Сабақтың тақырыбы: География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және талдау



бет1/7
Дата08.09.2022
өлшемі2,11 Mb.
#148985
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Слайд 1
60265714bc78c0d9a4891061, 502883, 484771, Ответы от Нурхана, 4 сынып жаратылыстану ктж, 4 сынып жаратылыстану ктж

Сабақтың тақырыбы:

География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және талдау.


Сынып: 8

Сабақтың мақсаттары:

  • география ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсету және түсіндіру;
  • география ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтау.
  • географиялық деректерді (сандық және сапалық) өңдеу және талдау.
  • Мақсатқа жету үшін:
  • географияның әр саласы нені зерттейтінін;
  • география ғылымының әр саласын зерттеу үшін табиғат пен адамзаттың дамуындағы қандай проблемалар маңызды (мәселелер және түпнұсқалық мәтіндер арқылы) екенін;
  • географиялық деректерді қалай визуалдауға (көзбен шолуға) болатынын білуіміз керек.
  • географиялық деректер дегеніміздің не екенін;
  • деректер қалай өңделетінін;
  • деректер қалай талданатынын білуіміз керек.

 Географиядағы жіктеу (дифференциация)
 7-сыныпта сендер география ғылым ретінде адам, қоғам, мемлекет және адамзаттың географиялық білімге деген қажеттілігіне байланысты пайда болғанын білдіңдер. Жіктеу (дифференциация) үдерісі географияда ерте заманда-ақ, екі үлкен салаға: физикалық және қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияға бөлініп жүре бастаған. ​Географиялық қабық, халық, оның тұрмысын ұйымдастыру мен шаруа­шылық іс-әрекеті құрылымы жағынан күрделі. Олардың құрылымындағы барлық элементтерді зерттеп шығу бір ғана зерттеушінің қолынан келмейді. Сол себепті физикалық география мен экономикалық геогра­фияда бұлардың әр саласын жекелеген компоненттері бойынша бөлек-бөлек ғылыми бағыттарға бөлу жалғасын тапты.
Физикалық география – Жердің географиялық қабығын зерделейтін ғылымдар жүйесі. Ол географиялық қабықтың ерекшеліктерін және жер бетіндегі түрлі табиғи құбылыстардың арасында болатын өзара байланыстарды зерттейді. ​Қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) география халықты және оның шаруашылығын зерттеумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет