Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылдың жарқырайды шамдары Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау



Дата25.04.2024
өлшемі24,88 Kb.
#201369
түріСабақ
Байланысты:
Сынып сағаты
кәсіп, 3-дәріс, Алгебра және мандар теориясы222, Закирова Альбина. Физиология 20240420 170128 0000, Закирова Альбина. Физиология 20240420 171200 0000

Сынып сағаты «Жаңа жылдың жарқырайды шамдары»
Сабақтың тақырыбы: Жаңа жылдың жарқырайды шамдары
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау

  2. Сөйлеу, ойлау, есте сақтау, тыңдау қабілеттерін арттыру

  3. Сыныптың ұйымшыл болып, бірігіп әрекет етуге тәрбиелеу

Сабақ барысы:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім. 
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Сабағымыздың жоспарларымен танысып өтсек:



  1. Жаңа жыл мерекесі туралы оқушылардың пікірлері (оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыру)

Абдуррахман: Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.

  1. Жаңа жыл мерекесінің тарихымен оқушыларды таныстыру

(осы ақпарат бойынша оқушыларға сұрақ қойып, есте сақтау және тыңдау қабілеттерін бақылау)
Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.


  1. Жаңа жыл сөзжұмбағы

(іздену арқылы жаңа ақпараттармен танысады.)

  1. Сергіту сәті

( денемізді шынықтырып, көңіл күйімізді көтеріп билейміз )

  1. Жақсылық тарату

(Шарды бір біріне беріп өздерінің есімдерінің бастапқы әріптерімен бір біріне келе жатқан жылға тілек айтып жылы лебіздерін білдіреді.)

  1. Кері байланыс

( Берілген стикерге сабақтың қалай өткенін немесе жаңа жылға тілек жазып шыршаға жабыстырады. )
Сабақты бекіту:
Жаңа жыл мерекесінің тарихы қандай ?
Қазақ халқы жаңа жылды қашан атап өтеді ?
Өткен жылда қандай жетістіктерге жеттіңіздер ?
Жаңа жылға құрған қандай жоспарларыңыз бар ?
Асыға күткен жаңа жылымыз жаңа бақыт әкелсін.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл болсын. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтуімізді тоқтатпайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет