Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш әлемінде»



бет1/4
Дата24.10.2019
өлшемі1,21 Mb.
#50572
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
12-сәуір ғарышкерлер күні №16 Х.Доспанова


Мектеп:

Х.Доспанова атындағы №16 ЖОМ


Күні: 12.04.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Т.Қыдырбек

Сабақтың тақырыбы:

«Ғарыш әлемінде».

Пәні: физика

Сыныбы: 8-11

Мақсаты

  • Қазақтың тұңғыш ғарышкерлерітуралы түсінік беру. Оқушылар ғарышкерлер туралы білім алады.

  • Оқушылармен ғарышкерлер күніне орай сыныптан тыс шара өткізе отырып,олардың физика және астрономия туралы білімдерін кеңейту,пәнге қызығушылығын арттыру.

Алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.

Күтілетін нәтиже

Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы мәлімет алады.

Физика және астрономия туралы білімдерін кеңейтіп,алған білімдерін өмірмен байланыстыра алу.



Дереккөздер мен құрал-жабдықтар

Оқулық, қосымша материалдар, слайд

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сұрақ- жауап, топтық, жұптық жұмыстар, АКТ көрсетілім.

Сабақ кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.Ұйымдастыру бөлімі

2 минут


Амандасу. Түгендеу. Сабаққа әзірлігін тексеру.

Амандасады. Кезекші жоқ оқушыларды айтады. Сабаққа дайындықтарын баяндайды.

2.Тренинг

3 минут


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» тренингін өткізу. Әр оқушы 10-15 секунд аралығында өзіне бір тілек ойлайды, соны қасындағы көршісіне айтады.Суреттер арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды 4 топқа бөлу:

1.Зымыран

2.Планета

3.Жер

4.Ғарышкерлер



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтады. Топқа бөлінеді.

3.Үй тапсырмасына шолу

5 минут


1.4. Үй тапсырмасын сұрау «жалған және шын» әдісі арқылы

1.Физика жайлы білеміз бе? (ия)

2 Қатты күйдегі металдардың негізі кристалл торы болып табылады. (ия)

3. Металдың әдеттегі күйінде оның электрондары ретпен қозғалыс жасайды. (жоқ)

5. Еркін электрондардың реттелген қозғалысы металдардағы электр тогы деп аталады. (ия)

6. Өткізгіш ішіндегі электр өрісіндегі электронның таралу жылдамдығы шамамен жарық жылдамдығынан өте аз болады. (жоқ)

7. Жарық сәулесі жарық көзінен энергия тарайтын бағытты көрсететін түзу сызық. (ия)

8. Жарық сәулелері бірімен-бірі қиылысқанда таралу бағытын өзгертеді. (жоқ)

9. Бөлшектерді тіркейтін құрал Гейгер санағышы табылды. . (ия)

10. «Біздің әлемдегі» әрбәр бөлшек(фотоннан басқасы) антибөлшекке ие. (ия)



Оқушылар үй тапсырмасын оқиды, топ басшылары бағалайды.

4.Жаңа сабақ
Білу

3 минут


Түсіну

5 минут


Сергіту сәті

5 минут


Қолдану

10 минут



Талдау

5 минут



Ой қозғау.Слайд көрсету арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтап алу.

Ғарышқа алғашында нелерді ұшырып еді?

       Лайка —  ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. 1957 жылдың4 қазанда ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы

«Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.

       Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен бірге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар:  Белка мен Стрелка. Иттермен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер,өсімдіктер мен микроағзалар ұшырылды. Олар жерді 17 рет айналып оралды.

       Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

АКТ арқылы слайд көрсетіледі.



Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы

1946 ж маусымның 27-сінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,

«Бірінші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғарыбілімді. Техника ғылымдарыныңдокторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.

1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 13” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми  зерттеу жұмыстарын жүргізіді.

1991ж   қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы – ғарышкер

1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы аулында дүниеге келген. Ол – Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.

Т.А. Мұсабаев Рига қаласындағы авиация инженерлік институтын, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірген. 1986 жылы азаматтық авиацияның 30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды.

Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран

кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.

1994ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабынде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.

Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге.

Қонғандаресейғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринменбірге.

2001ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген



«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

Оқулықтағы мәтінді абзац – абзац бойынша бөліп оқу, бір – біріне түсіндіру.

Яғни, әр оқушы өз тобының оқушыларына өз оқыған мәтінін баяндап береді.

«Құрастыр, одан кейін жауап бер» 1-топ

1.Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы білгенім соншалық – менің де ғарышкер болғым келеді.

2. Ғарыш тақырыбының қызығы сонша – өзімді аспан әлемінде жүргендей сезінемін.

2-топ


1.Тоқтар да барлық балалар сияқты: бала кезінен бастап ұшқыш болуды армандаған.

2. Ол ұшқыш болуды армандағаны сонша - Армавидегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті.



«Ия,жоқ» әдісі арқылы 4-тапсырманы орындау.

Ақпарат

ия

жоқ

Тоқтар атасының қолында тәрбиеленген.







Ол кішкентай кезінен бастап ұшқыш болуды армандамаған.







Бос уақытында әдебиет үйімесіне қатысқан.







Парашютпен секіріп үйренген.







Тоқтар мектеп бітірген соң, Армавидегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі.







2003 жылы Ақтөбедегі жоғары ұшқыштар училищесін бітіреді.







Тоқтар Союз – ТМ ғарыш кемесімен қатарынан бес рет ғарышқа барып қайтты.







Тоқтар Жезқазған облысының Бірінші Май ауылында туған







Тоқтар Гиннестің рекордтар кітабына енген бе?







Талғат 1974 жылы Ақтөбедегі азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген.








«Ойлан, жұптас, бөліс»лездік әдісі арқылы берілген тапсырманы орындау. Диалогты толықтыру.

- Сен қазақ ғарышкерлерінен кімді білесің?

- .................................................................... .

- Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

- ................................................... .

- Ғарыш жайлы не білесің?

- .................................................. .

- Т.Мұсабаев кім?

- ................................................. .


Бұрыннан білетіндерін айтады. Тыңдайды. Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Мәтінді оқиды, бір-біріне түсіндіреді.


Сөйлемдер құрастырады.

Ия,жоқ деп жауап береді.

Диалогты толықтырады, бір-біріне оқиды.


5.Қорытындылау

Жинақтау

5 минут



Постер қорғау. Кейінгі тапсырма

1.Адамдардың ғарышқа ақша төлеп ұшқаны дұрыс.

2.Адамдардың ғарышқа ақша төлеп ұшқаны дұрыс емес.

«Репортер» әдісі

1-топқа Тоқтар

1.Тоқтар


2.Алғыр, шыдамды

3.Ұшты, шыдады, оқыды

4.Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

5.Ғарышкер.



2-топқа Талғат

1.Талғат


2. талаапты, төзімді

3.Шынықты, жаттықты, қатысты

4.Талғат Мұсабаев институт бітірді.

5.Ғарышкер.

«Табандылық – кез-келген кедергіні жеңеді» -дейді, кез – келген адам ғарышкер бола алмайды, ол үшін мықты денсаулық болып, ерік пен мінезді өз дегеніне бағындыра білу керек, білім жинақтау жолында да табандылық көрсету қажет, сонда ғана адам алға қойған мақсатына, аңсаған арманына жетеді.


Оқушылар өз ойларын айтып, дәлелдейді.Постер қорғайды.

Сөзжұмбақты шешеді.



6.Үйге тапсырма

Ғарышкерлер туралы қызықты мәлімет жинақтау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

7.Бағалау

2 минут


Топ басшылары бағалайды, өзім бағалаймын













Кері байланыс

Бағалау парақшаларын толтыру.

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату





Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет