Сабақтың тақырыбы: Жиб-Жица күресі Сабақтың мақсаты



Дата29.11.2016
өлшемі30,78 Kb.
#2779
түріСабақ
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы

8 жалпы орта білім беретін мектептің



бастауыш сынып мұғалімі

Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы
Пәні:Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:Жиб-Жица күресі

Сабақтың мақсаты:

1.Автор таралы түсінік беру. Қажымұқан Мұнайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру.

2.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін , тіл байлығын дамыту.

3.Алып күш иесін құрметтеуге және спортты сүюге баулу. Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, өзара сыйлауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі:дамытпалы сабақ.

Сабақтың формасы:топтық.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.



ІІ.Қызығушылығын ояту.

Тақтадан ережесіз күрес, жапон күресі суретерін көрсетемін.

-Бұл қандай күрес түрі деп ойлайсыздар?

Жапонның Жиб-жица күресіне ұқсас қазір «Ережесіз күрес» деген спорт түрі бар. Бұл күреске шыққандар аяққа-қолын бірдей жұмсап күреседі. Бір-бірінің денесіне зақым келтірседе жазаланбайды.



Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

Қалқаман Әбдіқадыров-ақын, жазушы. «Қажымұқан» деген кітабы бар.



ІІІ. «Дөңгелек үстел» әдісі

1 топқа. Қажымұқан туралы не білеміз?

Бұл сұраққа «Дөңгелек үстел» әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы Қажымұқан туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгендерін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамай керек.



2 топқа. Тірек сөздермен жұмыс. Тірек сөздер:Қажымұқан, палуан,күрес. Осы сөздерді қатыстыра отырып , топтағы балалар шағын әңгіме құрастырады.

3 топқа: Қажымұқанға мінездеме беру.

ІҮ.Мағынаны тану.

1) «Жигсо-1» әдісімен оқыту. Мәтінді алдын ала үшке бөлемін. Әр топтағы балаларды 1,2,3 ретімен негізгі топтарды экспорт топтарға бөлемін. 1-лер бір топқа, 2-лер 1 топқа, 3-тер бір топқа ауысып отырады. Мәтінді ретімен үш топқа бөліп беремін.

2)Экспорт топтағы балалар берілген мәтін бөлімін өз беттерінше оқиды. Сонан соң түсінгендерін топқа бір-біріне баяндап мазмұнын талдайды.

3)Экспорт топтағы балалар негізгі топтарына қайта оралады. Негізгі топтан әр оқушы оқыған мәтінін бөлімін ретімен баяндап, өз бөлімі бойынша жанындағыларға түсіндіреді. Осылайша мәтіннің толық мазмұны негізгі топта мазмұндалып түсіндіріледі.



Ү. «Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Мысалы, мәтіннің 1-бөлімі бойынша бір топтан, 2-бөлімі бойынша келесі топтан шығады. Олар мазмұнын баяндайды. Осы әдіс бойынша мәтін мазмұнымен барлық сынып оқушылары танысады.

ҮІ.Толғаныс. «Бес жолды өлең» әдісі

Нұсқаулық:

1.Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.

2.Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.

3.Іс-әрекетті көрсететін үш сөз.

4.Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.

5.Соңғы сөз синоним болуы керек.



ҮІІ.Сен білесің бе?

Қажымұқан Мұнайтпасов туралы бейнебаян көру.

Мұқанның анасы Кәбира ол өмірге келгенде қайтыс болады да,оны әжесі Айсары 16 жасқа дейін өзі өсіреді. Берлинде жуан сым темірді мойнына галстук, беліне белбеу етіп байласа, Парижде өзі сахнаға мініп шыққан түйесін мойнына көтерген, 75 пұт жүк салынған арбаны тісімен сүйреп сахнаға шығарса, кеудесіне 20 пұт, яғни 320 кг тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен ұрғызып уақ таттырған. «Ғажап көпір» деген номер болған. Палуан көріп жасап тұрып үстіне жүк машинасын өткізген екен. 15 жасынан бастап 70 жасқа дейін күресімен әлемнің 59 еліне барып өнер көрсеткен.



ҮІІ.Үйге тапсырма беру.

Еркін жазу (эссе) «Жиб-жица күресі» әңгімесін оқығаннан кейін қалыптасқан Қажымұқан туралы пікірлерін өз сөздерімен еркін жазу.



ҮІІІ.Оқушыларды бағалау, мақақтау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет