Сабақтың тақырыбы: «Жемқорлыққа жол жоқ!»



Дата20.02.2023
өлшемі19,72 Kb.
#169389
түріСабақ
Байланысты:
жемқорлыққа жол жоқ
Дип.-«Трансформатор»-АҚ-ның-жаңартылған-механикалық-цехын-электр-энергиясымен-қамтамасыз-ету-есеп, Мәңгілік ел жастары қосымшасы

248 орта мектеп



Сабақтың тақырыбы:
«Жемқорлыққа жол жоқ!»


Сыныбы:8
Сынып жетекшісі: Б.Сералиев

2022-2023 оқу жылы


Тақырыбы: «Жемқорлыққа жол жоқ!»
Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау. Оқушыларды адалдыққа, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу


Түрі: сахналық көрініс
Қатысушылар:
Әкесі – Рамазан
Анасы – Ализа
Баласы – Әлішер
Сахнада ұлттық киім киген отағасы қамшы өріп және әйелі тоқыма тоқып, әңгімелесіп отырады. Осы мезетте қаладағы ұлы Жандос келеді.
Баласы: Ассалаумағалейкум, әке! (әкесімен амандасады)
Әкесі: Уағалейкумассалам! Амансың ба, балам?!
Баласы: Сәлеметсіз бе, анашым! (анасымен амандасады)


Анасы: Амансың ба, құлыным! Өзіңді сағынып қалдым ғой. Денсаулығың жақсы ма?!
(Бәрі орындарына жайғасады. )
Анасы: Сендер асықпай әңгімелеріңді айтыңдар, мен тамақ әзірлейін. (шығып кетеді)


Әкесі: Иә, балам! Әңгіме айта отыр қалада не жаңалық бар? Жеке кәсібіңнің жағдайы не болды?


Баласы: Әке, мен сізге бір үлкен шаруамен келдім. Егер сіз мені қолдасаңыз жақын арада мол табысқа кенелеміз. Менің қаладағы кәсібім өрге баспады. Енді ауылға келмекшімін. Осы ауылдағы сиыр фермасының қожайыны боламын.


Әкесі: Балам-ау, ол ферманың қожайыны бар емес пе?! Қалада жүрген сен қалайша оған қожайын болмақшысың?


Баласы: Ой, әке,әңгіме ақшада ғой. Қалтаң қалың болса бар мәселені шешуге болады. Менің жоғарғы жақта жұмыс жасайтын досым бар, сол досым көмектеспекші. Егер мен бір аптаның ішінде мына ақшаны тауып берсем, сиыр фермасы менікі болады. Ол үшін сіздің көмегіңіз қажет болып тұр. (баласы қолындағы қағазды әкесіне береді)


(Әкесі ойланып отырып қалады): Балам, бұл өте көп ақша ғой! Сонда бұл шаруа қалай болмақшы?


Баласы: Ешқандай қиындығы жоқ әке, мен осы ақшаны досыма апарып берсем, ол бәрін өзінің адамдары арқылы реттейді. Сиыр фермасының қазіргі қожайыны Сабиттің есеп-қисабынан қателік тауып, оны заң орындарына тапсырады. Оның бәрін Сабиттің еспшісімен келісіп, қатырып қойдық. Сосын Сабит сиыр фермасы түгілі өз басын арашалай алмай қалады. Сонда сиыр фермасының жаңа қожайыны мына балаңыз болып, мол пайдаға кенелеміз.


(Әкесі қатты ашуланып, орнынан тұрып кетеді):
- Тоқтат, жетер! Мына сөздерді туған баламнан естігенше мына құлағым неге керең болып қалмады?! Бұл сөздерді мына сен менен туған сен айтып отырсың ба?! Енді менің сөзіме құлақ сал!
(Әкесі орнына отырады)
- Балам, тіпті сенің мына сөздеріңнен кейін сені балам деп айтуға да жиреніп отырмын! Біреуге ор қазба, өзің түсерсің дегенді кішкентайыңнан санаңа құймап па едім. Сені өсіріп-өндіріп, тәрбиелеп, жоғары білім алғанда осылай біреудің ала жібін аттасын дедім бе?! Сендер фермасын заңсыз жолмен тартып алмақшы болып отырған Сабит ол ферманы құру күн-түн демей бел шешпестен еңбек етті, бүгінгідей табысқа жету жолында бар білімін, маңдай терін төкті. Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрместен тынымсыз еңбек етті.Сендер секілді қалада ойын-сауық құрып, жеңіл ақша табумен айналыспады. Енді келіп біреудің еңбегін арам жолмен иеленбекшісіңдер. Бұл істеріңді дәл қазір тоқтатпасаңдар сені де, әлгі доссымағыңды да өз қолыммен заң орындарына алып барамын.
Міне, тыңда елімізде осындай сыбайлас-жемқорлықпен қалай күресіп жатырғанын. (әкесі қолындағы газетті оқып): Елімізде 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны баршаға мәлім. Осы заң бойынша жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Президенттің назарында. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - екенін алға қойды.
Елбасымыз айтқандай Қазақстандық баспасөз өкілдерімен кездескен кезде былай деген болатын: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бар. Біз оны бір секунд та тоқтата алмаймыз. Керісінше, біз күштірек күресеміз. Ал, егер біреу пара алып жүрсе, демек біреу беріп жүр деген сөз. Сондықтан, бұл жалпыхалыққа ортақ іс. Біз бұқаралық ақпарат құралдарында бұл жайында хабарлауымыз керек. Пара бермеуіміз керек, сонда оны алмайтын болады», – деді президент.


(Осы сәтте баласы әкесінің алдына жығылып, кешірім сұрайды)
- Әкетай, кешіре гөр ақымақ балаңды! Қателескенімді енді ұқтым. Доспын деп жүрген алаяқтардың сөзіне алданып, көп ақшаға құмартып, тура жолдан тайыппын. Адал еңбек етіп, отбасын асырап, еліне қызмет етіп жүрген Сабит сияқты адал азаматтың жолын кеспекші болдым. Осы пасық іс-әрекеттерім үшін енді қатты өкініп отырмын.


Әкесі: Жарайды , балам! Ештен кеш жақсы деген, арам ақшаның абырой әпермейтінін кеш те болса түсінгеніңе шүкір!
(Осы сәтте бауырсақ, айран алып анасы кіреді. Барлығы бауырсақ жеп, айран ішеді)


Баласы: Қандай дәмді бауырсақ, айран да бал татиды екен!


Анасы: Әрине, балам, маңдай теріңді төгіп, еңбекпен табылған нан қашанда дәмді болмақ. Бұл бауырсақты пісірген ұнды әкеңнің өзі дайындаған болатын. Көктемде егіске бидай егіп, жаздай күтіп-баптап, егістен күзде мол өнім алдық. Бидайды диірменге тартып, ұн дайындадық. Сол ұннан піскен бауырсақ қалай дәмді болмасын. Айранды да өзіміздің ала сиырдың сүтінен дайындадым. Іше ғой балам, тағы да құйып берейін.


Әкесі: Жеті атамыздан бері қарай осы өңірді жайлап, егін егіп, мал бағып, адал еңбегімізбен табыс тапқан жанбыз. Сен де ендігі жерде қаладағы оңай ақша табамын деген жүрісіңді қойып елге орал. Осы шаңыраққа ие бол! Ата кәсібімізді жалғастыр. (Қолындағы қамшысын баласына ұстатады)


Баласы: Маған сенім білдіргеніңізге рахмет, әке! Әке сенімізді ақтаймын деп уәде беремін! Алдағы уақытта ата жолымен жүріп, еліме адал қызмет етемін!


Әкесі: Бәрекелді, балам! Әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсатты нәтижелерге жету өз мүмкіншілігіңмен жетуге жұмыстан! Ісің алға бассын, бата берейін: (қолдарын жаяды)
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.
Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.
Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет