымалдауға қолайлы. Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады.Қытай шекарасына дейін бара алады.Сырдария өзені-Тянь-Шяньнан бастау алады, Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды. Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін,электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.
6. Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауындағы бағыттардың бірі экологияға арналып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінген. Әдісі: оқушылардың өз жұмыстарымен таныстыру жолы.



Мақал-мәтелдердің сыңарларын тауып, мағынасын ашқызуға бағыттау.


Мақалдың мағынасын түрлі жолдармен түсіндіріп ашады.


Әйтеке бидің айтқан нақыл сөзіне назарларын аудартып, әр сөздің мағынасына мән беруіне көңілдерін аудару.


Оқушылар өз ойларын айтады.

Оқушыларға өлеңді іштей және дауыстап оқыту.


Мұғалімнің қосымша берген мәліметін мұқият тыңдау.
Сұрақтарға жауап беру.


  • Өзеннің қандай пайдасы бар? Деген сұраққа жауап алу.

Оқушылардың дайындап келген мәліметтерін тыңдау.

Каспий теңізі ағын су шықпайтын көл – теңіз. Айдыны – 376 мың шаршы шақырым, мұхит деңгейінен 27, 9 м төмен орналасқан, тұздылығы – 12,6-13,2%


1. Арал теңізі 66 мың шақырым болса, қазір 23 мың шақырым суы бар, қалған бөлігін шаң мен тұз алып жатыр.
2. Су құрлықтан 3 сес көп, жер бетінің 70 пайызын алып жатыр.
3. Адам ағзасына күніне 10 л су керек.
4. Қазақстанда ең ұзын өзен – Ертіс. Ертіс өзені – 4331 км созылып жатыр. Одан кейін өзіміздің Каспий теңізіне құятын Жайық өзені.
Жер асты су қоры 1400 жылда, көл суы 17 жылда қалпына келеді.
22-наурыз - Дүниежүзілік су ресурстар күні.
Н.Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша біздің сынып оқушылары да табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосып, көгалдандыру жұмысына етене араласып, өсімдіктер әлемімен жақынырақ танысуда. Бұл бастама әрі қарай өз жалғасын таба берсін!
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»












Сергіту жаттығуы.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.


  • Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

  • Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал-мәтел сай келуі мүмкін?

3) Қолдану

Мәтінмен жұмыс.

Топтық жұмыс
1. Өлеңнің мазмұны айтылады.
2. Сөздікпен жұмыс
Өксіген – шөлдеген.
Қынарда – жағасында, маңында.
Жай – орын, қоныс. 
Жанабында – жанында.
Дерт – ауру.

Оқушылар өлеңнің мазмұнын қара сөзбен айту керек.


Сөздердің мағынасын іздеп тауып ашу.
Өлеңге байланысты сол сөзлерден сөйлемдер құрастыру.

4) Талдау

Топтық жұмыс

1-топ. Өлең құрылысына қарай талдау.


2-топ.  Қазақстанның өзендері туралы не айта ала-сыңдар? Қандай өзендерді білесіңдер?
1-топ. Өзеннің бүгінгі таңдағы проблемалық мәселелері туралы не айта аласыңдар. «Табиғат –ана» тақырыбына ой толғау.

2-топ. «Өзен» өлеңінің идеялық-мазмұнын ашыңдар.
«Өзен» өлеңі бойынша сурет салу. Өлеңнен ауыспалы мағынадағы сөздерді табу. Мағынасын ашу.



Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған.
4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы

Оқушылар буынға бөліп, буынның соңғы буынының ұйқасына қарап, өлеңді талдайды.

Оқушылар картадан өзендерді көрсете білу.
Ой толғау жазып, сезімдерін білдіре білу.
Өленнің идеясын аша білу.


5) Жинақтау.

РАФТ және

Синквейн


«РАФТ» әдісі. «Жер-Анаға» хат жазу
«Су-тіршілік көзі» ой толғау немесе 5 жолды өлең құру.
Суға байланысты тыйым сөздер айту. 
Сабақ соңында оқушылар қосылып, өлең 
жолдарын айтады. 
Қазақстан, туған жерім-киелім
Қастерлеймін, басымды да иемін.
Табиғатың-таптырмас жан байлығым,
Бәрін-бәрін аялаймын, сүйемін

Оқушылар рафт әдісін қолдана отырып, Табиғат анаға хат жазу. Онда олар су туралы ой қозғап, аудиторияның назарын өздеріне аудара білу керек.
Суға байланысты білетін тыйым сөздерін айтып, суды үнемдеу керек, себебі ол тіршілік көзі ... әрі қарай ойын жалғастыра білу керек.

6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)

Бағалау критреийі бойынша сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.



Үй тапсырмасы:

Топтық тапсырма.

Үзінді жаттау. Өзен аттарын және олардың қай бағытта екенін білу. Ы. Алтынсариннің қосымша әңгіме, өлеңдерін білу.

Оқушылар өлеңнен үзінді жаттап, сурет салып, өзеннің орналасқан жерлерін біліп келу.

Ы. Алтынсарин туралы және оның шығармаларын білу.



Рефлексиялық кезең.

 «Чемодан, себет, еттарқыш» оқушылар маған өмірде су, яғни өзімнің Отанымның өзен аттарын білуім керек. Ол маған қажет. Мен оны өзіммен бірге алып жүремін. Еттартқыш мен әлі де өзендерді өз көзімен көріп, олар туралы көп білгім келеді. Ол үшін ой елегімнен әлі де өткізуім керек.


Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ж.Аймауытов «Торғай»

Жалпы мақсат:




Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 178-179 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:




Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:




Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Шығармалардың үзіндері арқылы топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.





Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Өзен» өлеңнің мәнерлеп оқыту.

«Су» туралы мақал-мәтелдерін жаттау.

«Жер-Ана» хат жазу.


Оқушылар дауыс ырғағына салып мәнерлеп оқи білу.

«Су» туралы жаттаған мақал-мәтелдерін айтып,мағынасын ашу.






ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.


Ж. Аймауытов туралы мәлімет беру.
-Торғай туралы не білесіңдер?

-Тағы қандай құстар туралы білесіңдер?



Оқушылар түсінгендерін айтып, не білгендерін айтады.

Оқушылар құстар туралы не білетіндерін айтады.






2) Түсіну.




1.Мәтінді оқыту.

2.Жаңа сөздермен жұмыс.

3.Сұрақ-жауап.


Мәтінді 3-4 оқушы оқиды.

Жаңа және түсініксіз сөздердің мағынасын аша-ды.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1.Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып оқиды.

2.жерге түскен торғайдың халін мәтінге сүйеніп суреттей біледіү











Сергіту жаттығуы.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.


  • Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

  • Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал-мәтел сай келуі мүмкін?

3) Қолдану

Мәтінмен жұмыс.

Тапсырма.

1.Торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерді оқы.

2. Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөлікке ат қой.


Оқушылар сипаттаған жерін тауып оқып, көркем сөздерге көңіл бөлу.
Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қойып мағынасын ашу.

4) Талдау




Мәтіндегі сөз тіркестерін теріп жазып, көркем теориялық сөздерге мән беру.
Суретпен жұмыс.

-Суретте не көріп тұрсың?

-Мәтінге сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.


Әебиет теориясын сипаттайтын сөздерді тауып, талдай білу.
Оқушылар суретте жылан мен торғайды көріп тұрғанда-рын айтып, олардың іс-қимылына түсінік береді.

Жыланнан қалай қорыққанын сипаттап айтып беру керек.



5) Жинақтау.

РАФТ








6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)




Үй тапсырмасы:

Топтық тапсырма.







Рефлексиялық кезең.




Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Қамқорлық»

Жалпы мақсат:

1.Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру,мәтіннің негізгі идеясын ашу,оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
2.Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын өз беттерінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3.Ізденімпаздыққа,тапқырлыққа, табиғатты қорғап аялауға баулу.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 193 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:

Қамқорлық тақырыбын талдай білу.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.


Каталог: uploads -> doc -> 12ce
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12ce -> Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет