Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков. «Алғашқы қоңырау»



Дата25.06.2018
өлшемі38,5 Kb.
#44177
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков. «Алғашқы қоңырау»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Өлеңнің мазмұнын, идеясын ашу.

2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өлеңді түсініп оқи білуге, талдауға ойларын ашық айта білуге баулу. Ой өрісін кеңейту, тілдік қорын жетілдіру. Алғашқы қоңырау туралы мәләмет беріп, қызығушылығын арттыру. Ыбырай Алтынсарин жайында мағлұмат беру, түсініктерін кеңейту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Оқуға білімге шақыру. Ыбырай Алтынсарин сияқты қазақтың алдынғы қатарлы адамның өмірін үлгі ету.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Көрнекіліктер: Ғафу Қайырбековтың суреті, Ыбырай Алтынсариннің суреті, қоңыраудың суреті.

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.

І Ұйымдастыру:

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

- Үйге қандай тапсырма берілді ?

- Райымбек бастауын мәнерлеп оқытқыздыру.

ІІІ Жан – жақты пысықтау:

1. Райымбек деген кім ?

2. Райымбек сарбаздары неге тап болды ?

3. Көкойнақ қандай жерде оқыранды ?

4. Райымбек қалай су шығарды ?

5. Әңгіме неге «Райымбек бастауы» деп атады ?

Енді қазір сергіп алайық.


Қолыңды соз оңға

Одан кейін солға

Отыр, тұр, еңкей, шалқай.

Шыныға бер талмай.


Жаңа сабақ:

- Ал, енді балалар біз «Өнегелі өмір» атты тарауды ары қарай жалғастырамыз. Ғ.Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін өтеміз, өлеңді оқу барысында өлеңнін кімге арнағанын білеміз.



Ғафу Қайырбековтың өмірі.

Қазақтың халық жазушысы – Ғ.Қайырбеков. Ол Қостанай обылысы, Торғай қаласында туған, Алматы қаласында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары.

Алғашқы жинағы «Құрдастар» - 1954 жылы жарық көрді.

Шығармалары: «Балқурай» - 1962 жылы, «Дала саздары» - 1972 жылы, «Бір кеменің үстінде» - 1981жылы.

Оқулықпен жұмыс.

«Алғашқы қоңырау» мәнерлеп оқу.

- Не жайында ?

- Не үшін соғылды ?

Сөздік жұмыс.

Күндік жерді – таңертеннен кешке дейін жүріп өтер жер

Құшты қырын – аймалату

Қалың ел – көп ел

Өлең кім туралы ?



Ы.Алтынсаринның өмірі:

1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай обылысы, Затобол ауданында туған. Ы.Алтынсарин тұнғыш рет қазақ балаларына арнап мектеп ашып, оқулық жасады. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылық пен үйретуді, шағын көркем шығармаларды оқытып, оларды жақсы мінез құлыққа баулуды көздеді. Ыбырай жастарды еңбекті сүюге, оқу - өнерге ұмтылуға, отанын, елін қадірлейтін жігерлі, талапты болуға үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық жасауға үйретеді.

Ы.Алтынсаринға кластер құру:

Ақын


Жазушы Тұнғыш мектеп ашқан

Ағартушы ЫБЫРАЙ Педагог

Оқулық жазған
Мәнерлеп оқу.

Сұрақтар қою:

1. Ыбырай атаның ел қамын ойлағаны туралы өлеңнің қай жолдарында айтылған ?

2. Өлең неге «Алғашқы қоңырау» деп аталған ?

3. Торғай даласына алғашқы қоңырау соққан, мектеп ашқан кім ?



Пысықтау:

«Сиқырлы шеңбердегі» буындарды сағат тілімен екі жолды аттап отыра бүгінгі Ғ.Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» кейіпкерінің ата – жөнін оқып беріңдер.



Үйге тапсырма: 147 бет мәнерлеп оқу.

Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 0554
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0554 -> Microsoft Word мәтіндік процессоры. Сабақ мақсаты
0554 -> Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар мен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың перспективалық жоспары 2016 2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет