Сабақтың тақырыбы Ескі қазақ жазба тілі Сабақтың мақсаты


Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет2/2
Дата11.09.2020
өлшемі24,5 Kb.
#77818
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ескі қазақ жазба тілі

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топпен, жеке, жұппен жұмыс, «Ой шақыру»,

«Топтастыру», «Еркін жазу», сұрақ-жауап, сәйкестік тест.

7 модульдің кіріктірілуі

СТО, АКТ, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ОүБ және оқуды бағалау.

Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал туғызу: «Мәнерлі сөздің мәнін ұқ» ойсергек

Топқа бөлу әдісі:

Өз қалаулары бойынша

Сабақтың барысы

Блум

таксономиясы

Мұғалім әрекеті


Оқушы әрекеті

Білу



Сұрақ-жауап:

Көне түркі дәуірі қай кезеңді қамтиды?

Орта түркі дәуірі қай кезеңді қамтиды. Көрнекті өкілдерін, шығармаларын ата.

Жаңа түркі дәуірі қай кезеңді қамтиды?

Сұраққа жауап береді, бірінің жауабын бірі толықтырады, әрі бағалайды..

Түсіну


«Ой шақыру». Сұрақтар:

  1. Ескі қазақ жазба тілін осы кезге дейін неге қолдана бермеді?


Жұптық жұмыс.Оқулықтағы мәтінді оқу, жұптасып сұрақ дайындау.

Сұрақ-жауап:

  1. Араб әліпбиі қай ғасыр аралығында қызмет етті?

  2. Араб жазуының қолданылу аясы.

  3. Ескі қазақ жазба тілінің үлгілеріне кімдердің шығармаларын жатқызуға болады?

  4. Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін мәні неде?

  5. Ескі қазақ жазба тілінің емле жүйесі неге күрделі болды?

Сұрақты топта қарастыра отырып, әр топтан бір оқушы топтың атынан жауап береді.

Оқулықтағы мәтінді оқиды, жұпта талқылай отырып сұрақ дайындайды.

Қолдану



Топтық жұмыс.

20-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, не туралы баяндалғанын айтып беріңіз.

1-топ. Өзен-су атауларын

Көбе сөзінің мағынасы

КӨБЕ 
1) (Қ.орда, Арал; Рес., Орын.) кішігірім шөп үйіндісі, шөмеле. Шапқан пішенімді к ө б е-г е салып келдім (Рес., Орын.). К ө б е н і күбелеп жинаймыз (Қ.орда, Арал). Бұл қарт ең алғаш-қы рет тырмашы болып, оның үстіне к ө б е салу жұмысын қосып алды («К-з жолы», 7.07. 9). 
2) (Жамб., Тал.; Қарақ.) марқақозы. Біздің қойда үш к ө б е қозы бар (Жамб., Тал.). Жиенім келгенде бір к ө б е м д і сойып бердім (Қарақ.). . 
3) (Талд., Талды.) кеш туған қозы. Биыл біздің колхозда к ө б е аз (Талд., Талды.). 
4) (Шығ. Қаз., Тарб.) сүйреткі ағаш. Балам, ана к ө б е н і бір атқа чек те сабанды чығар (Шығ. Қаз., Тарб.). 

2-топ. Тау аттарын

Кіреуке сөзінің мағынасы

КІРЕУКЕ 
1) көне.Оқтан, найзадан. сақтану үшiн жоpыққа киетiн темip сауыт. Бадана көздi КІРЕУКЕ. 
2) Алтын жiппен тiгiлген қымбат, сәндi жiбек шапан. Күдеpiден бау тағып, ақ кipеуке киеp ме екенбiз (Әлiмжанов). 
3) Ауыс. Бұлыңғыp, күңгipт болушылық. Айнала кipеуке таpта бастады (Мыңжасаpова). 

3-топ. Кісі есімдерін

Сауыт сөзінің мағынасы

САУЫТ 
1) Оқ-найзадан сақтану үшiн денеге киетiн тоp көздi кipеуке.Тұла бойын көк болат сауыт құpсап келедi. (Сейдiмбеков). 
2) Әp ~түpлi заттаpды салуға аpналған кiшi-гipiм ыдыс, құты.Дәpi ~ы, сыя ~ы, темекi ~ы

4-топ. Елді мекен, ұлыс атауларын

Берен сөзінің мағынасы

БЕРЕН 
1) Қымбат, асыл мата. Кәдiмгi БЕРЕН, жiбек, шұғаның бәpi сонда. 
2) Нағыз шың болат, Балдағы алтын ақ БЕРЕН. 
3) Болаттан жасалған батыpлаp киетiн сауыт. Беpенге батыp сыймады (Еp Таpғын).
4) Ұнғысы ұзын шитi мылтық. 
5) Пышақ сияқты қаpу; қанжаp. Қынабынан суыpып, Қолына алды беpендi (Алпамыс). 
6) Ауыс. Өжет, өткip. Өсiп келедi жас БЕРЕН. 
7) (Көкш.: Руз., Зер., Қ.ту; Гур., Маңғ.) мықты, қайратты. Жазушы, оқушы да менен шықты, Не жүйрік, өнер білер өрен шықты. Газетші, шешен, тілмар, әсем жігіт, Жұмысшы, зергер, ұста, б е р е н шықты (Көкш., Руз.). 

Әр топтан бір оқушы сұрақтың жауабын оқиды.

Талдау

Жеке жұмыс.

1-топ. 21-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, Әбілғазының кім болғанын, қандай еңбектер жазғанын және қанша тіл білгенін айтып беріңіз. Әбілғазы шығармаларын қай тілде, қандай жазумен жазғанын көрсетіңіз.

2-топ. 22-тапсырма Академик Ә.Марғұлан Қыдырғали Жалаириды қалай бағалаған? Қыдырғали Жалаиридың қазақ мәдениеті мен жазуындағы орны қандай? Қыдырғали Жалаири өмір сүрген кез және сол кездегі қазақ қоғамында қолданылған жазудың түрін айтыңыз.

3-топ. 23-тапсырма Мәтіндегі ескі жазба тілдің үлгісі қай кезеңге тән?

Мәтіндегі тілдік қатынастан өз дәуіріне тән қандай ерекшелікті , тілдік қолданысты байқауға болады?Осы тілдік қолданыстың қазіргі тілімізге қандай ықпалы болды деп ойлайсыз?

4-топ. 19-тапсырма Қазақ жерінде қандай мектеп-медреселер болды? Қазақ даласына оқу-білім таратуға ат салысқан тұлғалар туралы өз пікіріңізді жазбаша білдіріңіз?

Тапсырманы шарты бойынша дәптерге орындайды.

Жинақтау.

Топтық жұмыс.

24 тапсырма Мәтіндегі

1,2-топ дыбыстық

3-топ морфологиялық

4-топ синтаксистік

Айырмаларды көрсетіп талдау жасаңыздар.

Мәтіндегі дыбыстық, морфологиялық,синтаксистік

айырмаларды көрсетіп талдау жасаңыздар.

Бағалау.

Қалыптастырушы бағалау.

Өзін-өзі бағалау.

Сабақ кезеңдері бойынша өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс.

«Екі жұлдыз, бір тілек».

Бүгінгі сабақ туралы стикерге жазады.

Үй тапсырмасы

19-тапсырма. 2

21-тапсырма. 2,3

Күнделіктеріне жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет