Сабақтың тақырыбы: Жас ерекшелік психологиясына кіріспе. Сабақтың мақсаты



бет2/7
Дата20.06.2020
өлшемі27 Kb.
#74099
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00009b27-eef44cf7
00009b27-eef44cf7
I. Ұйымдастыру кезеңі.

-Екі жақты сәлемдесу.

-Түгендеу.

- Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.



ІІ кезең.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ кезең. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.

Кіріспе сөз:

Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.

Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар.

1.Дәрістің жоспарымен таныстыру:

а) Жас ерекшелік психологиясына кіріспе

б) Жас ерекшелік психологиясының пайда болуы

в) Жас ерекшелік психологиясының тармақтары

Жасерекшелік психологиясы- адам психикасының дамуы және оның жас тұрғысынан әр түрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.

Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жасерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.

Жасерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайықты мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын зерттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет