Сабақтың тақырыбы: «Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім!»



Дата08.06.2018
өлшемі41 Kb.
#41493
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Жеңіс  деген - бейбіт күнім, бүгінім!»

Мақсаты:  1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжалдылыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Ұлы жеңіске арналған слайд, видео, шарлар.    

Барысы:

Хор: «Бейбітшілік күні тілегі»

Көрініс: «Түлектер кеші.»

(Сахнада мектепті  бітіруші  түлектердің кеші көңіл көтеріп, бақытты жастар билейді, бір-бірімен әңгімелесіп, таңның атуын күтуде. Радиодан хабардың берілуі. Бұл олардың  соңғы бақытты түндері еді. (дауыс, видео)



1-жүргізуші:

Армысыздар, бүгінгі кешке  жиналған  қауым «Ұлы  жеңіс күні»  құтты болсын!

Жеңіс  деген-өтеуі жас ғұмырдың,

«Жеңіс  деген- бейбіт күнім, бүгінім» атты кешімізге  қош келдіңіздер!

 2-жүргізуші: 

 Отан ана жылағанда шер сеніп,


Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.

1-жүргізуші: 

Бұлт торлады аспанды,


Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.

2-жүргізуші: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

1-Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
2-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
1-Жүргізуші: Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

 2-жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)

1-жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-оқушы: «Майдангерлер»
2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев
3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров
5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
6-оқушы. «Болмасын соғыс»
7-оқушы: «Сен құрметте оны»

Ән: «Шығыстың қос жұлдызы»



2-жүргізуші: Айтшы бала, сонда сезіп пе ең?

                     Қара бұлттың төнгенін

                    Ұйытқи соққан дауылдан

                     Бақыт шамы сөнгенін

                   Сұрапыл соғыс көлдеткен

                  Сан мың адам қан төккен

                  Ана жесір , бала жас

                 Жетімдіктен көрді өктем!

(Сахнада ауыл көрінісі, видео)

Монолог:Ақ жаулықты аналар, жауды жеңген солдаттар мен қауышып өтіп жатады, көкесін таба алмаған қыз бала ортаға шығып майданнан  оралмаған  әкесімен қиялдап сөйлесіп монолог айтады.

Менің әкемді көрмедіңіздерме? Қызым, жылама әкең әлі-ақ оралады.



Қыз: Әке !

Тілдесші менімен, әкешім!

Әлде хат жазуға уақытың жоқ па? Хат неге жазбайсың, әке ? Тым болмаса аманмын деп бір хабарласшы, әке? Сағындым сені, әке? Сендер соғысқа кеткелі, ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздер де істеп жүрміз.«Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп ұрандаған бәр адам .«Жеңіс!» деген сөз бізге үлкен күш береді . Апамның да сені тағатсыз күтіп жүргенін ішіміз сезеді . Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шығарсыз, әке? Құттықтауыма болатын шығар, бәлкім.

 Сіздермен бірге кеткен ағалардан қара қағаздар келуде.Менімен оқитын Айжан деген қыз үн түнсіз жылаумен отырады. Бізбен көрші тұр Орынгүл әжені білесің ғой, әке? Соның төрт бірдей баласынан қара қағаз келді , Байғұстың көзі жастан бір құрғамайды.Біздер барып жұбатқан боламыз. Осы жауластық кімге керек болды екен, әке?

Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты. Фашисттер неге сонша соғысқа құмар болды екен? Сендер Отан үшін, біздер үшін,арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жирсіңдер ғой. Ал, олар, сұмырай фашистер не үшін совет заматын, әкесін баласынан , жарын күйеуінен айырады, әке? Аянып қалма, әке!... Мен   үшін, менің болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт, әке! Мен сені қатты сағындым! Тезірек аман - сау оралшы, әкешім!

(қыз, інісін құшақтап жай басып сахнадан шығып кетеді)


Би: «Катюша»
Ән: «Көгершін»
1-жүргізуші:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа

Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта

Жан-жағынан соққыдан жау қирайды,

Жеңіс туы қадалды Рейхстагқа

Сүйінші, халқым сүйінші!

Беліңді бекем буыншы

Жеңдік жауды күйрете

Жасалған той мереке!

Жасалған той мереке!

Көрініс: «Жеңіс күні»
2-жүргізуші:

Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін, 

Халқымыз қуанышты тегіс бүгін 

Жауды жаншып, Отанын азат еткен, 

Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
Ән: День Победы!
1- жүргізуші:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Би: «Смуглянка»


2- жүргізуші: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
Хор: «Бейбітшілік сақталады»

Би: Қазақша



       
Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет