Сабақтың тақырыбы: Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар Физика 10 сынып Бөлімі: Электростатика



Дата01.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#148553
түріСабақ
Байланысты:
Нурекешова Айгул


№7 Қ.Сыпатаев атындағы ІТ мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Нурекешова Айгул Насрадиновна,
Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар
Физика 10 сынып
Бөлімі:Электростатика
:
Оқу мақсаты
    • 10.3.1.8 - электрсыйымдылық ұғымымен танысу және конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу

Сабақ мақсаты
    • Конденсатор сыйымдылығын анықтау;
    • Конденсатор сыйымдылығының оның өлшемдеріне тәуелділігін зерттеу

Бағалау критерийлері
    • Конденсатордың электрсыйымдылығын анықтау үшін формуланы қолданады
    • Конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттейді

Ойлау
дағдылары
    • Қолдану
    • Талдау

Оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған
Барлық оқушыларды оқуға тартуға ықпал етеді
Саралауға арналған:
оқушыларды жеке немесе ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқытуды қарастырады
ӘДІСТЕР
«Castlots»
«Quiziz»
«Ой қозғау»
«Зерттеу алаңы»
Уақытты тиімді пайдалану және сабақ мақсатына нәтижелі жету үшін топқа бөлу
Уақытты тиімді қолдану, оқушылардың өзін-өзі бағалау, қызығушылықты ояту мақсатында өткен сабақты пысықтау
АКТ мүмкіндіктерін пайдаланып слаидтар мен суреттерге қарап ортақ белгіні анықтау, тақырыпты болжау
СМАРТ мақсатқа сай нақты, қол жетімді ақпарат алу үшін бейнероликті жүргізу
Симулятор көмегімен конденсатордың қызметін, сыйымдылықты түсінеді, қорытынды жасайды

«ROCED science »

Тапсырмалар
Жұптық жұмыс «Құрылымдалған тапсырма»
Жеке жұмыс «Дәлелдеу»
ЕБҚ
Топтық жұмыс «Зерттеу алаңы»
«Кел бірге» әдісі арқылы жұптық жұмыс беріледі
Дескриптор:
-Сыйымдылықтың конденсатор параметрлеріне тәуелділігін есептейді
- Конденсатор пластинасын жерлестіру кезінде пластина потенциалдарының өзгеруін түсіндіреді

Радиустары R және R1 сфера бетінің өріс потенциалдарының формуласын жазыңдар
---------------------------------------
Сфералық конденсатор сыйымдылығы формуласын жазыңдар
----------------------------------------
Сфера астарлар арасы өте жақын болғанда, оның электр сыйымдылығын жазық конденсатордың формуласымен есептеуге болатынын дәлелдеңдер 
----------------------------------------
 
Слюдалы конденсатордың пластинкасының ауданы 36см2, диэлектрик қабатының қалыңдығы 0.14см
1)Конденсатор сыйымдылығы қандай шамаларға тәуелді және оны есептеңдер____________________________________________________
2)Конденсаторға 12В кернеу түсірілсе, конденсаторда қандай заряд жинақталады?______________
3)Слюдалы конденсаторды ауалы конденсатормен ауыстырса, конденсатор сыйымдылығы қалай өзгереді? Қаншаға өзгереді?
--------------------------------------
4)Диэлектрик қабатының қалыңдығын 2 есе арттырса, сыйымдылығық қанша болады?_____________________
5)Ауа конденсаторының
бір пластинасын
жерлестіргенде /заземление/ пластиналардың потенциалдары қалай өзгереді? Себебі неде?
__________________________________________
.
Симуляторды қолданып
1топ Конденсатор қызметін тексеріп, зерттейді
2 топ Конденсатор сыйымдылығын астарлардың арақашықтығына тәуелділігін зерттейді
3 топ Конденсатор сыйымдылығының астарлардың ауданына тәуелділігін зерттейді
Дескриптор:
Формуланы түрлендіруде берілген шартты қолданады
Функционалды сауаттылықты дамыту
20 ғасырдың басында атмосфералық зондтар көмегімен Жердің электр өрісі өлшенді. Жер бетіндегі кернеулік шамамен 100В/м болып шықты, бұл планетаның жалпы зарядына шамамен 400000 Кл ға сәйкес келеді
1. Электр конденсаторы Жердің сыйымдылығын есептеңдер. -------------Сыйымдылығын бағалаңдар--------------
2. Жер найзағай кезінде неге зарядталады?---------------------------------
3. Найзағай бізді «адастыруы» мүмкін бе?----------------------------------------------
Қарапайым конденсатор жасау /ЕБҚ
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы,
Өзара бағалауы,
Критерийге сай жұмыс жасауы орын алады.
Құрылымдалған тапсырма, ФС тапсырмаларын беру оқу мақсатына жетуге көмектесті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет