Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын пайдалану. Сабақтың мақсаты


Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру,кітаппен жұмыс



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі87 Kb.
#92380
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
0002d8f9-5d060428

3. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру,кітаппен жұмыс
«Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»
1.Фотоэффект дегеніміз не?
2.Фотоэффект құбылысын кім және қашан ашты?
3.Электронның шығу жұмысы деп...
4.Эйнштейн формуласы.
5.Фотоэффект құбылысы қандай шарт орындалса байқалады?
6.Фотоэффектінің қызыл шекарасы?


4. Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру
«Көзге елестеткен мың ойдан, қолмен істеген бір іс артық»
М.В.Ломоносов
Фотоэффект-жарықтың әсерінен металл бетінен электрондардың бөлініп шығу құбылысы.
Е = hν – квант энергиясы
Электронның металдан босап,ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп аталады.Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының энергиясы электронның А шығу жұмысына және оның Ек=mυ2 /2 кинетикалық энергиясына жұмсалады.
Эйнштейн формуласы hv=Ашығу+m υ 2/2
m - босап шыққан электронның массасы
υ - жылдамдығы
h - Планк тұрақтысы
ν - жұтылған фотонның жиілігі
Ашығу - электронның шығу жұмысы
Фотоэффект құбылысы мына шарт орындалса ғана байқалады: Һv > Ашығу
Фотоэффектінің байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немесе оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп аталады


Есеп: Электронның цезий бетінен шығу жұмысы 1,6*10-19 Дж. Цезий бетіне толқын ұзындығы 0,589 мкм болатын сәуле түссе, фотоэффект байқала ма?


Берілгені:
Ашығу =1,6∙10-19 Дж.
λ =0,589 мкм ≈0,6∙10-6 м
Е0 -?
Шешуі: Сәуле энергиясын анықтайық:
Е0 = Һv, мұндағы v=c/λ (c=3∙108 м/с)
Һ = 6,62∙10-34 Дж∙с
Бұдан
Е0 =Һ(с/λ)=6,62∙10-34 Дж∙с (3∙108 м/с : 0,6∙10-6 м)≈3,3∙10-19 Дж
Е0 –Ашығу =1,7∙10-19 Дж.
Фотоэффект пайда болады, өйткені фотонның Е0 энергиясы электронның шығу жұмысынан екі еседей артық.Фотонның қалған энергиясы (Е0 – Ашығу = 1,7∙10-19 Дж)
босап шыққан электронға жылдамдық береді.
Жауабы: Е0 = 3,3∙10-19 Дж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет