Сабақтың тақырыбы: ХҮіі-хүііі ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі. Сабақтың мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі20,39 Kb.
#47674
түріСабақ
Пәні: дүниежүзі тарихы

Күні: 15.11.2014 ж

Сынып: 8 әб

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі.


Сабақтың мақсаты:

Б: XIX ғсырдағы Жапонияның экономикалық жағдайы мен Токугава сегундарының билiгi кезiнде дағдарыстар болғанын, Жапония қоғамында капитализмнiң баяу дами бастағандығын әңгiмелеу.

Жапониядағы Мэйдзи төңкерiсi және реформалар бiртұтас ұлттық мемлекет құруға жағдайлар жасағандығын айта келiп, жұмысшылар қозғалысының нәтижесiнде мемлекет құрылымы өзгерiсiнiң мәнiн түсiндiру.

Д: Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуге үйрету.

Т: Оқушылардың назарын елдегi бостандық пен құқықтық қысымжасаушылық әрекеттердi болдырмау, қайшылықтарды түсiнуге шақыру.
Жетекшi ұғымдар және негiзгi түсiнiктер:

“Жабық есiк” саясаты, Жапонияның “ашылуы”, “Жабайы, дөрекi варварлар”, “самурайлар”, “Мэйдзи қайта қалпына келтiруi”, префектура енгiзу, бiлiмпаз билеушi.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: карта, слайд.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ:

Сабақ жоспары:

1. XIX ғасырда Жапонияның экономикалық жағдайы және Токугава сегунатының саяси дағдарысы.

2. Еуропалықтардың Жапонияны ашуы.

3. Жапониядағы Мэйдзи төңкерiсi және жүргiзiлген реформалар.

4. Жапониядағы капитализмнiң дамуы.

5. Жапония Азиядағы бiрден-бiр XХ ғасырдың басындағы отарлаушы ел.

6. Қорытынды.
1-мәселе бойынша Жапонияның экономикалық жағдайы әңгiмеленедi.

ХIХ ғасырдың басында Жапониядағы терең дадарыс салдарын, ауыл шаруашылығындағы күйзелiстi түсіндіремін. Сондай-ақ экономикадағы осындай ауыртпалықтарға қарамастан, жапон қоғамында капитализмнiң бой көрсете бастауы да назардан тыс қалмауы керек.

Токугава сегунатты билiгi кезiндегi Жапония қоғамындағы ахуалды сипаттап беру үшiн оқулықты пайдалана отырып, Жапонияның экономикалық жағдайындағы өзгерiстердi ашып көрсету мақсатында оқушылар кестенi толтырады.

XIX ғасырдағы Жапония экономикасы



Кемшiлiктер

Жетiстiктер


1. Ауыл шаруашылығы күйзелiске ұшырады.

2. өңделетiн жер көлемi азайды.

3. Халық саны күрт төмендедi.


1. Капитализм баяу болса да дами бастады.

2. Мануфактуралар көбейдi (180 мыѓнан астам).

3. Iшкi сауда дамыды.

4. Қолөнер, сауда орталықтары өстi.

5. Қалалар көбейдi (Эдо, Киота, Осака, Нагасаки, Сакаи, Хаката).

6. Ауыл шаруашылығында жаңа салалар қалыптасты

(жiбек, қағаз, қант, қыш, фарфор, тоқыма).

7. Iшкi рынок қалыптасты.


Құлдырау себебi:

Капиталистiк қатынастардың алғашқы даму қадамдарына ескi қоѕамдық құрылыстар кедергi жасады.

Нәтижесiнде:

Шаруалар мен қала кедейлерiнiң бас көтерулерiн тудырды.

Осака — 1837.

Көтерiлiстiң себебi:

Күрiш бағасының шектен тыс өсуi.

Көтерiлiсшiлердiң мақсаты:

Сегунат билiгiн құлату, дағдарыстың одан әрi тереңдеуiн болдырмау мақсатында реформалар жүргiзуге тырысу.


2-мәселе бойынша тақтада iлiнген картаны, кестенi пайдалану.

Еуропалықтардың Жапонияны ашуы:



Қай жылы?

Еуропалықтар

қайда? қандай саясат ұсынды?


Нќтижесiнде


1542 ж

Португалдықтар

Жапонияға кiредi

Кюсю аралынының оңтљстiгiнде

католик дiнiн

таратуға кiрiстi


XVII ғ. ортасында

Токугава Иэясу




Жапондықтардың

сыртқа шығуына

тыйым салды


XVIII ғ соңы мен ХХғ басы

АҚШ, Англия, Франция, Ресей.

«Жабық есік» саясатын бұзуға тырысты.




1791-1849 жж

АҚШ

Жапонияға 7 экспедиция атандырды.

Жапония үкіметі байланысқа рұқсат бермеді.

1792-1793 жж

А.Лаксман

Елшілік кемесі

Нәтижесіз

1804ж

Н.Резанов




Нәтижесіз

1852ж

АҚШ командор

М.Перри


Жапония жағалауына келеді.

Сәтсіз аяқталды.

1853 ж

М.Перри

Жапонияға.

Күш қолданатынын ескертеді

1854ж 13 наурыз

1854 ж 13 акпан



М.Перри

Канагавада



Жапонияға оралды. Келісімшартқа қол қойды.

Симода және Хикодатэ портттарын ашуға мәжбүр болды.

1854ж

Жапон-ағылшын соғысы

Келісімшартқа қол қойды

Құқықтарға ие болды.Саудаға жасауға жеңілдіктер алды. Сегун билігі әлсіз болып шықты.Жатжерліктер алдында тізе бүкті.

1855ж

Орыс - жапон

Келісімшартқа қол қойды




1856ж

Голанд - Жапон

Келісімшартқа қол қойды




1858ж

Француз - Жапон

Келісімшартқа қол қойды



Жапониядағы Мэйдзи төңкерiсi және жүргiзiлген реформаларды мынадай сызбамен түсiндiремін.

Мемлекет құрылымын ашуда тақтаны пайдалана отырып баяндаймын.

Жапония


1867 ж. императоры — 15 жасар Муцухито

Әскери күш Самурайлар тобы

Нәтижесi Cегуннан императорлық билiктi қайтарып алу

Мақсаты 1868 ж. самурай көтерiлiсi жасалды, сегун Кэйкидi орнынан кетiрiп, билiк император қолына көшедi.


Мемлекет құрылымын ашуда тақтаны пайдалана отырып баяндаймын:
Мемлекеттегi билiк 5 баптық анттан тұрды:

1. Қаржы жүйесiн нығайту

2. Халық тұрмысын жақсарту

3. Ескiрген заңдар мен зиянды салттардан арылу

4. Дүниежљзiндегi бiлiмдi игеру

5. Өкілетті орган құру және мемлекеттiк мәселелердi бұқаралық талқылаудан кейiн шешу:

Негiзгi заң: 1868 ж. маусымда Эдо қаласында (Токио) қабылданды .

1867—1868 жж. Муцухито билiк еткен кезең: “Мэйдзи кезеѓi” деп аталды.

Император сарайы : 1869 ж. Киотодан Токиоға көшiрiлдi

Мемлекеттiң құрылуына жағдай туғызған өзгерiстер:

1. 1873 ж. жер салығы реформасы қабылданды.

3. Мүлiктiк және жер қатынастары саласында маѓызды реформалар енгiзiлдi.

4. Сословиелiк жүйенiң жойылуына байланысты шаруалар өздерiнiң қажетiне қатысты мiндеткерлiктердi жойды

5. XIX ғ. 70-жылдарының басында аграрлық реформалар жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде жерге жекеменшiк құқығы берiлдi. Шаруалар өз жерлерiн сатып ала алатын болды.


Сабақты бекіту:

1. Сегун, сегунат түсiнiктерiн талдаңдар.

2. Токугава сегунаты кезiнде жапон қоғамы қандай таптарға бөлiндi?

3. Токугава сегунаты нелiктен “жабық есiк” саясатын ұстанды?



4. Жапонияда қандай дiндер болды, олардың атқарѕан қызметiн атаңдар.
Үйге: ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ Жапония. Токугава әулеті сегундарының билігі.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет