Сабақтың тақырыбы: Көлеңке театрын қалай жасайды?



Дата06.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#80252
түріСабақ
Байланысты:
кмж муратбаева А.
қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, жаратлс шғару




Пән: жаратылыстану

Күні:

Мұғалім: Муратбаева А.М.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 – бөлім. «Су – тіршілік көзі»

Сабақтың тақырыбы:

Көлеңке театрын қалай жасайды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру
3.1.2.3 эксперементті жоспарлау және жүргізу

Сабақтың мақсаттары

  • Көленкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін білу

  • Көлеңенің пайда болуына мысалдар келтіру, түсіндіру

  • Өздерінің ойын далелдейді

Бағалау критерийлері

  • Көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіреді.

  • Көлеңке театрын жасайды.

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология:
Көлеңке театры.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Көлеңке театрын қалай жасайды?
Көлеңке қалай пайда болады?
Неліктен клеңке қара болады?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, әдебиеттік оқу

Бастапқы білім:

Көлеңке қалай пайда болады?

Сабақ барысы

Жоспарлан
ған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут


Сабақтың ортасы
35 минут



Ширату тапсырмасы.
«Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық,шабыт,зерігу,сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау)
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
«Кезектескен интервью» әдісі.
(Әр топқа өткен сабақтардан сұрақтар беріледі. Микрафон қолдану.
Автор орындығы әдісі.
Үй тапсырмасын орындаған кез-келген оқушы. Орындыққа жайғасып, барлық сыныпқа үй тапсырмасын қалай орындағанын түсіндіріп береді.
_Қ.Б: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
«Зерттеушілік жоба» әдісі.
Топтық жұмыс. Оқушыларға сұрақ: Көлеңке пішіні заттың пішініне байланысты ма? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін зерттеу жасайық.
Ең алдымен зерттеу жоспарын құрып алайық.
Зерттеу жоспары
1.Фигуралар қиып ал.
2.Таяқшаға екіт.
3,Қолшамммен жарық түсір.
4.Жарық түскен дене мен оның көлеңкесінің пішінін анықта. Бір дененің түрлі көлеңкесі болуы мүмкін бе?
5.Қорытынды жаса.
Ынталандыру: Керемет! Өте жақсы қорытынды жасадыңыздар.
«Хайуанаттар бағы» Қолмен театр кейіпкерлерін жасап көру. Әр топ қолдарымен бейне жасырады.
-Түрлі бейнелердің көлеңкесін түсіріп көріңіздер
-Көлеңке қашан айқын көрінетінін айқындаңыздар.

Дескриптор:
көлеңке театрын жасайды
Көленкенің пайда болуын түсіндіреді.
Ынталандыру:Керемет! Көленкенің театрын жасай алдыңыздар.


«Қызықты мәлемет»
Көлеңке театрын ежелгі адамдар ойлап тапқан. Олар аңнан қайтып, от басына жиналғанда өз қимылдарынан түрлі бейнелеуді байқаған. Көлеңке театры Қытай мен Үндістанда кеңінен танымал болған.
Сіздердің назарларыңызға көлеңке театрының қалай жасауға болатынын көрсететін видеоны ұсынғым келеді.


Қ.Б:тапсырмасы (ТЖ) «Сәйкестендіру» ойыны.
Бұл ойында жануарлар және ойыншықтар сонымен қатар спорт түрлерінің көлеңкелері берілген, оқушылар осыны қарай отырып сәйкестендірулері керек.
1 топқа Жануарлар
2топқа Ойыншықтар
3 топқа Спорт түрлері

Дескриптор:

  • Суреттерге қарай отырып денелерді көлеңкелерімен сәйкестендіреді.

Топаралық бағалау «Сен маған, мен саған»





Белсенді оқу тапсырмасы




Қарқын бойынша саралау
«Топтастыр, ажырат, тұжырымда» ойыны Суретті мұқият қара суреттің ортасында күн тұр, күннің жарық көзі екенін сен білесің.
Заттарды қандай екі топқа бөлуге болады? Айналасындағы заттарға қарап қай зат көлеңке түсіреді белгіле?
Бұл белгілеген заттарға не ортақ, қандай түйін шығаруға болады?
Қандай денелер көлеңке түсіреді?
Көлеңке пайда болу үшін не қажет?


Түйін
Жарық жолында мөлдір емес материалдан жасалған зат кездессе, оны тесіп те, айналып та өте алмацды. Сондықтан мұндай заттың артында қара немемсе сұр даұ пайда болады. Осы дақты көлеңке дейді.

Дескриптор:

  • Көлеңке түсіретін денелерді белгілейді.

  • Көлеңке пайда болуының себептері мен ерекшелігін түсіндіреді.

Ынталандыру: Жарайсыңдар! Көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін өте жақсы түсіндірдіңдер.




Сабақтың соңы
1 минут

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«Ұстазға хат» кері байланыс.


Рефлексия

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.



1 минут

Үйге тапсырма: 56-57 бет оқу

күнделік

Дифференциация – топпен жұмыс жүргізу, жұптық жұмыста өз ойларын жеткізу дағдыларын жетілдіру

Бағалау: көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіреді.
көлеңкенің не екенін біледі.
көлеңке театрын жасауды біледі.



«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қамтиды. Орта білім берудің құндылықтары: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет