Сабақтың тақырыбы. Көміртек және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты



бет4/5
Дата21.01.2022
өлшемі30,16 Kb.
#112805
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
00076ef5-f84aa113

CO2 көміртек (ІV) оксиді –түссіз, иіссіз, ауадан ауыр, жануды қолдамайтын,

жануарлар мен адамдардың тыныс алуы нәтижесінде бөлінетін газ. Ауадан

ауыр болғандықтан жертөлелерде, шұңқырларда, шахталарда, құдықтарда

жиналып қалады. Сол жерлерде жүргенде сақтану ережелері қолданады.

Ауадағы мөлшері -0.03%. Жоғары қысымда сұйылады, ал өте төменгі

температурада қар сияқты массаға айналады. Оны «құрғақ мұз» деп атап,

тоңазытқыш қондырғыларында қолданылады.

СО2 – қышқылдық оксид.

1. Негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді:

СО2 + CaO = CaCO3



  1. Негізбен әрекеттесіп тұз бен су түзеді:

2CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3↓ + H2O

  1. Cумен әрекеттескенде көмір қышқылы түзіледі.

CO2 + H2O = H2CO3

Кальций гидроксиді, ізбес суы, әк сүті көмірқышқыл газына сапалық реакция жасайтын реагент болады.

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет