Сабақтың тақырыбы Көшпенділердің уақыт пен өлшемді анықтау белгілері



бет4/5
Дата23.12.2023
өлшемі111,1 Kb.
#198829
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
7-сынып ҚТ. ҚМЖ

Дескриптор:
- өз ойларын білдіреді.
- сабақтан алған мәліметтерін жазады
- орфографиялық нормаға сай жазады

Үй жұмысын мұқият түсініп алады.


«Артық болмас білгенің» айдарында берілген қазақы өлшемдерді пайдаланып, шағын мәтін жазыңдар




















Қас пен көздің арасы – халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаны білдіреді.
Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) – жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7 - 1 сек аралығы.
Сүт пісірім – халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут
Бие сауымдай уақыт – биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл.
Таң сәрі – Шолпан жұлдызының туған мезгілі.
Бозала таң – күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы.
Таң ата – күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл.
Сәске – күн шығып, арқан бойы көтерілген кез.
Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.
Тал түс – күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазықтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі.
Сәске түс – шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазықтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез.
Кешқұрым – күн батқан кез.
Түн ортасы – түнгі сағат 12.
Түн жарым – түнгі сағат 3.
Ат адым – ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең.
Елік адым – қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді.
Қарға адым – каңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең.


Қазақ халқы уақыт өлшемдерінің атауларын мифтік таныммен байланыстыра білген.
Көшпелі елдердің таным-түсінігінде уақыт үлкен рөл атқарады. Көкжиектің батыс жағы өлімді, ал шығыстан атып келе жатқан таң өмірді білдірген. Қазақтың "Таң атты" және "күн батты" деген сөздерінің астарында осындай түсінік жатыр. Мұнымен қатар, уақыт өлшемдерін қазақ халқы адам өмірімен байланыстырып, өмір мен өлімнің, жақсылық пен жамандықтың, жастық пен кәріліктің күресі ретінде сөзбен бейнелеген. 
Уақыттың түрлі үзігі көшпелілер үшін әртүрлі мағынаға ие болған. Бұл материалда бір тәулік ішінде қолданылатын қазақы ұғымдардың мән-мағынасын баяндаймыз. 
Қазақша тәулік мезгілінің атаулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет