Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар тақырыбына есептер шығару. Сабақтың мақсаты: білімділігі



бет1/3
Дата12.08.2022
өлшемі35,8 Kb.
#148049
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Эл есеп
Дилдахан Дана , Дилдахан Дана Еп-20-3к6 , Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымд-emirsaba.org, Жания ЖДТ 1, 251499.pptx, Тоқжан Аягөз Бөж неврология, 242

Электромагниттік толқындар тақырыбына есептер шығару.


Физика 9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: білімділігі
Механикалық толқын мен электромагниттік толқындарын ұқсастығы, айырмашылығы; электромагниттік толқындардың таралу жылдамдықтарын, радиотолқындардыңтербеліс периодын, толқындар ұзындығының диапазондарын, радиолокатордың барлау тереңдігін анықтау, есептер шығару;
тәрбиелігі:тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы оқушыларды бәсекелестікпен жұмыс істеуге, тапсырмаларды өзара бағалату арқылы адалдыққа, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
дамытушылығы: радиотолқындарды ж келтіру, есептеу дағдысын қалыптастыру; Q Basic бағдарламасын қолданып, есептеу арқылы компьютермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; бекіту сұрақтары арқылы оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: дамыту сабағы.
Пәнаралық байланыс: математика, астрономия, радиолокация, медицина.
Жоспар.
1.Ұқсастық пен даралық.Толқын.(Үй тапсырмасын тексеру.)
2.Деңгейлік тапсырмалар.
3.Тәжірбиелер.
4.Бекіту.
Есіңде сақта!
1 Тм (тера)=10м
1 МГц(мега)=10Гц
1 пФ(пико)=10 Ф
1 мкГн(микро)=10 Гн
Жеткілікті деңгей.
1.Радиохабарды қабылдаған кезде орташа және ұзын толқындарда найзағай жарқылдайтын уақыт жақындағанда кедергілер пайда болатыны неліктен?
2.Радиостанция 75 МГц жиілікте (УҚТ) хабар жүргізіп отыр. Толқын ұзындығын табыңдар.
3. Егер обьектіден шағылған радиосигнал 200 мкс-тан кейін қайта қайтатын болса, обьект радиолакатордың антенасынан қандай қашықтықта болады?
Орташа деңгей.
1.Толқын ұзындығы 300 м радиоьолқындар шығаратын ашық тербемелі контурдағы тербеліс периоды қандай?
2.Толқын ұзындығы 300 м электромагниттік толқында жиілігі 200 Гц дыбыс тербелісінің бір периоды ішінде қанша тербеліс болады?
3.Жерден Сатурнға дейінгі ең жақын қашықтық 1,2 Тм. Сатурн аймағында жүрген ғарышкемеден Жерден жіберілген радиосигналға жауап-информация жететін ең аз уақыт қандай болмақшы?
4.«Кателко» теледидар бағдарламасы ретрансляторы «Қазсат» байланыс аерігінде орналастырылған. Серік жерге қарсы орны өзгермейтін тұрақты жағдайда орналасқан және Жер бетінен 36000 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен қозғалады. Хабарлаушы станциядан берілген сигнал «Кателко» жүйесіндегі теледидарға дейін қанша уақыт таралады?
Q Basic бағдарламасында есептеу.
INPUT S
c=300000000
LET t=2*S/c
PRINT «t =»;t
END
F5 батырмасн шертеміз.
? 36000000 санын енгізіміз, компьютер жауабын береді-0,24(с).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет