Сабақтың тақырыбы: Интернет пен әлеуметтік желідегі қатерлер. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/2
Дата14.02.2022
өлшемі27,98 Kb.
#131768
түріСабақ
1   2
Байланысты:
8 А

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы. «Оң, сол» ойыны
Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге сол қолын, дұрыс пікірге оң қолын көтеруі тиіс.

  1. Желіде өзің жайлы ақпаратты ешқандай қауіпсіз салуға болады. «Қате!»

  2. . Желіде жаңа адаммен танысқанда өзіңнің мекен жайыңды, жеке ақпараттарыңды беруге болмайды. «Дұрыс!»

  3. Желідегі бүкіл адам тек шындықты жазады . «Қате!»

Қате қол көтерген оқушылар ойыннан шығады.



Топтастыру

Т) Оқушылар жасырылған парақтардағы сөздер арқылы 4 топқа топтастырылады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру



1-топ: «Әлеуметтік желі».
2-топ: «Электронды пошта».
3-топ: «Фишинг».
4-топ: «Кибербулинг».

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, сурет туралы өз ойларын айтады.











(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.

Сұрақ:
1. Сендер әлеуметтік желіде бір адаммен достасып, 5 күн бойы сөйлесіп жүрдіңдер. Осы 5 күн ішінде сендер өздеріңнің аты-жөндеріңді, неше жаста екендеріңді, қайда тұратындарыңды, қай мектепте, қай сыныпта оқитындарыңды айтып бердіңдер. Сендердің бұл іс-әрекеттерің дұрыс па? Неге?
2. Егер сайт Сізді алдайтынын түсінсеңіз қандай әрекет жасайтын едіңіз?
3. Интернет желісі, электрондық пошта арқылы келетін қандай қауіп-қатерлерді білесіңдер?



ҚБ: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»




Жаңа сабаққа дайындық.

Мұғалімнің сөзі.
Құрметті оқушылар! Сіздер осыған дейін көптеген әлеуметтік желі қолданып жүрсіңдер. Бірақ біз кейде кейбір ақпараттардың дұрыс немесе бұрыстығына көз жеткізе алмаймыз. Кейде өзіміз жайлы ақпаратты бейтаныс жандарға беріп қоямыз. Оның қауіпін түсінбейміз. Бүгінгі сабақта осындай қауіптерді мейілінше болдырмас үшін қандай әрекеттердің жүзеге асырылатындығымен танысатын боламыз

Жаңа сабаққа кіріспе. «Білетініңіздің барлығы» әдісі.
Оқушылар тақырыпты оқуға кірісудің басында жаңа білім туралы не білетінінің барлығын жазады. Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.



«Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Интернет желісі. Смартфон

Сабақтың ортасы
(26 мин)

(МК, Ж). Оқушылар жұптық жұмыста бір-бірімен ақылдасады, ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығарады. Өз көзқарастарын бір біріне айтады.

Дескриптор:

  • Ақпаратты интернеттен іздейді.

  • Жұп ішінде талқылайды.

  • Желі ішінде өзін қалай ұстау керектігін айтады.

ҚБ: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Интернет желісі. Смартфон. Қалам, Ақ қағаз




(Топтық жұмыста ақылдасып, тапсырманы орындайды.

2- тапсырма:
"Сұрыптау " жаттығуы. Дәптермен жұмыс.
(Ж) Төменде берілген әрекеттерді қауіпті және қауіпсіз деп топқа бөліп, "Венн диаграммасында" интербелсенді тақтада және дәптерде топтап жазыңдар:
1. Әлеуметтік желілерде өздеріңді сыпайы ұстау.
2. Өз профильдеріңе шынайы аты-жөндеріңді, мекен-жайларыңды, телефон нөмірлеріңді қою.
3. Күдікті хабарламаларды ашу, оларды жіберу.
4. Желіде біреуді ренжіту.
5. Өздерің жайлы ақпараттарды жасыру.
6. Антивирустық программаны жаңартып отыру.
7. Агрессорға дөрекі сөз қайтару.



ҚБ: «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»




Сабақтың соңы
7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.



(Ө). «Жетістік баспалдағы» әдісі.
«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

ҚБ: Мұғалім сабақта белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.




«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.


Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға тек интернетте іздеу тапсырмаларын орындау талап етіледі. Басқа оқушылармен жұпта жұмыс жасауға көмек көрсетіледі


Кейбір оқушыларға әлеуметтік желіде қауіпті ақпарат орналастырған адамдарды табу тапсырылады. Оның несімен қауіпті екендігін саралайды.



«Мадақтау сөз» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақтың тәжірбиелік жұмыс кезінде оқушылар интернет желісіндегі қауіпсіздік жайында мол ақпарат жинайды



Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет