Сабақтың тақырыбы Қыс М. Дулатов ІІ тоқсан Сабақтың мақсаты



Дата20.06.2018
өлшемі63,99 Kb.
#43669
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Бекітемін:




Мұғалімі:




Пәні:

Әдебиеттік оқу 2 «ә»сынып

Сабақтың тақырыбы

Қыс М.Дулатов ІІ тоқсан

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, мәтін арқылы негізгі ойды, идеяны ұғындыра отырып, қысқы табиғаттың қатал көрінісін түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

A) Мәтін мазмұнын түсінеді, дәрежесі төмен сұрақтарға жауап бере алады, өнер сырын ұғынады.

B) Негізгі ойды табады, идеясын түсінеді. Мәтінді әңгімелеп береді.

C) Өз ойларын жазбаша жеткізе алады, дәрежесі жоғары сұрақтарға жауап бере алады.


Сабақ түрі

Аралас сабақ, топпен жұмыс.

Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс

Керекті жабдықтар

М.Дулатовтың портреті, «Қыс мезгілі» бейнеленген суреттер,постер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе
2мин

Психологиялық дайындық

Оқушыларды топқа бөлу. Түстерді таңдау арқылы бөлу. Қызыл түс- желтоқсан тобы.

Сары түс-қаңтар тобы. Жасыл түс- ақпан тобы.

  І топ:/  желтоқсан/

  ІІ топ: /қаңтар/

  ІІІ топ:/ақпан/

Топ ережесі:



  • Бірін-бірі мұқият тыңдау

  • Ойланып,тиянақты жауап беру

  • Топта ұйымшыл болу

  • Тапсырманы тиянақты орындау

  • Өз ойын ашық айту.

  • Бірін-бірі әділ бағалау.







Критерийлер

Ұпайы

А

Оқушы ойын толық тұжырымдай алады

2

В

Оқушы ойын анықтап, тұжырымдап шынайы өмірмен байланыстыра алады

2

С

Оқушы теориялық білімін практикада қолданып,сыни сұрақтарға жауап бере алады

3

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ



Критерий

Жетістік

деңгейі


Дескрипторлар

А



0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

1

Қыс мезгіліндегі қиындықты біледі

1

Өз ойын толық тұжырымдай алды

В

2

Эпизодты еске түсіре отырып, шығарма мазмұынының идеясын ашады;ойын тұжырымдап шынайы өмірмен байланыстыра

алды

С

3

Бүгінгі алған білімін практикада қолданып,сыни сұрақтарға жауап берді

ҰПАЙЛАРДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АУЫСТЫРУ:

Жинаған ұпайлар саны

Баға

7

«5»

5-6

«4»

3-4

«3»

0-2

«2»

Оқушының өзін – өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

А

В

С

Жалпы

ұпайы


Бағасы






















Жұмыс істеуге дайындалады,топ ішінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.
Топ ережесін құрады

Топ басшысы сайданады

(парта астына стикер кімде жапсырулы сол оқушы топ басшы болады)


Тұсаукесер

8мин





  • -Балалар, топтарыңның атына қарап не айтуға болады? Бұл сөздер нені білдіреді?

  • Қыс айлары.

  • Ендеше қыс мезгілі туралы не білетінімізді айтып шығайық.

Ой шақыру

Жылы киім     Жаңа жыл        Боран

Аққала мейрам аяз суық

Оқушылар өз ойларын айтады.

            ІІ. Мағынаны тану



Жұмбақ шешу

1. Қыста ғана болады,

      Ұстасаң қолың тонады. (Қар)



2. Қайқы тұмсық, қос табан,
Қос таяқпен ұштаған (Шаңғы)
3. Отқа жанбас, суға батпас.(Мұз).

4.Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қомпайып.(Аяз)

«Қапшықтағы фасоль»әдісі



- Табиғатта неше жыл мезгілі бар және қандай?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір бізде қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс айларын кім атап береді?
- Қыс мезгілінің алғашқы айы?
- Желтоқсан айы.

- Биыл 2016 қазақша қандай жыл?

Оқушылар жұмбақ

шешеді

Сұрақтарға жауап береді.



Негізгі бөлім

29мин




Жаңа сабақты топтық жұмыс арқылы ұйымдастырамын. Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?


- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді

дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.

Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қыс» екен. Ақын Міржақып Дулатовтікі.

«Портретті жандандыр»әдісі

Автор туралы не білеміз?


Ақын туралы мәлімет.
Міржақып Дулатұлы (1885 — 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Өмірбаяны Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.

Мәтінмен жұмыс.

            «Джигсо» әдісі

            Үш топ абзац арқылы мәтінді тұтас оқып, талдау жасайды. Әр топтан бір оқушы шығып мазмұндайды.

         Мәтінге жоспар құру: 

Әр топ өзі оқыған бөлігіне ат қояды.

            Жоспар:

            І топ: Қысқы табиғат өзгерістері

            ІІ топ: Үй жануарлары мен адамның қорғануы

            ІІІ топ: Жылқышының еңбегі.



Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс
Бек қиын – өте қиын
Шилі бет – бетін үсік шалған

Сергіту сәті
Өзіндік жұмыс

Тірек сөздермен жұмыс. Тақтаға жазу.
Қыс, қар, аяз,үскірік боран, суық, күн қысқарды, түн ұзарды, мұз қатты, құстар, жануарлар.

( 14сөз)
Есте сақтау.(7мин ) . Тақтаны жабу. Дәптерге осы сөздерді жатқа жазу.
Дәптерлерін алмастыру, оқыту.



Аудиопод

каст арқылы қысқы ызғырық,боранның дыбысын тыңдату арқылы диалог.

Оқушылар автор туралы білетінін айтады,порт

ретті жандандыр

ады.
Жаңа ақпарат алады

Топпен жұмыс,

талдау,


топтық
Оқулықпен сөздікпен, жұмыста-

нады


Бейнеролик арқылы сергіту сәті

Жұптық жұмыс,

бағалау


Қорытынды

4мин


-Бүгінгі сабақта не туралы әңгіме қозғадық?

- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілінде қандай жануарлар ұйқыға кетеді?
- Қыс туралы қандай өлеңдер білеміз?

- Топтық бағалау, өзін-өзі критерий арқылы формативті бағалау


Топпен талдай отырып, жауап беру



Үйге тапсырма

1мин


Мәтін бойынша жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар дайындау. Түсініп оқып, әңгімелеу.

Күнделіктеріне жазып алады

Рефлексия

1мин



«Білім ағашы»

Өздері бүгінгі сабақ туралы пікірлерін Білім ағашына іледі.

Сабақты өзіндік талдау







Каталог: uploads -> doc -> 01c4
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01c4 -> Сабақтың түрі: Бекіту сабағы. Әдісі: Ертегі түрінде көрініс. Көрнекілігі: Қалпақтар, слайд. Сабақтың барысы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет