Сабақтың тақырыбы: Халықаралық әйелдер күні Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі51,15 Kb.
#5351
түріСабақ
Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

252 Г.Н Ковтунов атындағы орта мектебі





тақырыбы:Халықаралық әйелдер күні

Пән мұғалімі:Қанат Динара Қырықбайқызы

Шиелі

2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Халықаралық әйелдер күні

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Халықаралық әйелдер күнінің тарихымен таныстыра отырып білімдерін жетілдіру.Етістіктің райларын қайталау.

2.Дамытушылық:Түрлі тапсырмаларды орындай отырып ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру ,сөздік қорын арттыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:ой қозғау,сұрақ-жауап,іздендіру,әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі:флипчаттар,тапсырмалар,суреттер,видеосюжет

Пәнаралық байланыс:тарих,орыс тілі
Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Психологиялық тренинг

Шаттық шеңбері.Бір-біріне жақсы тілектер айту.



ІІ.Үй жұмысын тексеру

«Даналық ағашы» сұрақ-жауап.

1.Сөздікті аудар

2.Қазақ елі көктемде қандай мерекелерді тойлайды?

3.Етістіктің райларын ата.

4.Кел сөзін ашық райда жікте.

5.Тойла сөзін бұйрық райда жікте.

6.Көр сөзін шартты райда жікте.

7.Тұр сөзін қалау райда жікте.

8.Мемлекеттік мерекелерді ата.



ІІ.Жаңа сабақты меңгерту.

Видеоролик көрсету.Ой қозғау.Тыңдалым.

-Біз видеороликтен не көрдік?

-Қандай мереке жайлы ?

-Сендерге бұл видео ұнады ма?

Сөздікпен жұмыс.

Халықаралық-международный ұсыныс - предложение

Қария адам-человек преклонного возраста

Бірауыздан-единогласно Қабылдады-одобрили

Сыныпты 3 топқа бөлу.

Раушан гүлдері,

қызғалдақ гүлдері,

бәйшешек гүлдері

Топтық жұмыс. Оқылым,Айтылым



Мәтінмен жұмыс.Іздендіру.

І топ. Мәтінді мәнерлеп оқу,түсініп аудару

ІІтоп.Сұрақтар қою

ІІІ топ.Берілген мәтін негізінде сурет салып,оны мазмұндау

2 – тапсырма.Жазылым.

А.Мереке күнін ерекше атайық.Мереке күнін тойлайық.

Ә.Анама сыйлық дайындасам.Қарындасыма сыйлық сыйласам.Сіңліме сыйлық алсам.Құрбыма сыйлық сыйласам.Ұстазыма сыйлық дайындасам.

Б.Сіздің отбасыңызға құт-береке тілегім келеді.Саған зор денсаулық пен байлық тілегім келеді.Сізге жақсылық пен мол бақыт тілегім келеді.



Деңгейлік тапсырмалар.

ІІІ деңгей

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ана. Ы.Маманов

Сөздік.


Мәлім-известно асыл-ценность

Қуанышым-моя радость тең көрмеймін-не вижу равных



ІІ деңгей.

І топ.Мәнерлеп оқып,аудару

ІІ топ.Мәтін негізінде диалог құрау

ІІІ топ


І деңгей

Сурет бойынша әңгіме құрау



Сергіту сәті.Ән айту.

Сахналық көрініс.

І.Бүгін халықаралық әйелдер күні.Арман мен Азамат таңертең ерте

тұрып ,анасының қасынан шықпайды,үйді жинастырып,базардан азық-түлік әкелуге көмектесіп жатыр.Мерекелік дастарқанның басында жиналған кезде

Азамат пен Арман: «Анашым, сізді халыаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.Сізге зор денсаулық мол бақыт тілеймін.Бала-шағаңыздың рақатын көруіңізге тілектеспін»,-деді.

Анасы: «Балаларым мен сендерге ризамын.Бұлмерекені мен ерекше күттім» Ата-анасы балаларының үлкен болғанын байқамай да қалыпты.Олар балаларының қызықшылығына тоймай жүре берді.



ІІ. Бүгін халықаралық әйелдер күні.Қанаттың анасы мерекелік дастарқан жасауға базардан сөмкесін толтырып азық-түліктер әкелді..Ауыр сөмкесімен үйге кіріп баласына: «Қанатжан, мұнда келші,көмектесші»,-дейді.

Қанат: «Анашым тоқтай тұршы,қызықты ойын болып жатыр,менің уақытым жоқ»,-дейді.

Баласы бұл мереке туралы ұмытып та кетті.Қанаттың ойында тек ойын болды.Базардан шаршап келген анасы үнсіз сөмкелерін жайғастырды.

4-тапсырма .Әр топ аналарына құттықтау айтады.

Сабақты қорытындылау.

«Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс істеу.

Халықарлық әйелдер күні

1.Суреттеу

2.Салыстыру

3.Саралау

Рефлексия.

Үй жұмысы :5-тапсырма.Өз аналарың туралы шығарма жазу



Оқушылардың білімдерін қорытындылау.

Білімдерін бағалау
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет