Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы Сабақтың мақсаты: а білімділік



Дата25.01.2017
өлшемі127,35 Kb.
#8119
түріСабақ
Сабақ жоспары
Күні: 20.04.2012 жыл

Сыныбы: 9-сынып

Пәні:қазақ әдебиеті

Оқытушы:Қорғанова Қ.

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға романның мазмұнын, идеясын, тақырыбын ұғындыру; «Ұлпан» романының қазақ прозасының ішіндегі ана бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы екенін таныту.

ә)дамытушылық: тіл мәдениетін, танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту, өзідік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.

б)тәрбиелік:шығармадағы Ұлпан ана бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптеу арқылы ана деген қасиетті ұғымға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: , түсіндірмелі,сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тест, кестелер, оқулық

Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.

II. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау 7 мин.

Өткен сабақта өресі биік өнер иесі, әдебиетке 20-жылдардың екінші жартысында келген абзал аға, жазушы Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың қаламынан туған бірнеше шығармаларымен, мазмұнымен, тақырыбымен таныстық.Олай болса, ой жинақтау үшін мынандай сұрақтарға жауап берейік:

1.Ғабит Мүсірепов кім, ол жайлы не білесің?

2.Ғ.Мүсіреповтың шығармалары қандай тақырыптарға арналған?

Жауап: Отан, туған жер, өндіріс, табиғат, махаббат, ерлік.

3.Ана, әйел тақырыптарына қандай шығармаларын арнаған?

Жауап:«Ер ана», «Ананың анасы», «Ұлпан»т.б. шығармалары.

Жазушының ана туралы жазған бір шығармасын мазмұндап бер.

Жауап: «Ер ана» 1929 жылы жазылған. Ананың өз ұлы үшін қайтпас ерлікке барып, өз басын ажелға тіккені туралы сөз болады.

Интер. тақтадан Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы кестеден және кеспе қағаздар арқылы өткен сабақты қорытындылаймын.

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Өтілген материалдарды еске түсіріп,тақырыптық байланыс жасау..

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей тапсырма беремін.

Сөзжұмбақты шешіңіз


1.»Ұлпан» романының жазылу тарихы.

Интер. тақтадан түсіндіріп өтемін.

2.Интер. тақтадан Ұлпан, әйел, ана Есенейге ассосация құру.

3.Есеней, Ұлпан бейнесін ашу.

Есеней бейнесі.

Есеней қисық,қыңырлығымен бірге жайы келгенде өз мінін де мойындай білетін жан. Ол қалың жылқының бетін қайыруға келген Ұлпаннан сөзден тосылғанын тез мойындап, Ұлпанның қара жорғасына өзінің көк атын қосақтап жіберіп, айыбын жуғандай кешірім сұрайды.

Ұлпан бейнесі.

Ұлпан орта жүзді аузына қаратқан әулие ана ғой. Әулие болмаса айтқаны келер ме? Өлерінде Торсанды “Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін” деп қарғаған екен.

4.»Ұлпан» романының композициялық құрылысы.



  • Әдебиет теориясы

  • Композиция-әдеби шығарманың құрылысы, оның бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен әр 0түрлі тәсілмен байланысуы.

  • Роман-сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен ауқымды қамтитын шығарма.

Сюжет-өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.

Сюжеттің негізі-өмірлік тартыс, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс.



«Ұлпан» романындағы кейіпкерлерді атаңдар.

Жауабы: Есеней, Ұлпан,Артықбай батыр,аңшы Мүсіреп, “түрікпен” Мүсіреп, Торсан, Біжікен, Жәукен,Шыңғыс, Тұрлыбек т.б. кейіпкерлер

Сиқырлы таяқша” әдісі.



Сиқырлы таяқшаны бір-біріне беру арқылы өтілген тақырыптан қандай әсер алғанын немесе ұсыныс, пікірлерін айтады.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға тест сұрақтарын беремін.

Сабақты бекіту.5 минут.

Оқушы білімін бағалау. 2 минут.

Үйге тапсырма.2 минут.

Тапсырма:

1.Ғабит Мүсірепов туралы тың деректерді жинақтау.

2.»Ұлпан» романынындағы кейіпкерлерге мінездеме беру.

Оқушыларды бағалау.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет