6.3.1.4 координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу және координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салады, координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табады;
Көпшілік оқушылар үшін: Ұштарының координаталары арқылы кесінділерді салады, олардың қиылысу нүктесінің, координаталарын табады. Координаталары берілген нүктенің координатасына қарама-қарсы сандар болатын нүктені салады.
Кейбір оқушылар үшін: Өмірден алынған жағдаятты шешуде координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салу, координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу дағдыларын қолданады.
Бағалау критерилері:
Координаталар жүйесінде нүктені оның координаталары бойынша салады.
Координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табады.