Сабақтың тақырыбы «Қызыл кітапқа»



бет3/3
Дата19.03.2022
өлшемі20,68 Kb.
#136284
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Қазақ тілі Қызыл кітап 8-сынып
доклад статья
Құндылықтарға баулу

Жойылып бара жатқан жануарлар мен құстарды сақтау мәселесін көтерудегі кітап маңызының жоғары екендігін ұғыну, осы мәселені шешудегі өз орнын түсіну

Пәнаралық байланыс

Биология, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім

«Қызыл кітап»

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы: 5 минут

Топқа Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлардың суреттері арқылы бірігеді.
«Проблемалық сұрақ»: Жануарлар мен құстарды «Қызыл кітапқа» енгізудің маңызы бар ма? Бұл төніп тұрған мәселені шешуге әсер ете ала ма? Неліктен?

Топқа бірігу

«Проблемалық сұрақ»





Ортасы: 20 минут

1. Мәтіндерді мұқият оқып шығады.
1-мәтін



Жануар атауы

Категориясы

1

Қызыл қасқыр

1-категория. Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында анық деректер жоқ. Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек.

2

Шағыл мысығы

3-категория. Аздаған мысықтар тек Үстірт пен Қызылқұмда ғана мекендейді. Санының кемуінің негізгі себебі – қалың қарлы қатал қысты жылдары азық қорының азаюы, оған қоса адамның тікелей қызметтері әсер етеді. Қызылқұм қорығын ұйымдастырып, Солтүстік Қызылқұмның біршама бөлігін қорықша етіп жариялау керек.

3

Барыс

1-категория. Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жылдан жылға кемуде. Негізгі себептері – Қасақылық және таутекелер мен басқа жабайы тұяқтылардың санының кемуіне байланысты азық қорының азаюы. Жоңғар қорығын құрып және таудағы қорықшалар мен қорықтарда оны қорғауды күшейту керек.

4

Алтай арқары

1-категория. Тек Алтайда ғана кездеседі. Ол жерде шамамен 80-дей арқар мекендейді, яғни бұл түрше жойылып кету шегіне жақын тұр. Негізгі себеп – қасақылық және арқарлар тіршілік мекенінде пәрменді түрде мал жаю. Мал жаюды шектеп, Күршім жотасының оң жақ беткейінде Марқакөл қорығының жеке бөлімшесін ашу керек.

5

Тянь-Шань арқары

2-категория. Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында тараған. Бұл түршенің саны шапшаң төмендеп, қазір оның саны 1,5 мыңнан аспайды. Себептері басқа арқарларға әсер ететін факторлар. Ақсу-Жабағылы қорығына жақын жатқан арқардың қыстайтын жерлерін қосу, көршілес Қаратау жотасында бұл қорықтың бөлімшесін ашып, Жоңғар Алатауында қорық құруды жеделдету керек.

1-категория – жойылып бара жатқан;
2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
3-категория – сирек кездесетін;
4-категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория – қалпына келтірілген түрлер.
2-мәтін
«Қызыл кітапқа» енген жануар
Қарақұйрық жануары Қазақстанның оңтүстік аймағын мекендейді. Бұл аң Кавказ тауларында, Персия мен Моңғолияда да бар екен. Таулықтар оны жайран десе, моңғолдар қарасульта деп атайды. Шынында, бұл – өзі ерекше сұлу жаратылған аң. Қуыс мүйізділер тұқымдасы болып келетін оның сұңғақ бойы мен сүйрік дене бітімі, жіңішке мойны мен қамыс құлағы, әсіресе, мөлдіреген қарақаттай бота көздері кімді де болса, өзіне баурап алатыны сөзсіз. Түсі қара қоңыр болғандықтан шығар, қазақ оны қарақұйрық деп атап кеткен. 
Көбіне құмдағы шөлді және шөлейтті аймаққа бейімделген, өзіне қауіп төнгенде өте шапшаң. Шамамен сағатына 65-70 шақырым жылдамдықпен жортады. Жарты сағатқа дейін дамылдамайды. Қазіргі кезде ол Гоби, Тибет, Ордос яғни, Қашқария жерінде де бар көрінеді. Осынау Барсакелместі мекендейтін аса текті аң жазда – 70, қыста 37 түрлі өсімдікпен қоректенеді. Мәселен, қылша, тікенді түйесіңір, көкпек, бұйырғын, сұр теріскен, сексеуіл, жыңғыл, жусан, сайғақшөп, ал көктем шыққанда ылғалы мол өлеңшөп, бидайық, раң, алабота, қамыс құрағын сүйсініп жейді. Сонымен қатар, үй жануарлары жей бермейтін адыраспан, түйетабанды да қорек ете береді.
2. Екі мәтінді салыстыра отырып кестені толтырады.

1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы







Стилі







Түрі







Құрылымы







Екі мәтіннің ұқсастығы







Екі мәтіннің айырмашылығы







3. 1-мәтінде берілген сызбаны талдайды. Әр категория айырмашылығын салыстырады. Мәтінді жұппен талқылайды.
4. Сызбадағы маңызды ақпаратты анықтайды. Өзіндік талдау жасайды. Өз көзқарасын білдіріп, мәтін құрылымын сақтап жазады.
5. Жұпта бір-бірінің кестесін тексереді, толықтырады.

Мәтіндер
http://bilim-all.kz/article/3831-Qyzyl-kitapqa-engen-zhanuarlar-omyrtqalylar

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=31564



Салыстырмалы кесте

Соңы: 5 минут

«Қызыл кітап» деген тіркеске «Акроним» құрастырады. Шапалақпен бағалайды.

«Акроним»
Шапалақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет