Сабақтың тақырыбы: Жай және құрама сандар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/2
Дата21.02.2020
өлшемі475,75 Kb.
#58534
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Абубакирова Гульназ вКызылода облысы Казалы ауданы
Абубакирова Гульназ вКызылода облысы Казалы ауданы, Infor test 1, Коучинг сессия та ырыбы «Жады о ушыларды жас ерекешеліктері т

Ұзақ мерзімді

жоспардың тарауы:

5.1В Натурал санның бөлінгіштігі



Сынып:

Мектеп: Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Абубакирова Гульназ

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Жай және құрама сандар


Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары:

5.1.1.6 Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу.


Ойланудың деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы:

Натурал сандардың бөлгіштерінің саны бойынша жіктелуін біледі, жай және құрама сандарды анықтайды;



Оқушылардың басым бөлігі:

Жай сандар мен құрама сандарды есептер шығаруда қолдана алады;



Кейбір оқушылар:

Егіз сандар, кемел сандарға зерттеу жасайды және шығармашылық тапсырмаларын орындайды;



Бағалау критерийі

  • Натурал санның бөлгіштерін біледі;

  • Натурал санның бөлгіштерінің санын анықтайды;

  • Берілген сандар қатарынан жай және құрама сандарды ажыратады;

  • Натурал санның бөлгіштерінің саны бойынша жіктейді;

  • 1 санының жай да, құрама да болмайтынын біледі;

  • Егіз сандарды таниды және дәлелдейді

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар натурал санның бөлгіштерін айта алады, жай және құрама сандар анықтамасын тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Натурал санның бөлгіштері, жай сан, құрама сан, егіз жай сандар, кемел сандар, Эротосфен елегі;



Диалог/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Натурал сан жай деп аталады, егер ...

  • Натурал сан құрама сан деп аталады, егер ...

  • 1 саны жай немесе құрама сан бола ма?

  • Айырмасы 2-ге тең болатын екі жай санды егіз сандар деп атаймыз.

  • Натурал сандарды бөлгіштеріне қарай қандай топтарға бөлеміз?

Құндылықтарға баулу:

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»

АКТ қолдану дағдылары:

www.bilimland.kz сайтымен жұмыс жасайды, PowerPoint бағдарламасымен жасалған слайдтар

Пәнаралық байланыс:

Тарих пәні: математика тарихынан «Эротосфен елегі» туралы ақпарат беру


Алдыңғы білім

Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
1-2 мин

4-5 мин


Ұйымдастыру бөлімі:

1.Оқушыларды таратпа қағаздағы жасырын сандар арқылы 4 топқа бөлу: 3,5,7,13 сандарын таңдап алған оқушылардан кездейсоқ 4 топ құрылады:

І топ: 3 санының қасиеті

ІІ топ: 5 санының қасиеті

ІІІ топ: 7 санының қасиеті

ІV топ: 13 санының қасиеті турал өз ойларын жеткізеді;


2. Ширату жаттығуы:

Логикалық сұрақтар
1-тапсырма. «Миға шабуыл» топпен жұмыс.

І топ:

Кестеге 25, 23, 6, 13, 1, 28, 19 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:



Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштерінің саны

Қорытынды

25










19







6







13







1







28








ІІ топ:

Кестеге 35, 41, 26, 11, 1, 18, 29 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:



Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштерінің саны

Қорытынды

35










26







11







1







18







29








ІІІ топ:

Кестеге 45, 17, 16, 31, 1, 10, 43 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:



Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштерінің саны

Қорытынды

45










17







16







31







1







10







ІV топ:

Кестеге 12, 7, 4, 11, 33, 2, 1 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:



Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштерінің саны

Қорытынды

12










7







4







11







33







1








Кесте бойынша зерттеңдер:

  1. Натурал сандарды бөлгіштерінің саны бойынша қалай топтастыруға болады?

  2. Бөлгіштерінің саны біреу болатын қанша сан бар? Кестедегі мәліметтерден басқа 1 бөлгіші бар сан табыла ма?

  3. Бөлгіштер саны 2-ге тең сандарға назар аударыңдар, олар туралы қандай қорытынды жасауға болады? Тағы қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

Топқа бөлуге арналған таратпа қағаздар

Слайд №

1-үлестірме




Сабақтың ортасы

Оқушылардың 1-тапсырмадағы орындаған жұмыстарын мұғалімнің басқаруымен толықтыру жоспарланады.

1 мен 1000 сандары арасындағы жай сандар кестесі тақтада көрсетіліп (тақырыбы жазылмаған түрде), оқушыларға сұрақтар қойылады:


  • «Кесте бойынша не байқадыңдар?

  • Кесте қандай ереже, заңдылықпен құрылған?

  • Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады деп ойлайсыңдар?»

деген сұрақтар арқылы оқушыларға ой тастап, сабақ мақсатын өздері болжауға мүмкіндік беремін. Оқушылар сабақ мақсаты сандармен байланыстылығын ұғынады.
Мұғалім сабақ мақсатын хабарлайды, тақырып бойынша анықтама мен мысалдар www.bilimland.kz сайтының мүмкіндіктерін пайланып түсіндірледі.
2-тапсырма. Ұжымдық жұмыс

www.bilimland.kz сайтының тапсырмаларымен жұптық жұмыс жасайды, алғашқы жұмыс орындаған оқушы интерактивті тақтада тексереді.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет