Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев Жалпы мақсат



бет1/6
Дата07.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#8915
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Бастауыш сынып мұғалімі: Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна

Май ауданы, Малайсары ОЖББМ


Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Әбілхан Қастеев

Жалпы мақсат:

1.Білімділік:  Ә.Қастеев шығармашылығы,мұражайы туралы мағлұмат, суретші туралы білімдерін толықтыру; танымдық түрлі жұмыс түрлерін жүргізу.

2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту,таным-білігін арттыру; сауаттылығын арт-тыру.

3.Тәрбиелік: ұлы суретшінің дарыны,адамгершілігі,отансүйгіштігі арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, оларда осы қассиеттерді қалыптастыру.


Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 153-154 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:

Әбілхан Қастеевтің шығармаларын тани білу.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Әбілханнның өмірі мен шығармашылығы туралы білу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Шығармалардың үзіндері арқылы топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.





Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығарма-шылығы туралы білгендерін айтқызу.

Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылы-ғы туралы білетіндерін әңгімелеу. Мұзафар Әлімбаевтың өмірі және шығармаларын түсінік беру.




ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.

«Ой қозғау»

1.Ә. Қастеев туралы мәтінді ұсыну.

Оқушыларға суретшінің өмірі мен шығармашы-лығын білуге тапсыру.

ӘҚ-қазақтың біртуар суретшісі.Оның шығармашы-лығы сан қырлы.Ол Ш.Уәлиханов,Абай,Жамбыл Жабаев портреттерін жасады.Ең үздік портреті А.Иманов портреті.Пейзаждары және кескіндеме-лік шығармаларың мазмұны терең.1967 жылы Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде » атты акварель-дік топтамасы үшін Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Суретшінің туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналды.


Енді балалар тақтаға қарап, Ә.Қастеевтің су-реттерін атаңдар.

1.Амангелді сарбаздары

1.  Абай жайлауда

2.      Биік таудағы мұз айдыны

3.      Амангелді сарбаздарының шабуылы    (названия картин пусть

4.      Түрксіб                                                         

5.      Колхоз сүт фермасы

6.      Амангелді Иманов

7.      Жас Абай

8.      Түрксіб

Оқушылар суреттеріне талдау жасайды. Сурет-тердің шығу тарихы туралы білу.





2) Түсіну.



Постер құру.



Сұрақтарға жауап алу.

Постердің



Сұрақ-жауап

Мұғалім:Өнер мұражайы кімнің атында?

Оқушы:  Әбілхан Қастеев атында?

Мұғалім:Мұражай қай қалада?

Оқушы:  Алматы қаласында

Мұғалім:Күн мен тақырыпты дәптерге жазамыз.

Постер құрып, қорғау.











Сергіту жаттығуы.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.


  • Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

  • Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал-мәтел сай келуі мүмкін?

3) Қолдану

Мәтінмен жұмыс.

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы. 

Мұғалім: Мақсатымыз 1. Мұражай туралы мағлұмат алу;

                 2. Жаңа сөздерді меңгеру;

                 3. Осы тақырып төңірегінде сөйлей білу;

                 4. Ұлы жазушының өмірін үлгі ету.


Мәтінмен жұмыс. Мәтін таратылады.Тындалым.

1. Іштей оқу

2. Дауыстап оқу,мәнерлеп оқу.(1-2 оқушы)

3. Мәтін астындағы жаңа сөздерді оқиды. (1 оқушы)

Мұғалім: Мәтінде не туралы айтылады?

1-Оқушы:Мәтінде Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы туралы айтылады.

2-Оқушы:  Мұражай 1976 жылы құрылды.

3- Оқушы:  1984 жылы мұражайға Ә.Қастеев аты берілді.




4) Талдау




Топпен жұмыс

Кубизм стратегиясын қолдана білу.




Кубизм стратегиясы

1.      Аудару (мәтіннен 1-2 сөз тіркесін немесе сөйлемді аудару.)Р.д.

2.      Талдау  ( 1жай,1 құрмалас сөйлемге талдау)Р.д.

3.      Қолдану (сөздердің синонимдерін табу) Э.д.

4.      Зерттеу ( диалог құрастыру)Э.д.

5.      Суреттеу (суретшінің бір суретін суреттеу)Ш.д.

6.      Салыстыру


5) Жинақтау.

РАФТ


Оқушыларға әнші Әміре атынан сөйлете алуға үй-рету.

«РАФТ» стратегиясы бойынша сыныптастарыңның ішінен көңілің толмай жүрген көршіңе арнау жазу.


6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)

М: Сабақтың мақсатын еске түсірейік

                Мұражай туралы мәлімет алу

Мақсатқа жеттік пе? Ия,жеттік

М: Балалар,сендер өздеріңе қандай баға қойдыңдар.



Үй тапсырмасы:

Топтық тапсырма.

Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы білу.




Рефлексиялық кезең.

Инсерт стратегиясын толтыру

Не білдім?                                  Не білгім келеді?

1976 ж.құрылды                        мұражайға барғым келеді

1984 ж.Ә.Қ.аты берілді               мұражай экспонаттары туралы көп

22,500 мың туынды                  білу     

14 залы


  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (жақсы, өте жақсы)

  • Сабақ сендерге ұнады ма? Ия, ұнады. Қызық өтті.


Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы

3 «А» сыныбы

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

М. Әлімбай. Әнші Әміре.

Жалпы мақсат:

Негізгі идеяны ұғындыру. 

1. Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстыру. Негізгі ойды, идеяны ұғындыру.


2.Оқушылардың ой-өрістері мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Әсемдікке, өнерге қызытыру және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 153-154 - бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет



Оқу нәтижелері:

Әнші Әміре туралы білу. Әлемге әйгілі болған әнші

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, «Сырсандық», мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетуге болады.) мәтіннің желісі бойынша салынған сурет, «Сырсандық», мәтіндегі оқиғаға ұқсас кинофильмнен үзінді. («Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетуге болады.)



Негізгі идеясы:

Әміренің дауысының зор екендігін білу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

«Болжау» әдісі, «Екі түрлі жазу күнделігі» стратегиясы, «РАФТ» стратегиясы, топтық пікілесу, танысу картасы.


Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті




1 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.Шығармалардың үзіндері арқылы топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.





Білу

2 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Халыққа жеткіз күйімді» Дина мен Құрманғазы туралы білгендерін сахналату.

«Халыққа жеткіз күйімді» әңгімесін сахналау.

Өнер туралы білетін мақал-мәтелдерін жатқа айтып, мағынасын түсіндіру.






ІІІ. Жаңа тақырып-қа бағытталу.

«Ой қозғау»

-Балалар, сендер қандай әншілерді білесіңдер?

-Әншілер қандай топтарға бөлінеді?

-Сен өзің ән айтқанды ұнатасың ба?

2.Оқушылардың Мұзафар Әлімбаев туралы білетіндерін еске түсіру.



1.Оқушылар осы сұрақтарға толық жауап беріп, тақырыпқа шығады.

2.Оқушылар Мұзафар Әлімбаев және әнші Әміре туралы білетіндерін еске түсіреді.






2) Түсіну.



Постер құру.



Оқушыларға постер құруға тапсыру.

І топ. Мұзафар Әлімбаев

ІІ топ. Әміре Қашаубаев


Әр топқа берілген автор және әнші туралы постерге салып, әңгіме және ертегі туралы еске түсіру.










Сергіту жаттығуы.

Сынып оқушылары жұптасады. Жұптағы оқушының бірі- мүсінші, екіншісі-мүсінделуші саздың рөлін атқарады. Мүсінші саздан тәртіпті баланың бейнесін жасап шығаруы керек. Ал саз болса, кез келген икемге көнуі керек. Сонсын орындарын ауыстырады. Кімнің мүсіні әдемі шыққанын атап өту керек.

Осы жасалған мүсіндердің ішінен жақсы деген үшеуін таңдап алу. Оларды біздің басты кейіпкерлерімізге балау. «Сырсандыққа» салған жақсы қылықтарымыздың қайсысы кімнің бойынан табылып отыр деп ойлайсың?

Сол жақсы қылығымызды басты кейіпкерлерге стикермен жапсыру.


  • Мінеки, балалар, бүгін біз мүсін жасап шығардық. Әрқайсысымыз осы кейіпкерлеріміз сияқты болуға тырысайық. Бұл барлығымыздың қолымыздан келеді деп ойлаймын, себебі, бұл мүсіннің авторы өздерің!

  • Бүгінгі сабағымызға қандай нақыл сөз, мақал-мәтел сай келуі мүмкін?

3) Қолдану

Мәтінмен жұмыс.

«Әнші Әміре» мәтінін оқыту.

1.«Әнші Әміре» мәтінін оқу.

2.Жаңа сөздерді белгілеу.

3.Сөздерді әдеби теориясына қарай талдау.

Теңеу сөздер: күректей қара құлып

Эпитет: қара құлып, тымық ауа, әлуетті үн,

4.2,3,4-тапсырманы ауызша орындау.



4) Талдау




5-тапсырма. Оқушылар сөздер арасындағы мағыналық байланысты табу.

Сызбада берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықтау. Дәлелдеп жеткізе білу.

Мысалы, Аспанды қақ жарғандай; күшті және қатты дауысы шығып, аспанды қақ жарғандай болды.



5) Жинақтау.

РАФТ


Оқушыларға әнші Әміре атынан сөйлете алуға үй-рету.

«РАФТ» стратегиясы бойынша сыныптастарыңның ішінен көңілің толмай жүрген көршіңе арнау жазу.


6) Бағалау.

(Кері байланыс орнату.)

Оқушыларға бағалау кестесін критерийі бойынша бағалату.

Оқушылар критерий бағасы бойынша өз-өздерін бағалай-ды.

Үй тапсырмасы:

Топтық тапсырма.

Әр топқа жеке тапсырма беру.

І топ. Әнші Әміре Қашаубаев туралы қосымша оқып келу.

ІІ топ. Мұзафар Әлімбаев туралы қосымша оқып, шығар-маларын оқып, талдау.



Рефлексиялық кезең.

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді. «Борт журналын» толтыру.


Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспар «Атамұра» баспасы



Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ы. Алтынсарин Баланың айласы.

Жалпы мақсат:

1.Ы. Алтысариннің шығармаларын және өмірі туралы білу. Шығармаларының тәрбиелік мәндерін үйрету.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу 132 -бет. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104- беттер.

Оқу нәтижелері:

Үлестірімділік қасиеті бар есептерді шығара білуге үйренеді.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А формат-тағы қағаздар, маркер, стикер, күлегештер.

1.Ы. Алтынсариннің портреті, кітапшалары



Негізгі идеясы:

Әркім бір-біріне жақсылық жасай білу керек екенін түсіну. Біреуге жамандық қылсаң, өзің де сол жамандыққа тап болатынын білу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану:электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)



Қолданылатын модульдер:

1.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

2.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

3.Оқушыларды зерттеу тәсілі.


Оқыту әдістері:

СТО Блум таксономиясы 1.Жеке жұмыс

2.Топтық жұмыс



Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған видео.







Каталог: uploads -> doc -> 12ce
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12ce -> Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет