Сабақтың тақырыбы Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері



бет1/4
Дата24.08.2023
өлшемі0,54 Mb.
#179942
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
13.09.22ж





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
9.1.А.Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

Мектеп:№97

Күні:13.09.2022 ж

Мұғалімнің аты-жөні:Дүйсенбай Ж

Сынып: 9 А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырату



Бағалау критерийлері

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді тауып, дәрежесін анықтайды;

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің шешімін тауып, графигін салады;

  • - график бойынша екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу құрастырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


0 – 2 мин


2 – 4 мин



Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.


Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Белсенді оқу әдісі: «Тілек шоғы»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, қолдарынан ұстайды. Көршісінің көзіне қарап тұрып оларға жақсы сөз айтып, мақтау керек. Оны қабылдаған адам басын изеп: «Рақмет, мен өте ризамын!»-деп айтады. Кейін ол өз көршісіне қошемет сыйлайды. Жаттығу шеңбер бойымен жүреді.
ҚБ: «Қошемет» әдісі арқылы бір-біріне қошемет көрсетеді.


Топқа бөлу.
Саралау тәсілі: жіктеу (аралас - гендерлік топ)
Белсенді оқу әдісі: «Сиқырлы сандықша»
Оқушылар мұғалім алдында тұрған сандықша ішінен қағаз қиындыларын алады, қағаздағы теңдеуге байланысты график түрін анықтайды, сол бойынша 3 топ құрылады.



І топ:
«Парабола»

ІІ топ: «Гипербола»

ІІІ топ:
«Шеңбер»

у = х2-4х +3





х22=16



у = -3х2+2х +5





(х+3)2+(у-1)2=9



у = 2х2-4х +5





х22=36



у = -х2+7х -12







(х+1)2+(у-3)2=4





ҚБ: Мұғалім мадақтауы «Керемет!», «Жарайсыздар!», «Өте тамаша!»,т.с.с.







кеспе қағаздар



Сабақтың ортасы
4– 7 мин

7– 10 мин


10– 20 мин

20– 22 мин

22– 27 мин

27– 37 мин

Жеке жұмыс
Бағалау критерийі:

  • - екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді тауып, дәрежесін анықтайды

Ойлау деңгейлерінің дағдылары: білу, түсіну.
Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету
Белсенді оқу әдісі: «Допты лақтыру»
Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы бірнеше сұрақ қояды.Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса , допты басқа оқушыға береді.

1.Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу дегеніміз?


Жауабы: Екі айнымалысы бар теңдеуде айнымалылардың дәреже көрсеткіші немесе бір қосылғыштағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы 1-ден артық болса, олар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу деп аталады.
2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесі дегеніміз?
Жауабы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудегі бірмүшелердің ең жоғарғы дәреже көрсеткіші осы теңдеудің дәрежесі болып табылады.
3. х(х+y2)=х+1 теңдеуінің дәрежесі?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет