Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты



бет4/4
Дата07.02.2017
өлшемі0,97 Mb.
#8908
түріСабақ
1   2   3   4
Кім жылдам'' ойыны:

1. Ислам қашан пайда болды?

2. Әл-Макдиси Қазақстан жеріндегі мешіттер туралы қандай мәлімет келтірді?

3. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслимнің  Шашты басып алған жылы?

4. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған кім?

5. Біз Исламның қай бағытын ұстанамыз?

6. Ислам дінін түркілер қай ғасырларда қабылдай бастады?

7. Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай қай дін тарады?

8. Қыпшақтар арасында қай ғасырдан бастап ислам діні тарай бастады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:



  1. Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері.

  2. Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері.

  3. Махмуд Қашғари- «Түрік тілдерінің сөздігі».

  4. Жүсіп Баласағұни- «Құт негізі білік».

  5. Ахмет Иүгнеки- «Ақиқат сыйы».

  6. Қожа Ахмет Йасауи- «Даналық кітабы».

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.

1. Ғылым дегеніміз не?

2. Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?

3. Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Оқу-білім азығы,

Білім-ырыс қазығы»,

«Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру.



Орта ғасырдағы ғұламалардың өмірі мен қызметіне тоқталамын




Әбу Наср әл-Фараби
870-950 ж.жФарб маңындағы Отырарда дүниеге келіп, Бұқар мен Шашта, Бағдатта білім алған. Отырарда қыпшақ тілінде білім алып, Исфахан, Бағдат, Дамаск қаласында араб тілін игерген. Ол шығармаларын араб тілінде жазғанҒылымның барлық салаларын меңгерген50-ге тартатрактаттар


жазды

Әбу Райхан әл-БируниБируни тұңғыш рет жерді күнді айналып қозғалатын жөнінде болжағанКоперниктен 500жыл бұрын айтқан, Галилеймен Ньютоннан

600 жыл бұрын айтқан.150-ден астам еңбек жазған


Махмуд Қашғари (1030-1090 ж.ж)Шын аты Махмуд Хусейн ибн Мұххамед Қашғари .Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмуд алғаш Қашғар қаласында кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады

1072-74 жылдары жазылған “Диуани луғат ат-түрік



Жүсіп Баласағұн (1021-1075ж.ж )


Ғұлама Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни “Құтадғу білік” дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1жарым жылға жазып шыққан




Ахмет ИүгнекиТуған-өлкен жылдары белгісіз. Шын аты Әдіб Ахмет Махмүдұлы. Иүгнекидің туған қаласының да орны белгісіз. «Ақиқат сыйы» дастанықарахан халқына түсінігі түрік тілінде жазылған




Қожа Ахмет Йассауи (1103-1167ж.ж)

Сайрам қаласында туған. Әкесі ИбраҺим атақты ғұлама адам болған. Алғаш әкесінен оқып, сауатын ашып үйренген.

Диуани-и хикмет” даналық кітабы шығармасы тарихи әлеуметтік тілдік дерек. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған.


Диуани ақыры” және “Дүниенің ақыры” еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланған.Ислам дінінің сопылық бағытын насиқаттаған.



«Өз сыңарыңды тап» ойыны.

Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған.  Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қаласында игерген.

(973-1050) жылдары аралығында өмір сүрген энциклопедист ғалым. Тарих,математика, география, астрономия, медицина т.б ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан.

Жалпы көптеген түрік тілдес тайпалар түрік тілінде сөйлегенімен олардың ішінде жергілікті тіл ерекшеліктері де болған.Оғыз, қарлұқ, қыпшақ тайпалары түбі түрік тілдес тайпалар қосылып ,бірігіп кетіп отырған. Түркі тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама үш кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің сөздігі”атты мәңгі өшпес мұра қалдырды.Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралап шыққан.

Ол өзінің атақты  “Құт негізі-білік” атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш  рет түрік тілінде жазылған. Құтадғу білік”-ХІ ғ түркі тілді халықтарының қоғамдық ой-санасын орын алған,терең мазмұнды ғылыми еңбек. Оның еңбектерінде ғылымның философия, астрономия, алгебра салаларына тоқталады.Сол сияқты аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер,шешендік сөздер көп кездеседі

ҮІІ-ІХ өркендеген ауыз әдебиеті Х ғасырда қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің негізін қалады.Бұл кездегі ислам дінінің кең тарауы  жазба әдебиетінің  жандануына әсерін тигізді. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын

 «Даналық кітабының» авторы Иассы қаласынан шыққан атақты ғалым.

Дұрыс жауабын тауып   “+” таңбасын қой.

               Өмір с.жылд.ғалымдар

870-950

1021-1075

1103-1167

973-1050

1030-1090

Махмуд Қашғари
















Жүсіп Баласағұни
















Әбу Наср әл-Фараби
















Қожа Ахмет Йасауи
















Әбу Райхан әл-Беруни
















Тақырыптық сұрақтар: 1.Қазақстанда ғылымның дами бастауына не себеп болды?

2. Денелердің тартылыс күшін алғаш ойлап тапқан ғалым:

3.Махмұд Қашғаридың «Түрік тілдерінің сөздігі» атты еңбегіне орыс ғалымдары қандай пікірлер білдірді?

4.Алғаш рет түрік тілінде жазылған еңбек:

5. Иассауидың шәкірті,ғұлама ақын:

«Ойтолғау» Ғұламалардың еңбектерінде қандай тәрбиелік мән жатыр? Нақыл сөздерінен мысал келтіріңдер.

«Музыкалық көрсетілім» «Фараби сазы» күйі орындайтын мұғалім.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



Дискуссиялық әдіс: келісемін, келіспеймін

  1. Әл- Фараби “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы” туралы философиялық туынды жазған.

2. Әл- Фараби “Шұбар айғыр” күйін шығарған.

3. Әбу Райхан әл-Беруни “Бақытқа жету” туралы философиялық туынды жазған.

4. Әбу Райхан әл-Беруни 150 астам еңбектер жазып қалдырған.

 

1. Махмуд Қашқари өзінің саналы ғұмырын туған халқының тілін зерттеуге арнаған.



2.  Махмуд Қашқариға “Ұлы хас- хажип”деген лауазым берген.

3. Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласында туған

4. Жүсіп Баласағұни “Құдатғу білік” еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан.

 

1. Қарахан мемлекеті кезінде аты шыққан ақын Ахмет Иүгенеки



2. Ахмет Иүгенекидің  бізге жеткен шығармасы “Ақиқат сыйы”

3. Қожа Ахмет Йасауи Түркістан қаласында туған

4. Қожа Ахмет Йасауи  7 жаста әкесінен жетім қалған

1. Қожа Ахмет Йасауи Юсуф Хамаданидан діни білім алған

2. Қожа Ахмет Йасауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани

3. Қожа Ахмет Йасауидің бізге жеткен еңбегі “Құдатғу білік”

4. Ахмет Иүгенекиге көзі тірісінде-ақ “ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы”деп баға берген.

 

Ү. Бағалау:



ҮІ. Үйге тапсырма: 21 параграфты оқу. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Ғұламалардың өмірбаянына қатысты қосымша кітаптар оқу, реферат жазып келу.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет