Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



бет5/9
Дата05.11.2016
өлшемі1,59 Mb.
#1048
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 21. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету;

  • Қазақстан аумағындағы көтерілістерге және Қазақ хандығы мен Кенесары билігіне салыстырмалы талдау жасау, қорытынды шығару, өз көзқарасын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру;

  • Отан тарихына құрметпен, мақтанышпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Елек өзені аумағындағы жерлерді алу қай жылы басталды?

  • Орск және Троицк қамалдары арасында шеп тұрғызу үрдісі қалай жүрді?

  • ХІХ ғ. 20-30 ж. көтерілістердің жеңілу себептері мен тарихи маңызы неде?

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Көтерілістің мақсаты, себептері мен қозғаушы күштері

  2. К.Қасымұлы. Қазақ хандығын қалпына кельіру.

  3. Ханның басқару, экономика, сауда салаларындағы өзгерістері. Қарулы әскер құру.

  4. Патша үкіметінің жазалау шаралары. Долгов пен Герннің Кенесары хан ордасына елшілігі.

  5. Кенесарының Ұлы жүз аумағына шегінуі және көтерілісшілердің қырғыз жеріндегі іс-әрекеттері

  6. Көтерілістің жеңілу себептері мен таризи маңызы.

Сабаққа байланысты қосымша әдебиеттер өте көп, сондықтан бұл сабақты дөңгелек үстел сипатында, көтеріліс тарихы жөніндегі мәтін мен қазіргі зерттеу еңбектерін пайдалана отырып, дискуссия өткізген жөн. Кенесары көтеріліс жөнінде белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың «Кенесары хан көтеріліс» деген еңбегінде толық жазылған.

№1 тапсырма:Оқулықтағы мәтін мен Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы материалды оқып шығып, Кенесары басқару, шаруашылықты дамыту, сауда салаларында қандай өзгерістер енгізгенін анықтаңдар.

№2 тапсырма:- Кенесарының талантты қолбасшы, шебер дипломант болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.

IV.Сабақты бекіту:И.Тайманұлы мен С.Датұлы бастаған көтеріліс тарихын еске түсіріп, оларды К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыспен салыстырыңдар.



С.Датұлы бастаған көтеріліс

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

К.қасымұлы бастаған көтеріліс

Жылдары







Аумағы







Көтерліс себептері







Негізгі оқиғалары







Жеңілу себептері







Маңызы






Бағалау:


Үйге тапсырма: Көтерілістің жеңілу себептері мен маңызы туралы әңгімелеп беріңдер.

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 22. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлы жүздің Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;

  • Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жеьілдіру;

  • Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер:

Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісі, салдары мен маңызы, империя құрамындағы қазақ халқының саяси және әлеуметтік мәртебесі, орыс-қоқан қайшылығы, Ресей бодандығы.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: үй тапсырмасының орындалуын тексеру және оқушылардың шығармашылық еңбегіне баға беру.

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:



  1. Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауының себептері.

  2. Жетісу мен Оңтүстік қазақтарының Ресей бодандығын қабылдай бастауы.

  3. Орыс-қоқан қайшылығының шиеленісуі және Қоқанға қарсы соғыс қимылдарының басталуы.

  4. Сырдария әскери шебінің құрылуы және Ресейдің Орта Азия мемлекеттері аумағындағы әскери қимылдарын жалғастыру.

  5. Ресей империясының Қазақстанды отарлық басып алуының салдары.

ХІХ ғ. 50-60 ж. Ресей империясынының әскері Орынбор және Омбы арқылы Ұлы жүз жеріне кіре бастады. Сырдария әскери шебі, Жетісу әскери шебі қрылды. Орта Азия мемлекеттері-Хиуаны, Қоқанды, Бұхараны бағындыруға арналған плацдарм құрылды. Ресец бодандығын қабылдаудың себептеі туралы әңгімені оқушылардың XVIII ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайының ерекшеліктерімен, қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауының себептерімен таныстырудан бастау керек:

Кіші және Орта жүз аумақтарының бір бөлігі XVIII ғ. аяғы мен ХІХ ғ. бас кезінде Ресей құрамына кірді немесе соның ықпалында болды;

Қазақ жерінің бір бөлігі Орта Азия хандықтарына бағынды.

IV.Сабақты бекіту:

«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы».

Жылдары

Оқиғалар

Маңызы мен салдары










Бағалау:


Үйге тапсырма:

Ресей бодандығын қабылдаудың себептері мен алғышарттары.

Қазақстанға үлкен қызығушылық танытқан мемлекеттерді атаңдар. Олардың қызығу себептерін түсіндіріңдер.

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері

Сабақтың мақсаты:


  • Орта Азия мемлекеттер билігінде жүрген қазақтардың жағдайы туралы әңгімелеп, көтерілістердің тарихына, жеңілуінің себептері мен маңызына тоқталу;

  • Оқуышлардың еске сақтау және шығармашылық қабілетін дамыту;

  • Өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІХ ғасырдың 1-жартысында Қазақстанға ерекше назар аударған мемлекеттерді атаңдар. Олардың нащар аудару себептеріне тоқталыңдар.

  • ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақстардың Ресейцге қосылу үрдісі аяқталды. Сендердің ойларыңша қазақтар не себепті өз еркімен Ресейге қосылды? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.

Сонан соң оқушылардың жауабына сүйене отырып, төмендегі кестені толтыру керек:

«Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы мен салдары»



Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары







ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

Сырдария бойындағы қазақтардың Орта Азия мемлекеттеріне қарсы шығу себептері. Жанқожа батырдың Қоқан және Хиуаға қарсы іс-қимылдары

Сырдария бойындағы қазақтардың патша үкіметіне қарсы баскөтерулерінің себептері. Жанқожа батырдың 1856-1857 ж. баскөтеруі. Есет батыр бастаған көтеріліс.

Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілісінің жеңілу себептері, салдары және тарихи маңызы.

Алдымен оқушыларға сұрақтар қою арқылы ХІХ ғарысдың 2-жартысындағы Қазақстанның саяси жағдайын олардың есіне түсіру, сонан соң олардың жауаптарына сүйеніп, Ресей тарапынан қазақтар үшін әртүрлі міндеттер мен салықтар көбейе бастағаны; бір жағынан Хиуа билеушілері өзінің ықпалын күшейту үшін түрлі шапқыншылықтарды ұйымдастырып, малдары мен дүние-мүліктерін тонағаны және Ресей тарапынан қазақстардың суармалы егіншілік жақсы дамыған қоныстарын тартып алып, орнына бекіністер салуы қазақтардың патша үкіметі мен Орта Азия мемлекеттеріне бірдей қарсы шығуының негізгі себебі болғанын айту. Ол үшін мынадай пунктер бойынша сұрақтар беріледі: оқушыларға өздігінен оқуы үшін «Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер»

1-топқа тапсырма:

«Ж.Нұрмұхамедұлының Орта Азия мемлекеттеріне қарсы көтерілісі» жәек «Ж.Нұрмұхамедұлының Ресей үкіметіне қарсы көтерілісі» деген тақырыпшаларды оқып, кестені толтырыңдар

Жылдары

Аумағы

Көтеріліс себептері

Әлеуметтік құрамы

Негізгі шайқастар

Жеңілу себептері

Салдары мен маңызы





















2-топқа тапсырма:

«Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс» деген тақырыпшаны оқып, төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындаңдар:

Өмір сүрген жылдары

Мінезіндегі қасиеттер

Көтерілістегі негізгі оқиғалардың хронологиясы

Жеңілу себептері

3-топқа тапсырма:

Деректермен жұмыс істеу. Құжаттарды оқып шыққаннан кейін Л.Мейер мен Ф. А.Г. фон Хелльвальдтың еңбектеріне сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап дайындаңдар.

Көтеріліс басшыларының өмірі туралы сендер не білесіңдер?

Олардың мінездерінде қандай қасиеттер бар?

Көтерілістің жеңілу себептерін атаңдар.

Бұл көтерілістің тврихи маңыздылығы неді?

4-топқа тапсырма: «Оқиғалар мен адамдар»

Олар кімдер?...

Жанқожа Нұрмұхамедұлы

М. Тынышбаев

Л.Мейер

Есет Көтібарұлы



«не, қайда, қашан?» Тиісті жауаптарын белгілеңдер.

Салынған немесе басып алынған қалалар мен бекіністер:

Қоқан хандығы Хиуа хандығы

Ташкент -1808 ж. Түркістан-1814 ж.

Құртөбе-1835 ж. Ақмешіт-1818 ж.

Қожанияз, Жаңақала -1835 ж. Бабажан

Бесқала Жаңақорған, Қосқорған

IV.Сабақты бекіту:

Параграф соңында берілген сұрақтармен жұмыс істеу.
Бағалау:

Үйге тапсырма:

Көтеріліс тарихын оқытуға арналған №1 кестені толтырыңдар.

8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: /3 сағат/

§ 24. Қазақстардың дәстүрлі шаруашылығы

§ 25. Қазақ халқының ұлттық мерекелері мен ойындары және спорттық жарыстары

§ 26. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.



Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесімен, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қоғам өміріндегі маңызын ашу;

  • Анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу машықтарын жетлдіру, қосымша деректерді пайдалана білуге үйрету;

  • Халықтың сал-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына құрметпен қарап, мақтаныш етуге және еңбекқорлывққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсніктер: қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, халық мәдениетінің ерекшеліктері, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің маңызы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:



  1. Қазақтардың дәстүрлі шұаруашылығы:

  2. Қазақ ауылы. Қазақтардың үйлері;

  3. Мал өсіру мен егіншілік кәсібінің дамуы;

  4. Халықтық мал дәрігерлігі;

  5. Аңшылық пен балық аулау.

  6. Ұлттық мерекелер мен ойындар

  7. Мерекелер мен ойындар:

  8. Халық емшілері.

  9. Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері:

  10. Әдет-ғұрып пен дәстүрлердің қазақ халқы өміріндегі рөлі.

Сабақ оқушылардың білімін тереңдету және бұрын алған білімдерін қолдана білуге үйрету мақсатымен практикалық жұмыс түрінде өткізіледі.

ТАҚЫРЫП: «Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы»

№1 тапсырма:

7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы курсы материалдарына сүйене отырып:

Қазақ ауылдарын басқару ерекшеліктерін бейнелейтін сызба жасаңдар.


  1. Қазақстарда тұрғын үйдің қандай түрі болды?

№2 тапсырма:

  1. Киіз үй құрылысының сызбасын жасаңдар. Үйдің негізгі бөліктері қалай аталады?

  2. Киіз үйдің қазақ өміріндегі маңызы жөнінде не айта аласыңдар?

  3. Үйдің құрылымына, әр түрлі ою-өрнектерге, үй жабдытарына қарап, кәсіпшіліктің қандай түрлерінің дамығанын айтуға болады?

№3 тапсырма:

Кестені толтырыңдар.



Қазақтар қандай мал өсірді?

Малдан алынатын ұлттық тағамдар

1.

2.

3.



4.

5.


1.

2.

3.



4.

5.

№ 4 тапсырма:

Кестені толтырыңдар.



Қазақстанның қай аймақтарында жер шаруашылығы дамыған?

Қазақстар астық тұқымдастарының қандай түрлерін өсірді?

Жер өңдеуге арналған құрал-саймандар

Астақтан дайындалатын ұлттық тағамдар













№ 5 тапсырма:

  1. Халық мал дәрігерлігі жөнінде сендер не білесіңдер?

  2. Қазіргі күндері үй жануарларын кім және қалай емдейді?

  3. Пал, жұт дегеніміз не? Оның салдары мен маңызын түсіндіріңдер.

ТАҚЫРЫП: «Ұлттық мерекелер мен ойындар»

№ 6 тапсырма:



  1. Қандай ұлттық мерекелер мен ойындарды білесіңдер? Олардың пайда болу тарихы мен маңызын әңгімелеңдер.

  2. Халық емшілері деген кімдер? Қазіргі кезде мемлекет адамдардың денсаулығына арнап қаражат бөледі, емханалар мен басқа да сауықтыру орындарын салады, соған қарамастан, адамдар халық емшілеріне барады. Сендер осыған қалай қарайсыңдар? Неліктен адамдар халық емшілеріне сенеді?

ТАҚЫРЫП: «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері»

Қазақ өмірінде әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлердің өз рөлі бар екенін ежелгі заманнан М.Қашқари, Ш.Уалиханов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, т.б. жазған. Аса үлкен аумақта тұрып жатқан халық үшін бұл салт-дәстүрлер бір-бірін түсінісуге көмектеседі, бірлікке шақырады, олардың тәрбиелік мәні зор.

«Қазақ халқының әдіт-ғұрпы мен салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша сөздікпен жұмыс:


  • Азан-таңертеңгілік намазға шақыру

  • Азан шақырып ат қою-жаңа туған балаға ат қою

  • Айға бата беру-жаңа ай туғанда айтылатын ырым

  • Ауыз тию-ұсынылған астан дәм тату.

  • Базарлық- алыс сапардан, тойдан келгенде әкелетін сый

  • Байғазы-сыйлық, көрімдік

  • Бауырына салу-бала қылып алғанды айтады

  • Ерулік-жаңа көшіп келген көршіні қонақ ету

  • Жеті ата-шежіренің бастауы

  • Киіт-құдаға берілетін сыйлық

  • Кіндік шеше-жаңа туған баланың кіндігін кескен кісі

  • Қалаңмал-қалыңдық үшін берілетін төлем

№7 тапсырма:

  1. Сендердің отбасыларыңда қолданылатын салт-дәстүрлер мен ырымдарды айтып беріңдер?

  2. Бүгінгі күнде қазақ халқында қандай салт-дәстүрлер сақталған? Олардың маңызы неде?

  3. Салт-дәстүрлер мен ырымдарға байланысты иақал-мәтелдерді айтыңдар.

  4. «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды», «Сананы салт туғызады» деген мақалдардың мәні неде?

IV.Осы сұрақтарды қорытындылай келе үйге тапсырма беріледі.
Бағалау:

Үйге тапсырма:



  1. ХІХ ғ. аяғына қарай мал шаруашылығында қандай өзгерістер болды?

  2. ХІХ ғ. аяғында қазақтар неліктен отырықшылық салтқа көше бастады?

  3. Қазақстар арасында аңшылық пен мал шаруашылығының маңызы туралы не айта аласыңдар?

  4. Қазақ өмірінде батаның маңызы қандай?



8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 27. Семей ішкі округының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Ішкі округтың құрылу себептерін ашу, Ертістің оң жағалауына өткен қазақтардың тұрмыс ерекшеліктеріне, ішкі округтердің басқару құрылымына тоқталу;

  • Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, салысмтыруды, талдауды, үйрету, логикалық ойлау, есте сақтау қабылетін жетілдіру;

  • Жауапкершілікке, алдыға мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: Семей ішкі округын ашу тарихы, округтық приказдың басқару жүйесі, оның рөлі мен маңызы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../

  • Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ.Жаңа сабақты оқытудың жоспары:



  1. Семей ішкі округын құрудың себептері.

  2. Округтық приказдың құрамы және сайлау тәртібі.

  3. Сот билігі. Міндеткерлігі.

  4. Семей ішкі округын құрудың тарихи маңызы.

Ертістің оң жағына өткен қазақтардың жағдайын айтқанда, алдымен олардың Томск губерниясы шаруаларымен және Сібір казактарымен жиі қақтығысып қалып отырғандары, оларды ішкі жаққа өткізбеуі туралы әңгімелеу. Бұл кезде патша әкімшілігі қазақтар арасында өз жағдайын нығайту үшін осындай шаралар жүргізді. Картаны пайдалана отырып, Семей ішкі округінің құрылу тарихына және оның ерекшелігіне жан-жақты тоқталу.

Семей ішкі округы

1854 жылғы 9 мамырда «семей облысын басқару туралы Ереже» шықты.

Аумағы-Омбы бекінісінен Өскеменге дейін созылған, ұзындығы 800 шақырым, ені 300-400 шақырым. Жаңа округ Томск губерниясы аумағында құрылып, Семей облысының құрамына енді.

Қазақтардың ішкі округке өту тәртібі: үкіметке ешқандай салық төлеген жоқ, өздерінің жеке басқару құрылымы болмады,далада тұратын басқа қазақтармен араласуға тыйым салынды, шекара шебінен өткен жағдайда ремонт салығын төледі.

Округтік приказдың құррылуы. Бұл тақырыпты түсіндіргенде округтік приказды басқару құрылымының ерешеліктерін бейнелейтін сызба пайдаланылады:
Округтік приказды басқару құрылымы:

Округтік приказдың құрамы

Әкімшілік бөлініс және басқарушыларды сайлау тәртібі

Сот билігі және міндеткерліктер

Әскери бастық

Аға сұлтан

Үш орыс және бір қазақ заседатель


Округ-болыс-ауыл.

Басқару таза әскери сипатта болды.



Дәстүрлі билер соты.Ресей заңдары негізінде ( билер қызметі округтік приказда бекітілді).

Жасақ төлеу,15 сом күміс ақшамен үстеме және жол салу, келген шенеуніктерді киіз үй, отынмен қамтамасыз ету міндеттері.




1868жылы Семей ішкі округіы жойылып, оның аумағы Семей облысы Павлодар және Өскемен уездеріне қосылды. Тематикалық кестелер оқушылардың тарихи үрдістердің логикасын түсінуге көмектеседі. Осы кезеңде болған оқиғалар жөнінде айтқанда оқушылардың білімін бақылау үшін картаны пайлану керек.


IV. Сабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмаларды пайдаланғанда олардың сипатына мән беру керек( проблемалық, дамытушылық, логикалық). Сұрақтар мен тапсырмалар оқушыларға жүйелі дайындықтың қажеттілігін арттыруға көмектеседі.

Семей ішкі округын құру үшін қажет болды?

Бұл басқару құрылымының сыртқы округтерден қандай айырмашылығы бар?

Жаңа округте сот билігі қалай жүргізілді?

Үйге тапсырма:

192-беттегі 1,3,5,7,8 сұрақтарға жауап беріңдер.

Оқулықтағы материалдарды пайдалана отырып, кестені толтырыңдар.




Округтер

Округтің құрылған уақыты

Басқару жүйесі

Болыстар мен ауыл старшиндары неше жылға сайланды?

Заседательдердің ара салмағы қандай болды? (Орыстар мен қазақтар) алынған алым мөлшері




Сыртқылыра
















Семей ішкі округі

















Каталог: uploads -> doc -> 131d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
131d -> Сабақ жоспары Күні : қазан 2016 ж
131d -> «Болашақ»мектеп- гимназиясының көшбасшысы Байжарқынова Шарипаның 2015-2016 оқу жылының І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстарының есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет