Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Сабақтың мақсаты



бет1/6
Дата10.06.2017
өлшемі0,83 Mb.
#19030
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы,

«Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Физика пәні мұғалімі Батырова Толқын Нәсиқызы
Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Сабақтың мақсаты:

1. Демонстрациялық тәжірибелер арқылы өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу белгілерін оқушылардың өз бетінше жұмысына сүйеніп түсіндіру және электр энергиясының шаруашылықтың әр түрлі саласындағы маңызын түсінуін қамтамасыз ету.

2. Сұлба бойынша электр тізбегін жинақтау, эксперименттік есептер шешу арқылы оқушы икемділігін, ойын одан әрі дамыту.

3. Алған білімдерін тиянақтап, тұжырымдауға, өз бетінше есептер шешу және шешуді дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Демонстрациялық тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар.

  2. Эксперименттік есептер шешуге қажетті құралдар.

  3. Интерактивті тақта.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын жалпылама сұрақтар арқылы тексеріп, үйге берілген есептердің шығарылуын орындарынан тексеру. №3.170,3.171, 3.172, 3.173, 3.174.

Фронтальды сұрақтар:


  1. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымда.

  2. Электр кедергісі деп нені түсінесің?

  3. Металл өткізгіштің кедергісі оның өлшемдеріне қалай тәуелді?

  4. Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?

  5. Тепмператураның жоғарылауына қарай өткізгіш кедергісі қалай өзгереді?

  6. Кедергінің температуралық коэффициенті деп нені айтады?

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақ.

  4. Эксперименттік есептер шешу.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Оқушыларды бағалау.

  7. Сабақты қорытындылау.

Үйге берілген есептер: № 3.170, № 3.171, № 3.173, № 3.174, № 3.178. Есептер жинағы.

3.171



Бер: S=1мм2 =10-6м2 Талдау: Шешуі:

R=84Ом

ρн=42∙10-8Ом∙м


Т/к: -?

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет